Жақында парақор мұғалімдерге қарсы бір сайт ашылыпты, естіген боларсыздар. Ол сайтқа Бүкіл Қазақстандағы жоғары оқу орындарында сабақ беретін, парақор мұғалімдердің қара тізімі жарияланыпты, сайттың ерекшелігі әрбір қарапайым сайтқа кіруші адам өзінен пара алған мұғалім туралы сайтқа жариялай алады. Мұны парақор мұғалімдер үшін керемет соққы деп бағалауға болады. Кім ашсада ЕРКЕК екен, барекелді!!! www.vzyatochnik.info/
17 наурыз күні суперлиганың 3-ші турында Ақтөбе өз алаңында тобылды қабылдайды. Ақтөбеліктер бұл күнді асыға күтеді. Осы дербиге байланысты фанаттар дайындаған превьюді ұсынамын:
Киіз үй туралы жазғанымда Гүлстан атты қыз өтініш білдірген екен. Енді сол қарындасымыздың яки апамыздың өтініші бойынша бесік жайлы сөз қозғасақ.
Бесік жайлы әркім әр түрлі пікір айтып жүр. Егер бесіктегі баланың бойы өспейтін болса еңгезердей бабаларымыз сәбіз жеп өсірді ме бойларын? Бесіктің бойға қатысы жоқ. Бесік ежелден келе жатқан мүлік болып есептеледі. Қазақтың ата салтында балаға бесікті нағашы жұрты әзірлеп әкеледі.
5 күндей Firefox-тан Google Chrome-ға өтіп, соны қолданып жүр едім. Үйреніп кетермін деп ойлағам. Бірақ, бүгін шыдай алмадым өзімнің Отты Түлкіме қайта оралдым. Сағынып қалыппын, ол да маған ренжіп қалғандай қарады :) Уффф, әйтеуір тура жолыма қайтып түстім!
Сіздер қайсысын қолданасыздар?
Блогкэмпта техникалық презентация, мастер-класс жасаймын дегендер осында өз пікірлерін жазса деймін. Асхат техникалық тақырыптарға арнап, бөлек зал сұрамақшы. Мұндай тақырып жүргізетіндер көп пе соны анықтау керек болып тұр.
Осы түкеңдер-ақ таяқ жейді де жүреді. Бұдан бірнеше апта бұрын Бешікташта екі қошқарррр..., кешіріңіз, екі капитанның басы бір қазанға сыймай, Тораманды ұрған Үзілмезді командадан аластатқан-тұғын. Ал кешегі аптада ұлттық құрамадағы ойыншы, «Айнтрахтта» доп теуіп жүрген егіздің сыңары Халил Алтынтоп командаласы Патрик Охстан таяқ жеді.
Үзілмезен "құтылғаннан" кейін Бешікташ жеңіспен жылап көрісетін болды. Үзілмез кеткелі тек Антальясорды ғана жеңе білген «бүркіттердің» жанкүйері бұл сәтсіздікті Ибрахим Үзілмездің кетуімен байланыстырады.
Бешікташ билігіне деген өкпесі қара қазандай Үзілмез де ішінен «сауап» деп жатпаса неғылсын…