Тілші: Байқап отырсақ әргі-бергі бабаларыңызда бұл салада қызмет атқарған жан жоқ екен. Осы саланы таңдап полиция маманының киімін киюіңізге не себеп болды? Полиция полковнигі: Мені туған кезінде марқұм анамның төсінен сүт шықпапты.Қорамыздағы жалғыз ешкінің сүтін беріп өсіріпті…
Ауылдағы ат үстінде жүретін ағаларымыз қысы-жазы аяқтарынан керзі етігін тастамайды.Ондағылары аяқтарын үзеңгі қажамас үшін болар бәлкім. Бірақ, менің айтпағым басқа еді.
Бала кезімде маған да керзі етік сатып әперді. Өзіміздің елде шыққан. Табанында «ЖАМБЫЛ» деген жазуы бар, жоғарыдан төмен қарай жазылған. Сірә, Жамбыл жақтағы аяқ киім фабрикаларының бірінен шықса керек. Не керек, жап-жаңа етігімді киіп алып сыртқа шықтым. Үлкендер анадай жерде соғымға жылқы сойып жатыр. 6-7 жасар кезім. Қарға түскен ізіме мәзбін. Анықтап қарасам табанымдағы жазу қарға анық түспейді екен. Үлкендер жаққа жүгіріп бардым да «Менің етігімнің астында жазу бар. Сол қарға толық түспейді „АМБЫЛ-Амбыл“ деп қана түседі» дегенімде үлкендердің неге бұттан кете күлгенін кейін түсіндім.
Ең тез және оңай жасалатын тамақтар сериясынан «Керекинфо» деп аталатын сорпа. Бұл аз бюджетті тағам бойдақтар немесе уақытша әйелсіз қалған еркектерге арналады.