Әйелден әдемі...

Әлемде әйелден әдемі бір нәрсе бар, ол-сөз! Қызыл сөзбен қала салып тастауға болады ғой.Бірақ, ең әдемі сөздердің көбі әйелге байланысты айтылады, мейлі ол қыз болсын, немесе АНА болсын, бәрібір әйел."Әуелі сөз жаратылды" деседі, сол сөздің әйел жаратылмай тұрып осыншалықты әдемі болғанына өзбасым сене алмаймын.

Әйелдердің сұлулығын сұлу сөзбен жеткізе білген, сендіре білген бірер үзіндіні ұсына кетсем. Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасында қолға түскен қалмақтың қызының сұлулығын былай суреттейді:
Әрі қарай

8 наурызға сыйлық таңдаймыз


Жігіттер мінекей көктем келді ал көктем келді дегеніміз қыздардың мерекесі де ойламаған жерден сарт ете түсті деген сөз. Біреу “8-март болды жігіттерге шарт болды”-, деген екен.1910 жылы Клара Цеткинаның әсерінен мерекеге айналған бұл күні кез-келген еркек атаулы футболды, газет оқуды ұмытып, жұмысты кейінге қалдырып сүйіктілеріне сыйлық іздеп жүгіреді. Жалпы бұл күні әйелдердің бәрі сұлу, бәрі бақытты, өйткені олардың бір жыл бойы асыға күтетін мейрамдары, мінекей дәл осы күні. Ендеше қалтаңыз қалың болмасада жақын қыз-келіншектерді қуантуға бекем бел байлаңыз.
Әрі қарай

Сәлем бердік, "Аватар", кешіріңіз - "Джон Картер"


Қазақстандағы премьерасы 2012 жылдың 8-наурызына жоспарланған "Джон Картер" фэнтези туындысы мол әсер қалдырды. Өкінішке орай, бұның бәрін жақсы әсерге жатқызуға келмес. Толығырақ, тоқталайын.
Әрі қарай

Суперкубок – «Ордабасыда», «Шахтер» қалды егіліп...


«Шахтер» қақпасы маңындағы қауіпті сәттердің бірі
(Суреттер kff.kz сайтынан алынды)

Күні кеше «Астана аренада» еліміздің қос майталман дружинасы – «Ордабасы» мен «Шахтер» суперкубокты сарапқа салды. Жыл сайынғы дәстүрлі бұл дүбірлі дода ел біріншілігінің шымылдығын ашушы футбол спектаклі екені әмбеге аян.

Шымкенттіктер сақадай сай еді. Оңтүстіктен командасының шын жанкүйерлері жолдың қашықтығына қарамастан, ат терлетіп жеткен. Көмірлі алқап та қарап қалмапты,

Әрі қарай

Тәрибенің керемет "үлгісі"

Бұл оқиға Украинаның Симферополь қаласындағы хайуанаттар бағында болыпты. Суреттерді Татьяна Жеребцова түсірген екен. Ғаламторды шарлап кетіпті. Хайуан да болса ана…
Баласын «тәрибелеп» алған көрінеді. Мына суретте Аю қонжығына «Балам, көп алыса бермеші, басым ауырып отыр...» деп тұрғандай.
Ал, келесіде...
Тағы бір сурет
Соңғысы

Бітті. Мұны қай халықтың бала тәрбиелеу стилі дейміз?
Әрі қарай

Егер сiздi бiреу сүйсе..

Егер сiздi бiреу сүйсе… Егер қатты сүйсе… Егер сiзде оны сүйетiн болсаңыз… Махаббат сезiмiңiздi алаулатып ұстауыңыз үшiн сiзге бiздiң бірнеше кеңесiмiз бар. Бұл оны сынақтан өткізуге кең мүмкіндік.

Егер күрсiнсе не болғанын сұраңыз, тіл қатпаса да қоймай-қоймай қайта-қайта сұраңыз. Жауап бермесе ренжiп қалыңыз…

Оның болмас қателерiн оған таудай етiп көрсетiңiз, үш күн бойы одан басқа қозғайтын тақырып болмасын, әңгіме өзегі тек қана сол оның жіберген қателіктері болсын. Бұл ренішіңізді бүкiл достарыңызға жеткiзiңiз, олармен бетпе-бет көрiспесеңiз де телефон соғып айтыңыз.
Әрі қарай

Д.Б. Купер - күнәсіз қылмыскер

Ол бұған дейін қылмыс жасамақ түгілі, көлігін қате қаңтарғаны үшін салынатын айыппұл да төлемепті.


Д. Б. Купер (ағ. D. B. Cooper, сондай-ақ Dan Cooper) — 1971 жылы Northwest Airlines компаниясынан Боинг-727 ұшағын ұрлап кеткен атақты қылмыскер. Ол ақыры қолға да түскен жоқ, одан кейінгі өмірі де беймәлім.
Әрі қарай

Кеш жүктілік турасында

Бұрын 35-40 жаста бала көтерген әйелдердің өмірі қауіпке толы болатын. Ал, бүгінгі таңда 27-28 жастағы жүктіліктің өзі тым кеш саналады. Сол себептен қазір 30 жастағы келіншектер операцияның көмегімен баланы өмірге әкеледі. Осыны ескерген дәрігерлер тұңғыш баланы 20-25 жаста көру керек дейді.

Кейде табиғи заңдылықтар әрқашан адам ойын іске асыруға мүмкіндік бермейді. Нақтырақ айтсақ, ерте отбасын құрып, бала сүйе алмай жүргендер қаншама. Ақырында өзгенің баласын бауырына басып алғаннан басқа амал қалмайды. Бүгінде әрбір бесінші отбасы бедеулік мәселесіне тап болып отыр.
Әрі қарай

Месси биыл да келмеді



Қызылордада шығатын «Сыр ақшамы» газетінің дәстүрлі «Жылдың үздік спортшысы» жүлдесінің марапаттау салтанаты өтті. Аталмыш жиынға осы жылы да үздік спортшы атанған «Барселонаның» футболшысы Лионель Месси жүлдесін алуға келмеді.

Газет оқырмандарының дауысы бойынша жиналған сауалнама қорытындысы қызылордалық спортсүйер қауымның үздіктерін анықтады. Алғашқы орын тағы да Мессиге бұйырса, Илья Ильин өзінің 2-ші орынын қорғап қалды. Ал, үшінші орынды республикалық спартакиада жүлдегері, жас жеткіншек Гүлмира Сапарбаева иеленді.

Суретті түсірген Даниал Оқасов, tengrinews.kz
Әрі қарай

Саған барып өзіңе ғашык екенімді айтар едім,әттең.


Өмірде сүйгеніңді айталмаудан, махаббатыңнын жауапсыз болғананан асқан қайғы барма екен сірә?Құрбыларым ол қара торы ғана пысық жігіт, қай жері ұнайды? -деп сұрайды.Сезімнің құдіретті де сол емеспе, мүмкін олар мен сүйген жүрекпен көрсе ұнататын шығар.Оның мөлдірген коздерімен бір қарағаны мені үлкен бақытқа болейтіндей, кеше ол менің жанымнан күлімсіреп, сәлем деп өте шықты.Ал мен болсам абдырап, аяқ-қолым дірілдеп,қып-қызыл болып тәтті мұңға батып қала бердім.Мен сені дәл бұлай сағынбас ем, жүрегіме егер де жүрсе әмірім.Саған барып өзіңе ғашык екенімді айтар едім,әттең қызбын намысымды махаббатымнан биік көретін.
Әрі қарай