Мақсат күлдіру емес

Алдында Крис пен Олиден сұрағанбыз сіздер флудпен, троллингпен қалай күресіздер деп. Олар негізі сұрақты түсінбеді, яғни ондай мәселе жоқ деді олар. Оларда өйткені бір қолданушы этикасы бар, басқаны сыйлау, басқаның ойын сыйлау түсінігі бар. Ал бізде өкінішке орай бұл әлі мәселе болып келе жатыр. Мақсат басқаларды күлдіру сияқты болып тұрады. Күлу, күлдіру әрине жақсы, Құдайға шүкір күлдірткіш таланттардан кенде емес екенімізді де көріп жүрміз. Бірақ, осыны азайтсақ қайтеді? Күлкінің де реті бар ғой, күлдіруге, күлуге арналған посттар да жетіп жатыр. Салмақты тақырыптар, каменттерді де әрі қарай келеке, мазақ қылып кетпесек қайтеді? Одан да сол тақырыпта жақсы ойымызды жазып, басқаның ойына да құрметпен қарасақ жақсы емес пе? Бұл жерде бәрі бір ойда болуы мүмкін емес қой, пікір жазу, пікірталас та сол үшін емес пе адамдар салиқалы пікірталас жасаулары керек. Бұлай кете берсек сайтымыз арзан сайттардың бірі болып кетеді.

Мен өзім бұндай дінге қатысты мәселелерге сауатсыздаумын. Бірақ сопылардың мемлекеттік билікті қолдарына алмақ болған ниеттері ерекше назар аудартты. Қазір зікіршілердің лидері Исматтула (суретте) мен оның бір топ серігі сотталып жатыр. Ауыр қылмыс және аса ауыр қылмыс баптарымен айыпталып жатыр. Соның ішінде, адамдарды зорлап оқыту, қорлау, кісі өлімі, адам саудасы секілді оқиғалар бар. Зікіршілер Құдайға арналған мадақтау әндерін бірінші орынға қояды екен. Ал намаз екінші орынға қойылады. Ән салғанда жынды адам құсап селкілдеп отырып айтады. Әрине, бұлар секта.
Атыраулық Travotah ака Стелс пен ақтаулық Skif бірігіп микстэйп шығарды. Өзіме ұнаған біреуін назарларыңа ұсынамын. Әсіресе, басқа қалада тұрып ауылын сағынып жүрген батыстықтар үшін маңызы болар деп ойлаймын :)
Пастының басын тіспен жұлып алып, пастысы біткен досыңа үріп сия құясың. Бензіні біткен мәшинеге бензін бергендей… Отырасың сосын аузыңның маңы көкала сияланып…