Шымкенттің салқын алкогольсіз сырасы

Шымкенттің салқын сырасы!
Көрдің бе ішіп, құрдасым?
Мөлдіреп, тұнып тұрғасын,
Қалайша шыдап тұрасың?!
Шөлдеген кезде – жолдасым,
Шаршаған кезде – сырласым.
Ішкенде жаным кіріп,
Бойымда қаным жүріп,
Өмірдің мәнін ұғарсың!

Қайырмасы:
Хей, құрдасым!
Түсінбеушілік болмасын.
Туласын жүрек, туласын!
Ішейік Шымкент сырасын!

Шымкенттің салқын сырасы!
Сүтіндей қойдың қорғасын,
Еріксіз еске аларсың,
Бабаңның ішкен бозасын.
Ыдыстың алып тәуірін,
Сыраңнан құйшы, бауырым!
Шаттықтың ордасында,
Достардың ортасында
Қызықпен өтсін дәуірің!

Қайырмасы:

Шымкенттің салқын сырасы!
Жастықтың албырт куәсі.
Тағы да құйшы, бауырым,
Қалмасын менің көңілім.
Ішкенде дәмі кетпейді,
Көңілде көктем көктейді.
Достым, сен сенесің ба?
Шымкенттің сырасына
Ешқандай сыра жетпейді!

Қайырмасы:
Әрі қарай

Мерген бала, немесе анимация қасқырды қалай атып алу керек?


"Аңшы бала" — Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының 2012 жылғы туындысы. Еліміздегі прокаты шектеулі — «Кинопарк» және «Киноплекс» кинотеатрлар желісінде ғана көрсетіледі. Көпшілікке кеңінен тарайды деп күтілген картинаның бұндай жағдайына ешкім әлі түсінік берген жоқ.
Әрі қарай

Чемпиондар Лигасы 2012/2013



Сонымен көптен күткен Чемпиондар Лигасының жеребесі де өтті. Командалар іріктелді, топтарға бөлінді.

А тобы: Порту, Динамо Киев, ПСЖ, Динамо Загреб
B тобы: Арсенал, Шальке, Олимпиакос, Монпелье
C тобы: Милан, Зенит, Андерлехт, Малага
D тобы: Реал Мадрид, Манчестер Сити, Аякс, Боруссия Дортмунд
E тобы: Челси, Шахтер, Ювентус, Нордшелланд
F тобы: Бавария, Валенсия, Лилль, БАТЭ
G тобы: Барселона, Бенфика, Спартак, Селтик
H тобы: Манчестер Юнайтед, Брага, Галатасарай, ЧФР Клуж

Әрі қарай

Неге сайт(ым) ашылмайды?



Осы сұрақ сайт жасаушыларға көп қойылады. Қате! Бұл сұрақты ешқашан сайт жасаушыға қоймаңыздар. Өйткені сайт жасалынып, сізге тапсырылғаннан кейін сайттың сайт жасаушымен түк қатынасы қалмайды. Әрі қарай барлық нәрсе өзіңізге байланысты.

Сонымен сайт неге ашылмай қалады, себептерін қарап көрейік:

  1. Интернеттің бар екенін тексеріңіз. Мүмкін интернет жоқ шығар?
  2. Сайт адресін дұрыс тексеріңіз. Мүмкін қате жазған шығарсыз?
Әрі қарай

Теңдессіз 10 мың теңге

Қазақстанның тәуелсіздігіне жиырма жыл толуына орай шығарылған он мың теңгелік банкнот «2011 жылдың ең үздік банкноты» аталымын жеңіп алды. Сараптаманы International Bank Note Society(IBNS) жүргізген екен.

Әрі қарай

Кредит - денсаулықу вредит

Обшм, Киллометр сөзді созбай обзатцтық хронометражын айтатын болсам, кредитті төлегеніңді растайтын түбіртекті 3 жыл сақтау керек екен, не болмаса қарызың жабылған кезде анықтама қағазын алып алу керек екен. Еңбек кітапшам пайда болғалы бері кредитмэн атанып жүрк қой, сондан бері түбіртекті не үшін сақтау керектігін білмей келіппін. Түсінгенімдей кредит уақыты біткеннен кейін банкке қарыздың төленбегендігі туралы арыздану үшін 3 жыл уақыт беріледі екен. Егер саған кредит төлемедің деген хат келетін болса, жоғарыдағы аталған құжаттарды көрсетіп құтыла алады екенсің. Ондай жағдайар адамдардың басыннан трактормен басып өткен екен. «кредит денсаулықу вредит» деген осы ғой)))

суретке сілтеме
Әрі қарай

Айт туралы ешкім айтпай ма?

Кеше күн ұзақ жолда болдым да ешкімнің үйіне айттап кіре алмадым шыны керек. «Керекке » де бас сұға алмадым. Қолым сәл босай қалған кезде, ақтарып отырып «Ораза айты» жайында ешкімнің жазбағанын байқағандаймын.
Ораза айттарыңыз қабыл болсын!
Әрі қарай