Таныс болыңыздар: bazuka
Тұрсынбекова Базарайгүл — bazuka 19 наурыз 1982 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің физика математика факультетінің түлегі.
Бос уақытында әдеби кітап, интернеттегі жаңалықтарды оқиды, КерекИнфоға кіреді. Таңертең жүгіргенді (жазда ғана) жақсы көреді және спорттық жаттығулар жасайды. Хоббиі фото, видео монтаждау.
Ұнатпайтын нәрселері: үй телефонына хабарласқандарды (сирек жауап береді), тамақ үстінде сөйлеп отыруды, үлкенді сыйламайтын кісілерді, компьютерді ойын ойнау және фильм, фото қарау құралы ретінде пайдаланатындарды.
Ұнайтын нәрселері: тамақ әзірлеу, күнделік немесе өз ойларын жазу және табиғатты суретке түсіру.

Сол шаңғыны 7-ші класқа дейін тепкен болармын. Теледидардан көргенімді істемек болып, төбешіктің орта тұсына фанерді бір шетін көтеріңкіреп қойып қоятынмын. Әлгінің бетін қар басқанда кәдімгідей секіріп қызықтаушы едім. Көрші Ербол атты бала екеуміз тауға да шығатынбыз шаңғыларымызды сүйретіп.Талтаңдап шығып, жүйіткіп түсуші едік.Шаңғымен жүгіру, анау-мынау жүрістерін меңгеру дегенді ешкім үйретпепті, солай білмей кеттік қой.
6 қазан 1983 жылы Түркістан қаласында, көп балалы отбасыда туылған.
Жансая Сыдықбай —