Бензіннің летірі 18 теңге...

"Қай жақта?"-деп отырған жеріңізден атып тұрмай-ақ қойыңыз. Баяғыда, жайлауда естіген әңгімем ғой бұл. Үлкендер өзара әрнені қыртысып отыр. Бір кезде біреуі«Бензіннің летірі 18 теңге болды, 20-ға барғанда жаяу жүретін шығармыз...» деді. Содан бері әжептеуір уақыт өтіп, бензін бағасы да әжептеуір өзгеріске ұшырыпты. Бірақ, машинасын қаңтарып қойып жаяу жүріп жүрген бірі жоқ.
Әрі қарай

Қуанышты хабар жама'ат: Палестина бел буды!

Бет қатталып жатқанда Нью-Йорктегі БҰҰ қосынынан жақсы хабар келіп жетті. Бүгін, 23 қыркүйек күні кешке, Палестина Әкімшілігінің бәйменовы, хершірерсіздер — басшысы Махмұд Абас РЕСМИ ТҮРДЕ ӨЗІН ТӘУЕЛСІЗ ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ өтініш тапсырады.
Уа ізгі ниетті христиандар, тілекші бола отырайық!!!
Әрі қарай

Палестина Автономиясын қолдай отырайық, уа ромалдар!

Бүгін Палестина Әкімшілігінің бастығы, ох шешесс — басшысы(бәйменовсстің!) Махмұд Аббастың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Палестинаның тәуелсіздігін жариялау құқығын пайдаланып, өтініш беруі мүмкін. Естеріңізге сала кетсек, 1947 жылы Палестинаны жөйіттермен бөліп, картасын сызып кеткен алқаштар — тап осы БҰҰ болатын.
Әрі қарай

Біздің қыздар түрік қыздарын 2-0 есебімен жеңді


фото: Э.Гарвиш

Кеше Әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу ойындарының 2-ші турында біздің қыздар түрік қыздарын жеңді. Голдарды Лариса Ли және Бегайым Қырғызбаева соқты. Алда біздің құраманы Германия, Испания, Швейцария сияқты мықты құрамалармен ойындар күтіп тұр.

Құрама сапында 5 қазақ қызы ойнады. Ұлболсын, Бегайым, Мәдина, Сәуле, Әйгерім!

Қыздарға сәттілік алдағы ойындарда.
Әрі қарай

Жаңа функция: Бөлме



Жаңа функция қосылды. Бөлме деп аталады. Facebook, Вконтактелерде бар ғой Wall, Стена дегендер соның бір нұсқасы. Қабырға, жар дегеннен гөрі Бөлме деп атауды жөн көрдім.

Әр қолданушының профиль бетінде бөлмесі болады. Сол бөлмеге барып, туған күнімен немесе басқа қуанышымен құттықтауға болады. Басқа да жазу немесе фото қосуға болады, оған пікірлер жазуға болады.

Бөлмедегі жазулар тікелей эфирге де шығады.

Оффтоп, флуд азаяды деп ойлаймын осы функция арқылы. Біреуге қоятын сұрағыңыз болса да Бөлмесіне барып қоюға болады.

Бірге тест жасайық, қате жерлерін түзетуге тырысайын.
Әрі қарай