Парақор мұғалімдерге кеткен есеңіз бар ма?
Жақында парақор мұғалімдерге қарсы бір сайт ашылыпты, естіген боларсыздар. Ол сайтқа Бүкіл Қазақстандағы жоғары оқу орындарында сабақ беретін, парақор мұғалімдердің қара тізімі жарияланыпты, сайттың ерекшелігі әрбір қарапайым сайтқа кіруші адам өзінен пара алған мұғалім туралы сайтқа жариялай алады. Мұны парақор мұғалімдер үшін керемет соққы деп бағалауға болады. Кім ашсада ЕРКЕК екен, барекелді!!! www.vzyatochnik.info/
бұл жерде үлкен сомадағы технично ақша істейін деп жатқан госзакуптарды шығарады.
Пара алушылар сұрамаса да береміз өзіміз үшін. Бұл жерде тек мұғалімдер жайлы ғана емес, жалпы айтам. Сырттай оқушылар үшін пара беріп оқудан өзге амал жоқ шығар. Толық сессияға қатысу мүмкіндігі болмайды, жұмыстан босатпайды т.б. Ал ашық ақша сұрайтын мұғалімдер де бар әрине. Реферат, курстық жұмыс, диплом жұмысын тек СОДАН сатып алу қажеттігін ашық айтады. Сосын көбіне шағымданатындар нашар оқитындар, мұғаліммен ерегісіп қалғандар, оқудан проблемасы барлар. Мысалы, жұмыс күні срочно бір құжат алу керек болды делік. Әрине 1-2 мыңдық ұсынып алу керек болады, кезек күтер шамаң жоқ. Не таныс іздейсің. Тағы мысалы больничный бюллетенді де сатып алуға болады. Кей ауруларға больн. лист ашпайды, ал емделу керек. Т.с.с. (өз ойым).
Саммита дұрыс айтады. Сырттай оқу деген-екі мәрте жемім беретін ағаш тәрізді болу. Жылына екі рет келіп мұғалімдерді қуантып тастайсың
неге парақорларға түсіністікпен қарауымыз керек сонда, жемқорлыққа біздің етіміз үйренгендігі соншалық оған жәй нәрсе ретінде қараймыз. егер біреуіміздің жоғары билікке қолымыз жете қалса, қарбып қалудан арланбаймыз, бұл нағыз қасірет.
«Парақорлыққа „иә!“ дейік, one sheep алып қоятынымыз бар!»-деді Ол сонда. ©Евангелие от Амандық, стих 73:11
Ашуланбаш нақ, өзіміз ғо.
қыстың қаттылығын пайдаланып түні бойы түсірген 3 вагон көмірдің ақшасын бере салу оңай ма?
алушы ғана емес, беруші де қылмыскер біле білсеңіз.
Бұның қай жерінен әзіл таптың? президент деген жері ме әлде бауырым деген жері ме? Бауырым деген сөз кемсіту де,іні ету де емес менің білуімше. Қабылдау деген сөзді әзіл деп ұқтың ба? Көкейіңде сұрағың бар екен, қабылдауына жазыл да кір. несі күлкілі? Әлде, бізде «президенттің қабылдауы» деген ұғымның өзі күлкіге айналып кеткеннен сау ма?
3 тілде еркін сайрайтын, өзі кітап жазатын, 5 баласы бар адамның, керемет бастықтың (қол астындағыларға керемет жанашырлықпен қарайтын еді) мұндай қылыққа баруы үшін де бір себеп болған шығар. Негізі кешірімшіл болыңдар дегім келеді.
Бәсе, пара алмайтын адамды елестете алмай отыр едім. Одан да, алғашында қалай алғаныңды, қаржыпол мен чекисттерге қалайша қолға түспеу керек, содан бір базына айта отырсайш.
Меніңше дінге бет бұруымыз осы мәселелерді шешпек. Бірақ исламға бет тұрып, Қазақстандағы халықтың 77 пайызы — мұсылмандар парақорлыққа жоламайтын болды делік. Ал басқа діндегілер ше? Оларды да хақ дінге кіруіне итермелесек, біздің қазіргі саясатымызға қарсы. Ал парақорлықты жоюымыз үшін бүкіл қоғамның ислам дінінде болуы шарт.
