Ауылдағы төбелес түрлері
Бала төбелесі. Бұны жоғарғы класс оқушылары ұйымдастырады. Сабақ соңында өз бетімен қайтып бара жатқан екі баланы ұстап алады да «Анамен шығасың ба?» дейді. Олар «шығам» дейді.Осылай себепсіз төбелестіре салады.Себепсіз төбелесе саласың.
Әтеш төбелес.Әтешті (қоразды) басқа әтештермен төбелестіру жеңімпаз әтеш бірнеше жұмыртқа немесе бір тауық ұтуы мүмкін. Бұл жағдай үлкендер тарапынан ойналса арақ, ақша да тігіледі бәске.
«Ит төбелес. Күшік төбелесті әдейі ұйымдастырғанымызбен ит төбелес аяқ асты болады. Үй маңынан өтіп бара жатқан аттылының итіні үйіңдегі 4-5 итіңді айтақтатып қосып, соңын төбелеске ұластыру. Кейде бұл жағдай сенің итіңмен де ұшырасады. Сенің итіңе біреудің бес иті жабылады.
Құмырсқа төбелестіру. Қызыл құмырсқа мен қара құмырсқаны төбелестіру.Балалардың сүйікті ісі.(Осы тақырыпта Мағауиннің керемет шығармасы бар).

— ішім аурып тұр
— анау өз үй жағында тұр ғой
— ағасына айтып қояд
— жабылып кетесіңдер
Жан-жануарлар айтағына келсек, кесірткелер күшті төбелеседі. Қызыл қырғын болады, хоррорссс
дәл! :)
Бір күні мен сабаққа бармай қалып еді, төбелестері болып кетіпті. Отыз балаға бес-алтау не болсын, таяқпен сабап кеткен ғой. Біздің кластан біреуі "Қазір үйге барып, шегесі бар бәтіңке киіп келем" деп жоқ болып кетіпті (аяқ киім дегенге осы еске түсіп кетті) :)))
Реванш сол күйі болмай қалды. Ертесі күні мен сабаққа барғанда, мұғалімдер бүкіл сексен бірлерді жинап алып, жақсылап тұрып пақанымызды танытты.
А класы аңқау
Сабағына жалқау дегендей әңгімелер болушыы ма еді?!
Ондай мазақтаулар болған. Бұрын Дәруішөлгенде ол фольклордың да жілік майын шағып тастап едік :))
«ананың тәпішкесі қатты. жалаң аяқ төбелесеміз» дейсің. көбіне қарсыласың бұл талапқа келіспейді (себебі оның да ішінен төбелескісі келіп тұрған жоқ)))