Аудио дисктер мен кассеталарды сатып аласың ба?

Ән тыңдау үшін (мейлі лицензиялы, мейлі қарақшылық болсын) аудио дисктер мен кассеталарды сатып алатындар бар ма екен?

Аудио дисктер мен кассеталарды сатып аласың ба?

Бөлісу:

29 пікір

asaubota
ақымақпыз ба сатып алып?
ken
сонда олар ақымақтар үшін сатылады ма?
bazuka
бұрын сатып алатынмын, қазір жоқ))
pessemist
ақыл кірді десеңізші
bazuka
интернет келді
bazuka
өзің ше?
ken
мен де бұрын сатып алатынмын. соңғы рет қашан сатып алғаным есімде жоқ.

сонда әншілер не үшін шығындалып дисктерін шығарады дейм да.
asaubota
соны мен де түсінбеймін. шетелде болса түсінемін. адамдар шыншыл, сүйікті әншісі ақша тапсын деп және сапалы музыка тыңдаймын деп сатып алады. ал бізде диск сатып байитын әнші жоқ шығар. чисто той-бизнес қо.
bazuka
сол әншілер өзі диск шығара ма?) оларда тойбизнес емес пе
ken
ал әндерді интернетке шығарып жүрген қолданушылар сол әнді қайдан алады???
asaubota
моймирдан да
bazuka
мой мирға өздері салғызады да, лицензиялы дискіміз шығам дегенше уже елдің аузында жүр деп сұхбат береді сосын)
Adiletshu
Иә, сөйтеді. Тағы блогка жүктеп алатын жердің сілтемесін жазып жібереді
omarbirat
Қазір мүлде алмаймын. Тек интернеттен тыңдаймын. Дискіні толтырғым келмейді
edige
Араласатын әншілер өздері естелікке береді… былай сатып алмагалы кашан…
zholantai
бұрын үйдегі автокөлікке деп сатып алатынмын, қазір жүрген жерімде meloman дүкендеріне кіріп, қарай жүремін, қандай дискілер бар екен деп, сатып алмаймын
akbota
Компьютер, интернетке қол жеткелі сатып алмайды екенмін.
Abilakim
аудиодиск сатып алып көргенім жоқ, жасымызда кассета сатып алатынбыз. Сол кассеталар бар ма өзі?
Adiletshu
Бар. Шудың базарында сатады
Rafaello
Кассеталардың көбі қарақшы еді ғой, оригиналдар аз болатын.
MickThatsMyNick
мен бір нағыз меломанның жиналып қалған дисктері мен кассеталарын сатып жатқан хабарламасы ма деп ойлап қалсам..)
жоқ-жоқ сатып алмайм, жай жазып жатқаным ғо
Daniar-Alan
1-2 рет сатып алғаным бар… и то машинадағы майфон ориджинал дискілерді ғана оқитын болғанысн… а так прогр. дисктер сатып алам. Шымға барғанда. ішінде нешетүрлібәлебатарларыңның бәрі бар софттар 200 теңге тұрад… рәхәт
Marationok
Сатып аламын, әлі күнге дейін.
Gastarbaiter
Соңғы кезде музыканы тек трензалда тыңдаймын.
Соткамда дискпроигрыватель болса сатып алар едім. А так мегаторрентс рулит
Karakyz
Фрэнк Синатраның әндер жинағын сатып алғым келіп барып едім, ішінде он әні бар, онда да мен іздеген әндерінің екеуі ғана бар, қалғаны белгісіз әндер. Мың бірдеңе теңге. Содан кейін тіпті диск іздеп дүкенге бармайтын болдым. Одан да сексен теңгеге болванка алып, интернеттен өзім қалаған әндерден топтама жасап жазып алған әлдеқайда тиімді.
Abilakim
Жақсылап іздесең 50-ге де табасың дискті
shokoladka_9509
Қазіргі заманда 50-ге ешнарсе келмиді))