Қарап отқанша дабайлап отырайын
«Санасы жоқ адам дінді не істесін» депсіз. Демек санамен жұмыс жүргізу керек қой, ә? Ал дін міне сіз айтқан санамен жұмыс жүргізеді.
шешессссс десей :)
Не істеу керек, қалай бұдан арылуға болады деген үлкеееен сұрақ туады.
Әрине, оңай жолмен құтылуға ұмтылу — жаратылыстану заңы, өмірдің ішімізге салып қойған программасы. Электр де кедергісі аз тізбек болйымен ағып өтуге тырысады; мысалы, 0,5 л. арақты стақанмен ішіп тауысып жарысқан кезде — әрине,50 мл. стақанмен ішетін адамды 100 мл. стақанмен ішетін адам басып озады.
Меніңше, Сіз парақорлыққа қарсы шыға отырып — Құдайға қарсы шығып отырсыз.
Күш ағынының кедергісі аз тізбекпен ағып өтуге ұмтылуы — табиғат заңы. Табиғатты — Құдай жаратқан. Ендеше парақорлыққа қарсы бола отырып — Құдайдың кәріне ұшырайын деп отырсың тап мына сен.
Мұғалімдер тасада СМСпен оқ жаудырып, іштегі бала блютузбен сұрақ беріп, жауап алып. Биыл жана дамыған технология да келеді ау. Ал сондағы мұғалімнің ұтқаны «Мектеп рейтингі», Оқушыға «Грант»
Әрешкі кемірмекке үйір болды.
Бір сіздің тіліңізді таппай жүрсем,
Қырғыздың тілін табу қиын болды…
сонымен не болды деп ойлайсыз?
қатардағы мұғалім, сол тексерудің ертесіне сол кафедраның меңгерушісі болып тағайындалды. Аты-жөні рейтингтің басында тұр. қазір Профессор Агибаев, құрметті мырза! Қызы Алматы қалалық сотының судьясы. Шекесі шылқыған май. СОЛАЙ!
қазір параны оңға да, солға да шаша саламыз
* * * * * *
-Сен, сен, сен прокладка алып кел. 16 нан қалдырмай… елестеттім… сұмдық
компьтермен жазылған парақшаны группа старостасына береді екен, сосын студенттер жиналады алып беру үшін, әйтпесе зачет қоймайды
Бұл жерде айтайын дегенім, М. Қозыбаев деген тарихшыларың жазған кітапты оқу әлі аздық етеді. Парақорлық негізінде гүлденген мемлекеттер бар, айталық — Мысыр, тіпті «бакшиш» деген де түсінік болған, ол — парадан алынатын салық.
Осы парақорлық жүйе дұрыс сияқты жама'ат, тыңдамаңдар мұны!!!
— Еңіреп армияға кетіп бара жатқан бала
— Армияға бара алмай, гослужбаға жұмысқа тұра алмай жүрген бала
— Оқуын бітіре алмай жүрген студент
— Штраф төлеуден үйіне тамақ алуға ақшасы жоқ көлік жүргізушісі
— Емханаларда ұзын кезектер, ауруханаларда Құдайдан ем немесе сабыр тілеген аурулар
— Түрмеге кетіп бара жатқан қылмыскер
мәселе тек қана иманда емес, ең алдымен ұят керек, адам тіпті атеист болса да ең болмаса өз өзінен ұялмауы керек. мысалы түріктерді алайық, мен сол елде 7 жыл оқыдым. неге 7? оқуымды бітіре алмадым. өйткені мұғалімге пара туралы тіпті намек та тастауға болмайды, ең аз жаза — 6 ай оқудан шығасың. және мұғалім де өз атына кір келтіргісі келмейді, жаман маман шықпауы үшін ол алдымен дұрыс оқып, бітіруі керек. міне осындай менталитет болса бізде де парақорлық болмас еді. дипломды шынымен білімділер алар еді. ал қазір қызылмен бітірген топастар толып жүр. мемқызметкерлердің көпшілігі топас адамдар, әсіресе жастары.
kiwi.kz/watch/egkjs621i51n
Көзі кетсе қайтсін ол, көз көрмесе…
Екі жүзден көп бер деп сорлатпаған,
Мықты екен бұл дағдысы өзгермесе.
