Шолу: NOKIA 1202 - "Тәубетюб"

"Қорқыңдар! Қорқыңдар! Сендер түгілі, өзім бұтыма жіберіп тұрмын, қорқыңдар!" — деп кейіді ол Сонда." © Евангелие от Амандык, стих 5:33.

NOKIA 1202 - Қайыршыға құрмет, алқашқа - ізет!

Шолулар мен превьюлер, демолар мен промо-акшындар әрине, жақсы, бірақ — кімге жақсы? Сатып ала алатын адамға жақсы.
«Бүгін акция, смартфонды 45-ақ мың теңгеге аласыз!» дейд өткенде бір қатын дүкенде. Шешесс, тап солай, «45-ақ мың» дейд! Ал жақсы делік, сонда 30 бөтелке арақтың құнын сұрайтындай несі бар десем, мәнді жауап алмадым, инессасынсстың.

Егер вендорлар өз тауарларын қаланың өтірік іскер халқына емес, ауылдың ізгі ақжүрек адамдарына
Әрі қарай

Қажығұмар Воркута. "Төңкеріс".

Женішбек Жынысбеков тез-тез басып, базарға қарай аяңдап келе жатты. Өткенде құдалардың қамын күнде ертең жасаймын деп жүргенде төңкеріс басталып кетіп еді. Ұн мен май ала алмай қалып, масқарасы шыққан болатын. Құдасымен бірге кесек-кесек қара етті жеп, үндемей тарасты. Ұялған тек тұрмас деп, «нанның орнына картоптан алып-алып қойыңдар, бұл да нан ғой, іхе-іхе» деп, әзілдеп-шындағаны да құданың ренішін баса алмады. Құданың шығып бара жатып: «Төңкеріс-төңкерісімен құда, бірақ азамат күнкөріс қамын да жасап қою керек» деп, қаззақтар құсап
Әрі қарай

Ислам әлемі: ащы ақиқат


Дүниежүзінде 1,5-2 миллиард мұсылман бар деп болжануда. Демек, мұсылмандар әлемдегі жан санының 25 пайызын (1/4) құрайды. Бұл өте үлкен көрсеткіш, мұсылмандар христиандардан кейін екінші орында.
Әлемде 57 мұсылман мемлекеті бар, бұлар Ислам Конференциясы ұйымына мүше мемлекеттер. Демек, әлемдегі барлық мемлекеттердің 30 пайызы (1/3) мұсылмандардікі. Бұл да үлкен көрсеткіш. Дүниежүзіндегі минералды ресурстардың, энергия көздерінің айтарлықтай бөлігі мұсылман елдерінің еншісінде екенін назарға алайық.
Әрі қарай

«Ормандағы лашық». Күлкімен қорқытатын хоррор



Үш жігіт, екі қыздың бастарына бәле іздеп жалғыз жол барып тірелетін, я телефон ұстамайтын, я жақын маңда тірі пенде тұрмайтын қалың орман арасындағы саяқ үйге барып уикендті тамаша өткізбекке (?) ниеттенуі басқаны қайдам, жеке өзімнің қорқынышымды емес, күлкімді шақырады. Бұл жолы да солай болар ма еді, кім білсін… бірақ, «Ормандағы лашықтың» осы уақытқа дейін көрген «әсіре» хоррор фильмдерімді мазақтап кеткені неге екені айрықша ұнады.
Әрі қарай

Алғаш рет кір жууым.

«Да жуу» © monti

Бұл жазбаны комплекстен жазып отырм. 14 бастық жіберетін керемет емес екенбіз, алқашқы махаббат та кинодағыдан гөрі жәй, қарапайым өтіпті. Бірақ қалыспау керек, шымкентшетойларсстың.

Очм, мақан ауырып қалд бірде қатты. "Құлындарым, өз күндеріңді өздерің көріп жатырсыңдар ма?" деп, боз-боз жылайд ауруханада жатып. Ауырып қалған бір аптаның ішінде мустангтар сияқты жабайыланып, еркін өмірдің дәмін татып, шарбақтан шарбаққа секіріп, құтырып-қиқулап жүргенімді қайдан білсін! «Зиза тәтеңнің үйінен ішіп тұрыңдар тамақтарыңды!» дейд мақан.
Бір
Әрі қарай

Көңілді Көкбөріге арналған өлеңдер

Көңілді Көкбөріге өзінің өнерін паш етуге керемет мүмкіндік беретін жаңа өлең жанрын ұсынамын.
Осынау бірегей өлең жанрын «Жазбаша Битбоксинг» деп атауды жүн көрдім.
Жә, көп сөз боқ сөз, жазба битбоксингтің алқашқы үлгілеріне жол берейік:
Әрі қарай

Даяшылардан пайдалы кеңестер

Оcылай екен...: Даяшылардан пайдалы кеңестер

— Бардағы фирмалық коктейль деген нәрсе бөтелкелердің түбінде қалып қойған ішімдіктер жиынтығы немесе арзан ішімдіктерден құрылған сұйықтық. Бұл коктейлді 2-ші рет сұрасаңыз дәмі алғашқындай болып шықпайды. Көбінесе бұл біраз ішіп алған клиенттерге беріледі.

— Солянкаларды біраз тұрып қалған шұжықтардан істейді.

— Үлкен банкет, тойларда тамақ пен ішімдіктің 30 пайызы үстелдерге бармай қалады.

— Алкоголь көбінесе мөлшеріне жеткізілмей құйылады. Мұны клиент әрине байқамайды, ал кафе табысы арта береді.

— Әдетте қымбат арақтың орнына салқындатылған немесе мұз салынған арзан арақ құйылады. Дәміне қарап мұны айыру мүмкін емес. Тіпті қымбат арақ шишаларына арзан арақ құйылып қойылады.
Әрі қарай

Маппеттердің қайта оралуы


Білетіндер үшін
Маппеттер есіңізде ме? 1980-жылдардың өкілдері осы бір ұсқынсыздау, бірақ мейірімді қуыршақтарды білетін шығар. Бірқатар американдық сериалдар мен шоулар арқылы танымал болған осы кейіпкерлер кезінде қуыршақтар әлемінде бөлек ұғымға ие болды. Бізді қайдам (КСРО), бірақ АҚШ-тың бірнеше ұрпақ өкілдері осы Маппеттер шоуын көріп өсіпті. Қателеспесем, бұл қуыршақтар біздің елде тоқсаныншы жылдардан кейін танымал бола бастады.
Әрі қарай