Ерте-ерте ертеде...

Ерте -ерте, ертеде елді Нұрсұлтан билеп тұрған заманда, Ерасыл деген бала болыпты. Тіфу не жазып кеттім… елді әлі со кісі билеп отыр екен ғой.Ертесі нес?!

Ерте-ерте, ертеде, Ирби құйрығы келтеде… Тағы не деп кеттім.Ирбиі нес,құйрығының келтесі нес?! Общым, менен ертегіші шықпайды екен…
Әрі қарай

Орыс қыздарының есімі

Қазақ ат қойғыш халық.Оны әр сайттарда, әр форумдарда талқылап та дәлелдеп те жүрміз. Жер шарын демей-ақ қояйын, мүмкін Қазақстанды, мүмкін Қарағандыны тіпті тек менің басымды ғана айналдырып жүрген бір сұрақ бар.Ол орыс қыздарының есімі неге «А» және «Я» әріптерімен аяқталады.Мысала: Наташа, Наталья, Маша, Мария, Дарья, Даша, Саша, Ксения кете беред осылай…
Білетіндер орыста басқа әріппен аяқталатын 5 қыз аты бар дейді.Оның біріншісі «Любовь», ал қалғандары ше?
Әрі қарай

KZ домені арзандауда



Өткен апта поштама DNR.kz және Hoster.kz-тен .kz домені арзандағаны туралы хат келді. ДНРда 2400тг, ал Хостерде 2300тг екен. Хостерден алып көрейін деп Казком карточкасы арқылы алып едім, сөйтсем карточка арқылы 2000тг екен! Егер осылай арзанға алғыңыз келсе epay.hoster.kz адресіне өтіңіз, сол жерден тез алуыңызға болады.
Әрі қарай

Универсиаданың 6 медалі Азиаданың 70 медалынан артық



Сонымен Азиада да бітті. 70 медальмен бірінші орын алдық. Ел-жұрт қуануда. Қуаныштың да бір шкаласы болуы керек сияқты менің ойымша. Азиаданың қуаныш шкаласы Олимпиададан да асып кетті. Әлемдік бір жарысты жеңгендей болып қуандық. Неге? Менің ойымша халық спорттан сауатсыз, сондықтан болды осындай "үлкен" қуаныш. Кімдермен жарыстық, кімдерді ұттық? Корея, Жапония, Қытайлар қысқы ойындар бойынша әлемде бір салмағы бар ма еді? Хоккейден А тобына шыға алмай жүрген жапондарды ұтқанымызға қуануымыз керек пе? НХЛдан кейінгі мықты лига болып саналатын КХЛда ойнайтын Барыс хоккейшілері жапондарды шашып тастауы керек еді, олай болмады. Олимпиадалық спорт түріне жатпайтын допты хоккейден 3 құрама ғана қатысқан жарысты жеңдік, осы ма қуаныш? Биатлоннан оқтар тимей жатса да өздігінен нысаналар жабылыпты, осы ма қуаныш?
Әрі қарай

Ауылдағы төбелес түрлері

Бала төбелесі. Бұны жоғарғы класс оқушылары ұйымдастырады. Сабақ соңында өз бетімен қайтып бара жатқан екі баланы ұстап алады да «Анамен шығасың ба?» дейді. Олар «шығам» дейді.Осылай себепсіз төбелестіре салады.Себепсіз төбелесе саласың.
Әтеш төбелес.Әтешті (қоразды) басқа әтештермен төбелестіру жеңімпаз әтеш бірнеше жұмыртқа немесе бір тауық ұтуы мүмкін. Бұл жағдай үлкендер тарапынан ойналса арақ, ақша да тігіледі бәске.
«Ит төбелес. Күшік төбелесті әдейі ұйымдастырғанымызбен ит төбелес аяқ асты болады. Үй маңынан өтіп бара жатқан аттылының итіні үйіңдегі 4-5 итіңді айтақтатып қосып, соңын төбелеске ұластыру. Кейде бұл жағдай сенің итіңмен де ұшырасады. Сенің итіңе біреудің бес иті жабылады.
Құмырсқа төбелестіру. Қызыл құмырсқа мен қара құмырсқаны төбелестіру.Балалардың сүйікті ісі.(Осы тақырыпта Мағауиннің керемет шығармасы бар).
Әрі қарай

Оралу

Оралу. Өткенге оралу. Мектеп жылдарына қайта шолу жасағым келіп отыр.Оның өзінде бастауыш кластарға.Осы жерге бастауыш кластарда жаттаған (әлі ұмытылмаған)тақпақтарды жаза кетсек.
Нан қоқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар!
Әрі қарай

Сіздің ойыңызша мына қыз нешеде?

Поштаға келген сурет.Суреттің ғаламторға шыққанына да біраз болыпты. Бірақ мына түскен суретінде оның жасы 11 де деп көрсетілген екен.
Ал, мына жердегі суретте де сол қыз делінген.

ПыСы: Бұл суретті ілгеніме кешірім сұраймын. «Бірақ не үшін?» деген арам ойым да жоқ емес
Әрі қарай

Dabaileaks-4

Кешегі отырысымыздың есебін ұсынамын. Жаннаға жапониялық фотокамерасын сынап көруге рұқсат бергеніне рахмет.



Бұйыртса, ертең Астанада болмақпын. Кешкі сағат 19.00-ге дейін әзірге еш жоспарым жоқ.
Әрі қарай

Айналамның бәрі Азиада болып кетті...

Алматыдан Азиаданың иісі шығады. Дәлірек айтқанда алматылықтардың бойынан Азиаданың бір элементін көруге болады. Азиада басталғалы бері Азиада белгісі бар тоқылған бас киім, шалғы киіп жүрген жастарды көрдім.

Сонымен қатар көшеде қызыл киім киген Азиада волонтерлері де жиі көзге ұшырасады. Стадион маңында көк ту сатып тұрады. Көптеген алматылықтардың көліктерінен де көк туымызды байқадым. Өткенде көше ортасында бір жігіт туды желбіретіп жүгіріпжүргенін де көзім  шалған.
Сосын базарда Ирбидің суреті бар пакет ұстаған жандар. Әйтеуір айналамның бәрі бір сәтте Азиада болып кетті. Мүмкін Алматы көшесінде аз жүруім керек шығар :)
Фурмановтағы Орталық Мұражайда мынадай көрме болып жатыр екен. Жолай соға кетіп едім. Ол туралы Айжанәдемі фоторепортаж жасаған. Менікі жай әшейін түсірген видеоларды жинастыра салып едім.
пысы. көрмедегі заттар шынымен де әдемі екен. Бағалары да онша қымбат емес сияқты көрінді.
urimtal.wordpress.com/2011/02/05/%d0%b0%d0%b9%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%bc%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d0%b1%d3%99%d1%80%d1%96-%d0%b0%d0%b7%d0%b8%d0%b0%d0%b4%d0%b0-%d0%b1%d0%be%d0%bb%d1%8b%d0%bf-%d0%ba%d0%b5%d1%82%d1%82%d1%96/
Әрі қарай