Заңды бұзсаң екі жүз алам дейді
Күтіп отыр қатын мен балам дейді
Қазақтың бір сөзін бетке ұстадым
«Дәніккен құныққан жаман» дейді
Пара болмаса:
1) Армияда сандалып, бастықтардың қара жұмысын істеп жүрмейсің. Әбіләкім сияқты ақша ешкім тартып алмайды )). Дедовщина болмайды. Ондай армияға барғысы келетіндер көбейеді.
2)Пара болмаса мемлекеттік қызметке асықпайды, айлығы соншалықты көп те емес.
3)Оқуын бітіре алатын студенттер ғана оқитын болады.
4) Пара болмаса елдің жағдайы жақсарады, штраф төлеу аса қиын бола қоймайды, ереже бұздың ба төле. Ол ережелер жай жазылған жоқ, жолда адам өлу қауіпі бар.
5) Қазір пара болғандықтан емханаларда кезектер аз болып тұр?
6) Енді қылмыскер түрмеде отырмағанда қайда отыруы керек?
ПС: Саммита, Таңғы шайді іштім, он бірде ішпейміз))
:)))) түрмедегілердің бәрі шынымен қылмыскер деп ойлайсың ба сонда?
«Коммунизмге бара жатырмыз» деді ма біреу арттан. «Ленин ата біз ұлан, сенен туған шат ..»
«Армияға бара алмай, гослужбаға жұмысқа тұра алмай жүрген бала» армияға бара алмасада өмір тоқтап қалмайды, істейтін адамға жұмыс көп ең бастысы адал жолмен өмір сүру.
«Оқуын бітіре алмай жүрген студент» бұл мүлде жаңсақ пікір мұғалім пара алмаса студентте оқуға мәжбүр болады.
«Штраф төлеуден үйіне тамақ алуға ақшасы жоқ көлік жүргізушісі»
Жол ережесін бұзбасаң кім саған штраф жаза алады, өз қазір өз құқыңды қорғауға әбден болады.
«Емханаларда ұзын кезектер, ауруханаларда Құдайдан ем немесе сабыр тілеген аурулар»
ал пара беруге жағдайы жоқтарды не істемексің сонда?
«Түрмеге кетіп бара жатқан қылмыскер» қылмыскер болса түрмеге бармай қайда барады.
Бұл жерде «алу/беру керек пе, емес пе?» деген сұрақ емес, парақорлықтың алдын қалай алуға болады деген сұрақ талқылану керек секілді. Қазір онсыз да «парақорсың, жемқорсың» деп бас бостандығынан айырылып жатқандар жетерлік. Солардың бәрі бірдей жемқорлар емес немесе олардан да зорлары бостандықта жүр. Кейбіреулері әлдебіреулердің ойынының кесірінен «подставаға» ілініп кетіп жатыр.
Айтайын дегенім, жемқорлық жақсы ма жаман ба деп ала таңнан кешке дейін бос сөз айтқаннан немесе сен жемқорсың деп кінәлап түрмеге жапқаннан жағдай өзгермейді. Электронды Үкімет жобасы секілді мәселені кешенді түрде шешетін технологиялар керек.
дегенді былайша оқуларыңызды сұраймын.
Айтайын дегенім, жемқорлық жақсы ма жаман ба деп ала таңнан кешке дейін бос сөз айтқаннан немесе сен жемқорсың деп кінәлап түрмеге жапқаннан жағдай өзгермейді.
Мына сөзіңізге қарағанда жақыныңыздың бірі жазықсыз жапа шеккен бе деп қалдым. не үшін олардың бәрі бірдей жемқор емес дейсіз.
