4 ең

Ең бірінші интернетте хат алысуым. 1997 жылы республикалық олимпиадада танысқан қыздармен мектептегі интернет-класстағы интернет байланысы бар жалғыз компьютер арқылы хат жазысатынмын. Ең қызығы, жазатын мәтінімізді алдын-ала қағазға жазып әкеліп, компьютерде қайта теретініміз және келген жауап хаттарды міндетті түрде принтерден басып шығарып, сақтап қоятынымыз еді… эпистолярлық жанрыңдыссс…

Ең бірінші орысша сөйлеуім. Шамамен 1985-86 жылдар… Ақтөбенің базарында (сол баяғы колхозный ғой) балмұздақ сатып алу. Әкем Ақтөбеге барғанда мені ала кететін, қалаға келген бойда сол базардан балмұздақ сатып алатынбыз. Сол кезде кезекте тұрғанымызда әкем қолыма бірсомдық ақшаны ұстатып, «кезек келгенде, четыре по сто пятьдесят» деп айтсаң, ана орыс апаң балмұздақ береді» дейтін. Содан сол сөзді айта алмасам, балмұздақ ала алмайтындай көріп, кезегім жеткенше дұға жаттағандай қайталап тұратынмын. Қызығы, «четыре по сто пятьдесят» деген сөзді аудармасын 2-классқа өтіп, шашымызға кекіл қойып, бәтеңкенің тазалығына өзім жауап беретін кезде ғана білген болатынмын…

Ең бірінші ұялы телефон. 2002 жылы ғайыптан тайып, Алматыда бір жастардың басқосуында сыйлық ретінде су жаңа «Siemens A35» телефоны бұйырған. «Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық » дегендей, нөмірі де жатталып қалыпты-ей, 8-300-365-8671 деген…

Ең бірінші көлік жүргізуім. 14 қыркүйек 1991 жыл. Бұл күні апам тұрмысқа шығып, құда бала екеуміз кешкі тойға әкелерімді алып келуге Алғадан 40 шақырым жердегі Қарабұлақтан совхоздың бас экономистінің УАЗымен шыққанбыз, содан жол бойында «машина айдай алам, папамның машинасын айдаймын» деп бөсіп келе жатқанмын, бір уақытта құда балам машинаны токтатты да, «мә, айдашы» деді. Опшым, не керек, сөйтіп, 29 км машина айдау құқығына ие болып, ол кейін, 29 ай бойы мақтанып, балалардың алдында понт лақтыруға себеп болған-ды…
Әрі қарай

Бір жігіттің айтқаны

Бір байдың қыстағында жұмыс істейтін жігіт айтып еді. соны Сіздерге баяндап берейін.
Аудан көлеміне аты таныс бір малды, қалталы азамат қазақ-орысы аралас жұмысшылар ұстайды. Қаладан жинап әкеліп тегін жұмысқа салады екен. Әйтеуір тамақтарын береді, киімін кигізеді. Жергілікті тұрғындар маусым-маусымымен ақысына істейді жұмыстарын. Бірі шөп шабады, бірі егін орысады дегендей. Қақаған қыта жұмысшы орыстарының бірі өліп қалыпты.Ана бишті көмуге ерінген байдың ұлдары басқа биштеріне ананы тележканың үстіне лақтыра салуды бұйырыпты. Содан, мәйітті қарғалар шұқи берген соң орап тастаған болыпты. Көктемде әлгіні көмуге бұйрық беріліпті. Тоң аса жіби қоймаған ба әйтеуір көр қазған адам жарты метрдей ғана қазып ананы көме салса керек. Бір-екі күннен кейін мәйітті иттер жеп жатқанын көрген әлгі танысым итті атып тастапты адамға шабар деп қорқып. Айтып-айтпай не керек, аналардың іс-әрекеттерінен шошып келді ғой. Әкелері малдың санын толық біле қоймайды екен.Ұлдары өліп қалған малдарды жасырып қораның артында үйіліп жатқан қордаға көме салады дейді. Бір орыс қашқан екен мылтықпен атып отырып қуып әкеліпті.
Әрі қарай

Омар быраттың "ең-еңңдері"

Алдыңғы эстафетаға қатыспап едім. Пернетақтаны «ең-ең-еңңң» дегізіп от алдырып, мына эстафетаға бірдеңе жазып жіберейін деп, сол… ))

Тоздырмай, ең ұзақ киген киімім. Братанның маған бере салған бір қысқа жеңді шақпақ жейдесі бар еді. Соны бес жаздай кидім.

