Шолу: NOKIA 1202 - "Тәубетюб"
"Қорқыңдар! Қорқыңдар! Сендер түгілі, өзім бұтыма жіберіп тұрмын, қорқыңдар!" — деп кейіді ол Сонда." © Евангелие от Амандык, стих 5:33.
Шолулар мен превьюлер, демолар мен промо-акшындар әрине, жақсы, бірақ — кімге жақсы? Сатып ала алатын адамға жақсы.
«Бүгін акция, смартфонды 45-ақ мың теңгеге аласыз!» дейд өткенде бір қатын дүкенде. Шешесс, тап солай, «45-ақ мың» дейд! Ал жақсы делік, сонда 30 бөтелке арақтың құнын сұрайтындай несі бар десем, мәнді жауап алмадым, инессасынсстың.
Егер вендорлар өз тауарларын қаланың өтірік іскер халқына емес, ауылдың ізгі ақжүрек адамдарына бағыттағысы келсе, кезінде «Тәубетюб», «Шүкірфон» аталып кеткен, культке айнала жаздаған NOKIA 1202 мобиласына назар аударса деймін. Оның табысын қайталау қолдан сірә келмес. Ал халық үшін несімен ыстық десеңіз, қуана айтып беремін.
1. Бағасы. Құсып қойма нақ: болғаны 2 800 теңге тұрад.
Тұрад дегенде — тұрмайд: халық қырып алып кетед те жатад, кетед те жатад. Сөреде жатып-жатып шіруге айналған смартфондарды, айфондарды айпұттарымен қоса көрдім, бірақ тұрып қалған NOKIA 1202 ешқашан көрген емеспін.
2. Бейшаралықтың, қайыршылықтың символындай түр-әлпеті.
Мұндай телефонмен сөйлесіп тұрған адамдар әдетте қабағын түйіп біреуге ұрсып жатады немесе өзі сөз естіп тұрады. Нағыз жұмысшы халықтың машинасы! Картоп-сәбізбен бірге контейнерде тығылып келген гастербайтер ең алдымен істейтін шаруасы — тап осы мобиланы сатып алады.
NOKIA 1202 телепонының алдын ала бейәлеуметтік сұрықсыз кейпі тонаушылардың көзіне құрт болып түспейді. Мына жәйтті тебірене отырып баяндаймын. Гюсейн атты әзірбұт гастербайтерді сабап-сабап, теуіп-теуіп, қалтасын қарап, оттығы мен мақанының суреті салынған алқасын тартып алыпты да, мынадай телефонын алмай кетіпті.
Пайдаланған ең соңғы мультимедиалық құрылғысы — «Витязь ТЦ51Д» телевизоры болып табылатын шал-шауқандарға да херемет шешім. Жоғалып қалса — уайым жоқ, ал шал жоғалып кетсе — хабарласа алатын ізгі құрал бұл!
3. Шам.
Подъезге көңілдес қатыныңмен көршілерден тығылып кіріп, көр қараңғыға жарық түсірмек болып, смартфоныңды жағып қалдың. Лібә, "қайда, көрейінЧ, 3G-сы бар ма?" деп, тап сол жерде зерттеу басталып кететіні бар. Ал NOKIA 1202 -ның понарын жақсаң — қасыңдағы бейбақ шынымен понар жақты екен деп ойлайд.
4. АМ.
Ауылда ди-джей Мойше өртеп жатпайд, FM радио қайда болсын. Ал амплитудалық модуляция жиілігіндегі барлық жерде бар! Ендеше, NOKIA 1202-нің қытайлықтардың өздері "қытайлық!" деп алмайтын кейбір қарақшылық нұсқаларында АМ-радио кездеседі. Бұл дегенің қойшыларға, қаңғыбас геологтарға, жәй — қаңғыбастарға таптырмайтын сыйлық!
Суға салса батпайтын, отқа салса жанғанымен — қимастық деген сезім шақырмайтын NOKIA 1202 алыңдар, уа христиан бауырлар, қасиетті Пасхаларыңмен!

әттең, фото, видео, МПүш, твиттер, интернет жоқ… басқасының бәрі бар…
Дәл осы стилдегі телефонның екі симкалысымен жүрмін қазір. Фирменный, Финтел, нақ.