Блог құрылтайдың бейресми ашылуына келесің бе?


Ербол, Батыр (Стамбулдан келген), Саттар (Лондоннан келген) төртеуміз жаңа кеше осы кафені ресторанды көріп қайттық.

Жұма күнгі кешкі таныстығымызды осы жерден бастайық, инш!



Сонымен, Блог құрылтайға қатысушы блогшылар, сіздерді жұма күні сағ. 19.00-де Төле би мен Байзақов көшелерінің қиылысындағы «KERMES» кафесінде күтеміз. Бейресми таныстығымыз осы жерден басталсын!








View Kermes in a larger map

пысы. Бейресми ашылуда «Блог құрылтайды қалайша жақсы өткізе аламыз?» деген сұраққа жауап іздейміз :)
Бөлісу:

43 пікір

Abilakim
Сендердің,Құрылтайдың құрметіне пойызда отырып 19.15 те қымыз ішуге рұқсат па?
patick
ЖОҚ, болмайды! Тек қана арақ, тек қана арақ!
Aikona
Баклава үшін міндетті түрде келем деп па :))))))))))) Алла бұйыртса 3- ақ күн қалды.
Nurgisa
Бұғыны аядым :((( Денесі дуалдың ар жағында қап қойған ба?
19852407
Мен бара алмайтын болдым((((
Abilakim
Онда Алматы сені құшағына ала алмайтын болды(((( Мен де…
19852407
ия, Алматы бауырына баспайтын болды биылғы көктем((((
19852407
Құрдас, экс-кездесуліктермен көрісе алмасақ да,
сәуірдің екінші жартысында
ай жүзіңді
не сахнадан не сахнаның артынан
көріп қалармыз)))
Abilakim
«Сәуірдің екінші жартысында Оралға бармаңыз» деп жатыр жұлдызжорамалшым…
19852407
ия,«тұзың жеңіл» екен ғой
«Битва экстрасэнсовтан» шыққандарды тағы шулатып жүрерсің)))
19852407
Қолға алған істеріңіздің берекетін берсін! Жақсы жиын болатынын ішім сезііп отыр, еһһ!..
Abilakim
Көрмес «Керместі» де көрмес дегенді ұстанып, картасын да салып қойыпты
edige
Қырсық шалып 18 нен бастап 1 айга іссапар белгілеп койып СЕМІЗ БАСТЫҚ қынжылтып койды.
Мұндай жиын кунде болмайды гой. ӨКІНІШТІ
urimtal
айтпақшы, Алматыда күн суытуы мүмкін деген болжамдар бар. Келмес бұрын күн райын бақылай жүріңіздер.
Abilakim
күнді білмедік… Жер сілкінсе деген қауіппен каскамды ала салдым.Басыма кірпіш түсіп кетсе дегенім ғой
omarbirat
Бүгін түнімен қар қалың жауған. Қазір күн жылы боп тұр. Алдағы екі-үш күн қар еріп, көшелер көлдеп жатуы мүмкін болғандықтан, резеңке етік ала келудің де сөлекеттігі жоқ сияқты :)
Nurgisa
Төле би көшесімен келе жатып, улица Толе Биге жетпей, Байзақова атындағы көшеден солға бұрылу керек екен ғой. Есеп айырысуға тиын-тебен жетпей жатса банк та жанында екен, ҚазЛото да… Жақсы ойластырылған жер ме деп қалдым :)

Алматылықтардың ұйымдасқандығы кезекті мәрте тәнті етеді! Алла разы болсын.
Omarbek
Тіркеліп едім, бірақ тізімде жоқпын. Не істеу керек?
Abilakim
Чернышевскийді оқы
Abilakim
Ұйымдастырушыларға хабарлас, кешігіп қалмағаныңа көзіңді жеткіз
Nurgisa
Әбеке, Омарбек ескі керекинфошылардан :) Қазақтың маңдайалды химиктерінің бірі. Чернышевскийді артқа қарай үш мәрте сальто айналдыртып жіберетіндей адам ол ;)
Мұның бәрін не үшін айтып отырмын, Құдайым-ау…
Abilakim
Шырамытып отырмын…
Abilakim
Жазысы бөтен екен. "Әй, осы химик па, физик па"- деп ойлап қоям
edige
"Қонақтарды күтіп алу" тақырыбында байланыс телефондарға хабарлас оңайы
Omarbek
Хабарластым. Рахмет. Келуге болады екен :)
Nurgisa
Күшті! Қуаныштымын. Жақсы күндерде дидарласайық!
kazprose
Амандықпен жүздескенше!
timurrr
Tamasha! Allah kalasa baryp kalarmyz… Asekene myn algys!
talgatjez
Ерекең екеуміз келеміз. құрылтайдың бір бөлімін дебат түрінде өткізсек деген бір пікірі бар Еркебұланың (debatekz.wordpress.com) Қалай қарайсыз?
monti
терең тыныс алайық)))
О ля/ля 1/ақ күн қалды ;)
тусовка басталды!!!
asaubota
Ақтөбеден ErNur келетін болды, жаңа билет алыпты. Ақтөбеден келетін жалғыз адам сол шығар, 19-ы күні түскі 12-00де түседі.
ErNur
1-ші Алматыдан алла қаласа
Abilakim
Жақсы адамдардың бәрі Алматы-1 ден түседі екенбіз ғой))))
urimtal
тауып келе аласың ба?
balzaminka
бара алмай жатсам ертесіне қайда және нешеде болу керек екенін айтып кетсеңіздер алғысым шексіз еді
urimtal
KIMEP, таңғы сағ. 09.30
balzaminka
Рахмет!
satibaldi
Сариге оранған тайфун… ық-ық…
balzaminka
Сол сари киіп жасайын ба деп ойлап отырм ше презентацияны, бірақ… :)