Ең ұзақ киген аяқ киімім. Бірінші курста бір қыстық бәтіңке алып едім. Ішінде «Estilo» деген ба, бір жазуы бар. Бірінші курстан бастап, оқу бітіріп, жұмысқа кірген бірінші жылға дейін бес қыс кидім соны. Іші кәдімгі қойдың жүнімен қапталған болатын. Үшінші жылдан бастап уылтарақ тықырланып, ер-тоқым қаптайтын былғары сияқты жылтырап кетті
Әрі қарай

Ең,ең,ең...Әбіләкім

Ең ессіз әрекетім — жұмыстас біреудің өтінішімен Астанаға (2007ж.) 500 000 теңгені жұқа күртешемнің қалтасына салып апару. Бұл жеердегі ессіздік, сол ақшаны Астанадағы соттың ішіне кіріп (үш бидің ескерткіші тұрған сот қалай аталады?) бір судьяға беруім. «Не үшін бердім?», «басым пәлеге қалмай ма?» деген ойлар миыма кірмепті сол кезде, жұмыстан үш күнге босатқанға мәзбін.

Ең бірінші басқарған тойым- шамалы адам жиылған құдалық (туған күн, анау-мынауды есептемегенде).Қарағандыдағы бір мектептің асханасында болып еді.

Ең бірінші рет трактормен жалғыз сапарым- 3-ші класта оқитын кезім. Үлкендер оталдырып берді. 30 км шамасы жердегі екінші жайлаудағыларға бардым. Трактордың шөп шабатын косилкасы және бар.
Әрі қарай

Эстафета - Ең, ең, ең. Сатыбалды.

Эстафетаның бұл формасы міндетті емес. Әйтеуір өздеріңізге байланысты «ең-ең-ең» дүниелерді еске алсаңыз болғаны.

Қолыма ұстап көрген ең көп ақша.
Алты жарым мың доллар. Қазақтардың астанасы Алматыға жеткізгенше көз ілмей, кірпік қақпай бардым. Кез-келген мент, жолаушы, саудагер дәл менің ақшам туралы бірдеңе білетін сияқты күй кештім мен. Тіпті Луговаяға жеткенде менде үркектік синдромы пайда болды: біреу қараса — мен де тіксініп қарай қалатын болдым. Алматыда ақшаны күтіп алғандар сәйкесінше құрметтерін көрсетіп жіберд, әңгіме жоқ. Бірақ ақша орнында тұр ма деп, ышқырымды сипап көре беретін әдет біразға дейін қалды.
Әрі қарай

KILYZAMAN: ұнайд/ұнамайд

Ұнамайды: Көлгірсіген көкбет өзеуреп ертедегіні еске салып, МАШАЙЫҚ қашып құтылыптының керін келтірген кезде; алтын шақта қара бақыр да бұйырмай, қағажу ететін дәнек арман болатын, болатыны несі — қас
Әрі қарай

"Ахотники за приведнами"

Бала күнімізде орысшадан нөлміз @VKM-сстың, сондықтан мульпильмдердің атын қате-қате қылып айтатынбыз. Ностальжи назымына беріліп, шалалық шаққа хуясат жасап қайтыңдар, нақ әкесстер. Өлеңді хормен айтуды рекомендеймін:




If there's something strange
in your neighborhood
Who you gonna call?
Ghostbusters!
Әрі қарай

Қайрат Байбосынов ағамыздың орындауындағы әндер

Асхат мырзаның өтініші бойынша және бойында қазақтың қаны ойнап тұрғандар да бей-жай қарамас деп қазақтың қара домбырасына кезек беруді жөн көрдім.
Гәкку. ІІ нұсқа

Гәкку.ІІІ нұсқа

Нәзік гүл
Әрі қарай