Неге сайт(ым) ашылмайды?



Осы сұрақ сайт жасаушыларға көп қойылады. Қате! Бұл сұрақты ешқашан сайт жасаушыға қоймаңыздар. Өйткені сайт жасалынып, сізге тапсырылғаннан кейін сайттың сайт жасаушымен түк қатынасы қалмайды. Әрі қарай барлық нәрсе өзіңізге байланысты.

Сонымен сайт неге ашылмай қалады, себептерін қарап көрейік:

  1. Интернеттің бар екенін тексеріңіз. Мүмкін интернет жоқ шығар?
  2. Сайт адресін дұрыс тексеріңіз. Мүмкін қате жазған шығарсыз?
  3. Доменнің аяқталу уақытын тексеріңіз. Домен ақысы төленбесе әрине ажыратылып қалады.
  4. Хостинг мерзімін тексеріңіз. Ақысы төленбесе хостер әрине ажыратып тастайды.
  5. Басқа провайдер арқылы кіріп көріңіз. Кейде провайдер желісі толып қалады, блок қойылып қалады. бірақ бұл уақытша нәрсе.
  6. Серверде ақау болуы мүмкін. Бұл да уақытша нәрсе, серверде кейде ақаулар болып қалады, жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Әсіресе қазақстандық серверлерде жиі болады мұндай құбылыс. Бірден хостермен хабарласыңыз.
  7. Бұлардың ешқайсысы болса мүмкін сайтыңызды хакерлер бұзып кеткен шығар?

сурет: www.flickr.com/photos/rub-ens/4577700113/
Бөлісу:

14 пікір

zholantai
суреттегі темекі тұқылдары ойларға жетелейді, )
bazuka
уот осылай қазақша, түсінікті қылып түсіндіріп қою керек!
sigma
Керемет тақырыпты қор қылып, админнің авторитетін түсірмеңдер, флуд болса да бірдеңе жазып, дүзге жеткізик кешке дейін.
Мереке құтты болсын!
aza
Ертеңгі мә?! Давай, құт болса, құтты болсын!
sigma
Лан х… с ним дегендей аттың ғо.
Дұрыс тап құттықтамайсың ба?

„Қадірменді Керекшілер, сайттастар!
Баршаңызды конституция күнімен құттықтаймын. „ деп мысалға
asaubota
сенің зайыбың шықпаған сияқты ғой мұндай сұрақтан
sigma
Лібә, өзімше поддержка берватқаным ғо, саған. Әйтпесе көбі хостер-мостерді нетсін бе?
ДНС туралы айтып көр әйтпесе, „Денистің„ қолы қышып, хостингіңді басқа серверге көшіржібергендегі, әрине алдынала ескертпестен. Сондағы саппортың аузы қисаймай -через 48 часов все будет как прежде- деген кездегі эмоцияңды айтып жеткізе аласың ба?
Мереке құтты болсын!
asaubota
ДНС туралы қоспадым, осы да жарап қалады деп

бар ойым разработчиктің миын с*кпеңдер деген ой ғой. сайттары ашылмай қалса мен қайдан білейін біл*т
sigma
Бізде программисттер бәрін білуі керек.
Abilakim
мысалы, пәтеріміздің кіліт ашылмай қалса, бұрынғы иесін іздемейміз ғой не болмаса үйді салған бригаданы болмаса компанияны мазаламаймыз.Бұл тұрғыдан Админдікі дұрыс!
sigma
Базардан әкеліп басқасын салып жүрсем…
bazuka
Бұлардың ешқайсысы болса мүмкін сайтыңызды хакерлер бұзып кеткен шығар?
хакерлер бұзыып кетсе сайт ашылып тұрады емес пе)))) бірақ тұрғаны құрсын)))
MickThatsMyNick
8. Мүмкін сіз тупой шығарсыз?!
9. Мүмкін мониторыңызға «The page cannot be found» деп жазылған қағазды біреу жапсырып қойған шығар?!
10. May be you've been fucked?!
pessemist
Бізде ең соңғы пункттан басталады бәрі… Паника