Facebook-тағы ауру бала туралы скамдарды қолдамаңдар



Фейсбукта жиі көретін шығарсыңдар ауру балаға көмектесу үшін лайк бас деген сурет-жарнамаларды. Әр лайкқа Фейсбук 1 цент төлейді деп жазылады. Бұлар ешқандай да шын ниетпен жасалып отырған көмек емес. Фейсбук соншама жауыз емес қой, ауру баланың суретін ұнаттың деп ақша төлейтіндей.

Мұндай ақпараттар Скам (scam) деп аталады. Яғни өтірік, алаяқтық арқылы басқа нәрсені жарнамалау. Клик санын көбейтіп, өздерінің өнімдерін жарнамалау.

Егер ауру адамға шын көмек керек болса астында есепшоттары және басқа мәліметтері жарияланар еді.

Фейсбукта мұндай скамдарды азайту үшін спам ретінде хабарлап, рапорт жасап отыру керек.
Бөлісу:

4 пікір

a63a1
сонда менің кез келген статусыма немесе фотома лайк басылған сайын маған ФБ қарыздар болып жатырма?)))
ruben
кармосипағыштықтың бір түрі екен