Жемқорлық дұрыс па бұрыс па деген әңгімені қозғамасқа менің де шарам жоқ, үйткені оны дұрыс деп санайтындар да, арамызда көптеп табылды. Мысалы сен де солардың қатарына қосылайын деп тұрсың. мен оларға жемқорлықтың қоғамдық дерт екенін жеткізуге тырыстым.
Сендейлерге сөз шығын…
Сенің анау өзімшілдік жайлаған миың мені саған діндар етіп қабылдатыпты. (Хотя, мен мұсылман болмақ түгілі, сол исламды қазақтың төл діні деп санамайтынның бірімін. Әркімнің өз сенімі өзінде ғой, діндарсың деп сыртымнан тон піше берген соң жазып жатқаным. Сонау бір жазуларды ерінбей оқып шық, өзіңнің адасқан ойыңнан өзің шатасып, мені тақуа деген болатынсың)
Сонау бір жазуларда менде кеткен есең болып жұдырығыңды түйіп жүрсең «жекеге» жазып басыңды ашып алмайсың ба, көрінген жерде аяқтан шалмай. Әлде кімнің не жазу керектігін електен өткізу сенің еншіңдегі нәрсе ме?
Анау сен араша түсіп отырған Сержаның өз сұрағына жауабын алды. Мен әр сөзіме дәлелді түрде жауап бере аламын:
«Жүйеден асып кете алмайсың» дегенім, «анау пара алады, мынау береді» деп ештеме өзгерте алмайсың дегенім. Анау сайтта адамдар аты шұбырып тұр, одан не өзгереді? Сол адамдар аяқ астынан өзгеріп кетеді дегенге сенесіңдер ме? Ұйымдастырушылар сайт арқылы соларды ұялтамыз деп ойлайтын болса қатты қателеседі. Финпол мен КНБ тіміскілеп жүргенде жемқорлыққа барып жатса, қайдағы бір сайттың мәліметін не қылсын. Бұл бір. Екіншіден ол тізімге ешкімге зияны жоқ адамдар да еніп кетуі мүмкін. Кез келген ерігіп отырған студент өзіне ұнамайтын мұғалімінің аты жөнін енгізе салуы мүмкін. Оны жоққа шығара алмайсың. Сонда бұл сайттан эффекті қандай? Ноль! Яғни, бұл подходтың берері жоқ. Неге? Себебі, жүйе сондай. Яғни, білімді қадағалайтын субъекті – тірі адам, оқытушы. Ол оқытушы ұнамайтын студентін сұрақтың астына алып сүріндіре де алады, болысқысы келген студентті ілекерлеп сүйреп те алып шыға алады. Қолында сондай өкілеттілік бар. Әлгі оқытушыға барып сен жемқорсың дегеннен ештеме өзгермейді. Ол қызармауы да мүмкін, тіпті айтқан адамды соттатып та негізсіз сөйлегені үшін жібере алады. Қаншасы сотталып кетіп жатыр, басқалары содан қорқып қалып жатыр ма? Ақыр соңында, билік оларды шетінен ұстап алып қамай да алмайды. Олай ететін болса білім саласында адам қалмайды. Сондықтан да, бір шешім парақорлықпен күресудің тәсілін өзгерту керек. Қалай, ол туралы әңгіменің шет жағасын өзімнің екінші пікірімде білдіргенмін. Бірақ, анау топастың «сенің ағайының типа незақой косякқа кірді ме? Сен парақор/пара бергіш қатарына қосылғалы тұрсың» деп елсіз далаға қуғанына қырсығып жалғастырмай қойғанмын.
