Алғаш рет кір жууым.

«Да жуу» © monti

Бұл жазбаны комплекстен жазып отырм. 14 бастық жіберетін керемет емес екенбіз, алқашқы махаббат та кинодағыдан гөрі жәй, қарапайым өтіпті. Бірақ қалыспау керек, шымкентшетойларсстың.

Очм, мақан ауырып қалд бірде қатты. "Құлындарым, өз күндеріңді өздерің көріп жатырсыңдар ма?" деп, боз-боз жылайд ауруханада жатып. Ауырып қалған бір аптаның ішінде мустангтар сияқты жабайыланып, еркін өмірдің дәмін татып, шарбақтан шарбаққа секіріп, құтырып-қиқулап жүргенімді қайдан білсін! «Зиза тәтеңнің үйінен ішіп тұрыңдар тамақтарыңды!» дейд мақан.
Бір аптадан бері қуырылған кептер етін ұрланған помидорға шылап жеп, ал түскі асқа — бұқпа атып алып жеп жүргенімді білсе — әрине, мақанның әңгімесі тіпті басқаша болар еді де. "Қарным аш емес!" — деп қоям, типінақ, «уайымдамашы» деген түрім ғой. «Шомылып тұр сосын, Тілектің моншасына бір айға жететін ақша беріп жібердім!» дейд. Мұқтаждықтың бұл түрін — көлге түсіп өтеп жүрген мен, тағы да үндемедім.

Мақан ауруханада айға жуық жатып, мені ақыры нағашыларға тапсыруды шешті. Пойызбен бір вагон қаладағы мәңгүрт нағашылар келе жатыр дегесін, барымды киіп қарсы алмақ болдым. Мақанның кірді езіп суға салып қоятынын есіме түсіріп, көк көйлегімді, джинсымды, қара шұлығымды салып жіберіп, «Салтанат» деген salta -ға екі қайнаса сорпасы қосылмайтын кір жуатын ұнтақты төгіп кеп жібердім. Бірер сағаттан соң жуайын десем, қол удай ашид! Әнассстың, технологиялық шешім таптым. «Кір жуатын машина әрі-бері айналдырып жумаушы ма еді!», күректің сабын алдым да, өкіртіп астауды былғай бастадым…

Нағашыларды пойыздан күтіп алдым. Қара-көк ала бір түрлі көйлек, үтіктелмеген, неге екені белгісіз — балағы тек тобыққа жететін болып тарылып қалған шалбар, өскен шаш, аюдай тырнақ, күс қол міскінімді көріп, нағашы әжем "қозым-ау, мынау не боп кеткенсің!" деп құшақтап, жылап жіберді. Мен де мұңайдым: нағашы әжем келгенде «ай-хойлап!» қойып шай ішетін самауырын алты сомға сатжіверіп, сағыз алған болатынмын…
Бөлісу:

36 пікір

a63a1
Мен де мұңайдым: нағашы әжем келгенде «ай-хойлап!» қойып шай ішетін самауырын алты сомға сатжіверіп, сағыз алған болатынмын…

лібәә көк жалын әдемі шығыватыр ә? — деп мен сусыз самаурынның түбін ағызып жібергем
salta
Боже моооой, менің ар жақ бер жағым екенсің ғой. Бәсе, неге жек көрем десем... керемет!
Zhan
Бидай қуырдым, тоесть қорс-қорс жыладым…
ademi_alem
технологиялық шешім таптым. «Кір жуатын машина әрі-бері айналдырып жумаушы ма еді!», күректің сабын алдым да, өкіртіп астауды былғай бастадым...
))))))
a63a1
сіз үнсіз жымияды екенсіз
Aya
14 бастық жіберетін керемет емес екенбіз, алқашқы махаббат та кинодағыдан гөрі жәй, қарапайым өтіпті. Бірақ қалыспау керек, шымкентшетойларсстың.

жазбайтыны болсайшы, қандай керемеееееееееет
Nurgisa
Тегтер өртейд!!! «Тайд», «Ваниш» және, о, тоба! — Салат анат!
kokbori
боз-боз жылайд ауруханада жатып.
Шыныда да Керекинфо тілді дамытушы екеніне тағы бір пакт, пактты бол
asaubota
осындай әңгімелерді соткамен кіріп оқыған қызықтырақ. аведте оқывалдым.
Gastarbaiter
"Өүй ақұдой айнөлөйін, мә, шемішке алып шақ" деп ішқырлығынан я белбеуінен тыққан-пыққан бір сомын алып беретін марқұм әжемді сағындым.
Бөтелке өткізіп сағыз шайнау, лимонад, сникерстің қабығын сақтап жүргенім, нағыз балалық десейш.
xsanatos
Әлімнің жиені болдың ғо! ))) Әлде әлімнің өзісің ба?
Gastarbaiter
Керейдің жиенімін)
sammita
соқырға таяқ ұстатқандай суреттеуін, керемет
akil_lalta01
Уаха ха! Керемет! Осындай стильде жазғандарың ұнайды
KILYZAMAN
"Қылмыс" — Қажығұмар ақсақалдың ізіміен...
Korkem
ық-ық өлтіріп-ақ жазадыкес)))
Zilola
Салтанат 1994 жылдары мода болған ед қателеспесем, демек  замандас болдық ғо
kokbori
Зеке, айтабердегі сенікі ме, өзің жайлы жазғаныңды айтам
Zilola
ие )
kokbori
қорқынышты екенсіз ау сондағы аура біртүрлі болып көрінбейме сізге? ерігіп отырып жазғаныма ентігіп отырып жауап қайырады кілең
Zilola
в смысле қорқынышты
өзімнің таныстарым ғо көбісі ол жақта, сол үшін есікті теуіп ашып кіргендей боламын ))) сыпакойны қабылдаймын бәрін
AL-ASTER
Кельвин шакаласымен ғана бағаланатын туынды, минустау ақылға сыймайды
salamat
кір жудым сөзінің жанама мағынасы да бар
ken
Бір аптадан бері қуырылған кептер етін ұрланған помидорға шылап жеп, ал түскі асқа — бұқпа атып алып жеп жүргенімді білсе — әрине, мақанның әңгімесі тіпті басқаша болар еді де
Сонымен ең алғашқы тамағың қуырылған кептер еті ме, әлде күйіп кеткен рожки ме?