Электронды үкімет аясында енгізіліп жатқан кейбір жобалар жемқорлықтың кейбір түрлеріне кәдімгідей тосқауыл қойды. Атап айтқанда, электронды мемлекеттік сатып алулар порталы www.goszakup.gov.kz: тендерді өткізудің электронды тәсілі арқылы тапсырыс берушінің (мемлекеттік қызметкердің) өкілеттілігін едәуір шектеді, тендердің ашық өтуіне жағдай жасады. Сол секілді мемлекеттік органдар беретін құжаттар: қызмет түріне берілетін лицензияларды, мүлікке және жеке басқа қатысты анықтамалардың көпшілігін жаңа технологиялар арқасында ешқандай бөгетсіз аз уақыт ішінде алуға мүмкіндік туды. Мысалы, өз басым, жері жоқ, жылжымайтын мүлігі жоқ деген анықтаманы бұрындары БТИдан ала алмай қаптаған шереттерде апталап жүретінмін. Қазір e.gov.kz сайты арқылы тапсырыс беремін де, дайын құжатты тиісілі мекеменің Кеңсе бөлімінен еш кедергісіз ала аламын. Яғни, менің тапсырысымды орындаушы маман мені көрмейді, сәйкесінше маған қосымша талап қоя алмайды. Мені ығыстырып қойып «өз адамдарының» жұмысымен айналыса алмайды, себебі сервер менің құжатымның заң аясында орындалуы керек мерзімін ол маманға міндеттеп қойған. Дәл осы секілді салық есептілігі де электронды түрде тапсырылады.
Ал, нақты білім беру саласындағы парақорлықпен күрестің тәсілі ретінде оқытушыларды білімді қадағалаудан алшақтату керектігін айтар едім. Яғни, оқытушы тек білім беруі керек, оны тексерумен айналыспауы керек. Тексерумен арнайы орталықтар, студентпен байланысқа түспейтін жағдайда айналысуы керек. Мысал ретінде, ҰБТны алуға болады. Әрине, ҰБТның дәл қазіргі форматы идеалды деуге болмайды, тесіктері көп. Көпшілік соны пайдаланып ебін тауып жатыр. Бірақ, МОН РК шындап жұмыстанса ол тесіктерді де жабуына болады. Бірақ, әлдебір күштер оны жасатпай тұр. Естеріңізде болса, МОН РК жыл сайын ҰБТ ны жетілдіреміз дейді де басылып қалады. Елестетіп көріңіздерші, дәл қазіргі жағдайда (халық парақорлыққа еттері үйреніп кеткен кезде) ЖОО түсу үшін бұрынғыша ауызша емтихан қабылдаса не болар еді? Парақорлықтың көкесін көрер едік. ҰБТда біреулер аяқастынан жоғары балл алып кетуі мүмкін (жоғарыда айтқандай «тесіктердің» кесірінен), бірақ, ешкім де біліп тұрған баланы шеттете алмайды. Біреудің интересі үшін екіншісін «құлатып» тастай алмайды. Өз тәжірибемнен білем, түк білмейтіндердің ішінде менен жоғары балл алғандар да болды, бірақ мені білгенімді ешкім шегере алмады. Соның арқасында тегін білім алдым.
Сөз соңында айтарым, Гастарбайтер, сен анау топастың маған аға болып келетініне сенімдісің бе? Сені танымаймын, тануға да құлқым жоқ. Маған сенің жеке басың емес, пікірің құнды. Бәрін қоя салғанда бұл блогауылдың мақсаты да сол — ой алмасу. Дәл сол секілді менің жеке басымның әңгімесін өзіме қалдырсаңдар қалай болады?
Khan сабырлы болғаныңыз дұрыс
Құрметті қауым егер білмейтін сұрақтарыңыз болса мына кісіге қойсаңыздар бұл кісі жауап береді сіздерге, шын айтам. бұл кісінің білмейтіні жоқ. бұл кісі әуелдесеңіз элетрондық үкімет сайтынан қалай анықтама алуды да біледі екен, мәссаған мына кереметті қараңыз, қандай керемет талант демейсіз бе, анау мынаудың қолынан келмейді бұл, бірақ сіз бұл кісінің ашуына тиіп жүрмеңіз, егер ашуына тиіп қалсаңыз, анау миының қалтарынсына сақтап қойған боқтық қоймасын сізге қарай бірақ ақтарады, сақ болыңыз.
Жалпы болайын деп тұрған бала, түбінде бір жерден тесіп шығады.
Самооценкаң жынды екен, не болса да. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры деген», бәрі де сол өзіңді көктен түскен періштедей қорығаныңнан басталды. Мұнда не айтсаңда басын шұлғи беретін мектеп оқушылары емес, өз ақылы өзінде адамдар отыр.
Менің қай боқтығым саған тиіп кетіп жатыр? «Бұтағымды шайнама» деген бе? Одан не жамандық көріп тұрсың?
өзі сондай кішпейіл бала екен мына бала
Тоже қате жазып отырсың. Сен менің туған жылымды білмейсің. Ал, мен сенен үлкен екенімді білемін. Ақиқатына жетпей жазып отырсың.
атын Хан деп қойыпты (жаман йттің атын бөрібасар қояды)
Аты дегенің НИК болар. Хан дегенде не болады екен? «Жақын жатырмын ғой, бірінші келіп мені қырып кетер» деп өлердей қорқатын ханзуларға еліктеді десең қателестің бауырым. Әйтпесе, Хан деген сен приколдайтын атау емес. Тек, тексіз ғана оның мағынасын түсінбеуі мүмкін. Ақыр соңы ник туралы әңгіме басталды екен, сен былай етсей: Жеке куәлігіңді ал. Алдыңғы бетінің төменін қара. Сержан деген сөз латынша терілген болуы керек — SERZHAN. Уооот! А то, жығылып жатып сүрінгенге күлдінің реті келіп қалып жатыр
Талдықорғанның ауылды жерлерінде мұңғұлдан келген кірмелер көп болатын еді,
Ал мен монғол емес Қытай болсам не істейтін едің айтшы.
Ал сенің қызбалығыңа қарап сені бала дегенім ғой!
Шындық көзді қариды (Правда глаза колит дегенді аударған түрім) ма? :-)
Бергісі келмеген бермесін.
Бергісі келген берсін.
Сондықтан келесі абзац үшін кешірім сұраймын.
Жер басып жүруге толық құқылы дұрыс, жарамды адамдарға небір оңбаған диагноз қою себебім, олардың түбінде бір тәуір адам екендігіне деген үмітім еді, алайда табиғаттың қателікке бой алдыруынан әлде заочник ғалымдардың сәтсіз экспериментінен пайда болған сүтқоректіге өзімнің аса тәкаппар, адамгершіліктен жұрдай жоғары мәртебемнің назарын аударып, ерекше тоқталғанды жөн көрмей отырмын. Сондықтан текетірестің Сатыбалдылық стратегиясын қолданып, «шынтағымды жеме!» деуге мәжбүр болып отырмын.
Не істеу керек, қалай бұдан арылуға болады деген үлкеееен сұрақ туады.
Пара негізінде де өте күшті мемлекет құруға болады, аздап тарихтың тасақ беттерін аударсаңдар нетті? Міне, Рим консулының хатынан:
Бұл жасырын хат емес, сол кездегі саясат өнері туралы ашық кітаптарда болған мәлімет. Яғни кез келген Рим азаматы консулдың орнын тиынға сатып алуға болатынын білетін болған. Бірақ бұл Римнің әлемдегі ең қуатты мемлекет болуына еш кедергі болған жоқ қой?
Жүре беріңдер солай реферат көшіріп, бабасстар кілең, жұмыс істегіміз келмейд десеңдерші, жүйені кінәлап, ісегімді жегенше.
Боря оларға 50 000 беріп, шығып кетті. Пайда — шаш-балақтан! Себебі:
-Майордың әл-ауқаты артып, ол енді 500-1000 теңге параларға пысқырып қарамайтын да әділ болады;
— Боря үйінің асыраушысы боп қала береді. Себебі ол төрт жыл отырғанда, мемлекет жанұясына жәрдемақыға айына бала басына 14 000 тг. есеппен 672 000 теңге шығын болар еді;
— Боряны түрмеде 4 жыл ұстау күніне 1200 тг. есебімен 1 756 800 тг. болар еді мемлекеттің қалтасына;
— Боря кәсіби шыңдала түседі, тактикалық машықтары кемелдене түседі.
— Азаматтың жеке ісіне түрмеде отырды деген таңба түспей, оның болашақта депутат, мәслихат төрағасы, президент болып сайланып, үлгілі адам болу мүмкіндігі қалады.
Осындай шаш етектен келетін пайданы түсінбейтін рефератпен сусындаған найсаптардың миына қарапайым арифметика қашан қонар екен!!!
Ауылда жанын әрең бағып отырған қарапайым отбасы, баласының сессиясын жабу үшін өзінің жалғыз сиырын сатқанын талай естігенмін. Ал солардың бала шағаксының аузынан жырып берген ақшасын мына сен сияқты имансыздар алуға еш арланбайды. Өйткені сенің көзің байлық ақшадан басқа ештеңе көрмейді. жанашырлық, мейірімділік деген сезімдер сені не ғылсын бейшара!!!
Байқаймын, пара сияқты құдайдың ісіне қарсы шығып, өзіңді көрсетіп қалуға тырысатынға ұқсайсың! Байқа, байқа, Аспан Әміршілерінің көзі үнемі ашық, төбеңнен 25 мегаваттық нажағай түскенде, «Уа Зевс, менің кінәм қайсы?» деп, өтірік жәутеңдеп жүрме!!!
Әлде кірпіш басып, оны сатып қара жұмыспен ақша табуға ерініп, кресло-кабинетке қалай да жетсем деген сезімдер ме екен?
Пафосты қолданғанда да жарастырып жазу керек шығар?
Ал пара алмайтын адам — саяжайдағы демалыста абайсызда кісі өлімі болса, қоқы төгіп келейін деп, қашып кететін әлжуаз адамдар сияқты. Жалғыз өздері таза боп қалғысы келеді, достарын сатып кеткені қаперіне де кірмейді.
Бір гай кешке қонаққа барып, үйіне қайтып келсе, әйелі көзіне щөп салып жатыпты, әйелінің ашынасы дереу шкаптың ішіне тығылыпты, гәй үйге кіріп әйелінің қимылынан күдіктеніп:
-үйде бөтен еркек жоқ пап? қарап көрейін — деп іздей бастапты. Ол төсектің астын қарап: «мұнда жоқ екен» депті.
Терезе перденің артын қарап «мұнда жоқ екен» депті.
Шкаптың ішін ашып қалғанда; әлгі еркек 100 долларды әлгі гайге ұсыныпты.
сонда гай: «мұндада жоқ екен» деп ақшаны қалтасына салып шкапты жаба салыпты.
Гайлер парақорлардың прототипі, ол үшін ең бастысы намыс емес ақша болып тұр. бұл тек мысал ғана бірақ парақорлыққа берілсең осылай намысыңды да құрбан етесің.
Қабірші үйіне келсе, әйелі дүрсе қоя беріпті:
— Қақбас, албасты, ит-шошқа! Үш ай болды ғой, әлі айлық әкелген жоқсың!
— Енді қайтем адам өлмей жатса? — деп кемсеңдеген екен сонда қабірші.
Пара ала алмасаң, осындай қайыршының күйіне өміріңді құрбан етесің.
Сатыбалдының сөздерін басында ажуа ретінде қабылдайтынмын. Қазір оның прақорлықты жан тәнімен қолдайтынын байқадым, сондықтан серйозна сөйлесе бастадым.
" Шура! Не делайте умного лица! Это Вам не идет. Умное лицо, это еще не признак ума! Все глупости на свете делаются с серьезным лицом!" © Остап Бендер
Орысшалағаныма кешіріңіздер, аударса сөздің дәмі кетівқалад
Мельбурн аэропортының күту залында «Delites-O-Matic» автоматы пайда болды. Автомат таблоға тапсырмаларды жазып шығарады, егер соны орындасаң тегін печенье береді. Ең бірінші автомат батырманы 100 мәрте басуды сұрайды, одан ары қарай қызықтар жалғасады.