Kental - Халкым vs Noha-tu cafe

Жаңа Жыл кешіндегі бір бағдарламадан Кенталды алғаш рет көрдім. 3 сөйлемнен тұратын әні ұнады. Мен үшін жаңалық болды бұл. Ютубтан клибін тауып алдым. Ол да ұнады. Тек өкініштісі бұл өзінің шығармасы емес екен. Оригиналы бар екен. Оны өзі клиптің тақырыбына жазып та қойыпты. Оригиналын да тыңдадым. Кенталдікіндей әсер етпеді. Сіз де қарап көріңіз.

Әрі қарай

Жаңа кәсіп

Жалпы балықшылық машықтанған кәсібім емес. Жаңа пәтерге қоныс аударғаннан кейін жаңа көршілер деген сияқты коллектив пайда болады емес пе? Ауылдық жер, Ақжайықтың кәрі Каспиге құяр сағасын мекен еткен Атыраулықтарда не кәсіп болушы еді. Күзді күндері тек ермек үшін бірге барып жағада отырып қайтушы едім. Шабыстан қол да тие бермейді. Осылай күндер өтіп жатты. Қыс болып қаһарына мінген кезде тіпті уақықа зәру болдық. Жұмыс, қар күреу, от жағу деген сияқты. Саналы өмірі корпыс үйде өткен адамға, жер үй қиын екен.
Бір күні көрші келіп көмек сұрады. Сол күні жұмыстан ерте босап, үйде едім. Машиналары тұрып қалған екен. Жағаға апарып келуді өтінді. Сөйтіп алғаш рет қыста жағаға бардым. Екі күн қастарында жүрдім, екі үлкен сазан берді. Содан қызығып тағы бір апта өзім шықтым қастарына. Олар балық шығарғанға мәз болып. Сөйтіп жүргенде жігіттер -құрал алып, неге өзің де салмайсың -деді. Мен байғұс құралды қайдан сатып алатынын да білмейді екенмін. Келесі күні құрал алдым бас аяғы 3000 теңге ақшам кетті. Жігіттер бірге қарасып жүр. Сөйтіп балықшы болдық. ))
Әрі қарай

Тарантиноның Джангосы, Құбыжықтар корпорациясы және Гензель мен Гретель

Бүгін күн бейсенбі. Қазақстанда жаппай жаңа фильмдер көрсетіле бастайтын уақыт. Ендеше, жұмыстан кейін яки демалыста кинотеатр жағалап қайтамын деген біздің қадірлі де қымбатты оқырмандарымыз Киностан әзірлеген жаңа шолумен таныса алады.

Осы апта киномандар үшін сәтті шықты. Ойлап қараңыз: әуелгі болып сөзді ел үркетін фашизмді әжуәлап тастаған Тарантино алды. Бұл жолы ерекше жұмыс әдісі бар маманның нысанасына құлдық тақырыбы ілікті. Одан кейінгі кезекте ескі де жаңа «Құбыжықтар корпорациясы». Pixar-дың ең үздік туындысы деп аталып жүрген мультфильм 3D форматта қайта оралды.

Бұлармен қатар шығатын Борн туралы франшизаның соңғы фильмінде ойнаған Джереми Реннер бар «Гензель мен Гретель: Мыстан аулаушылар» да, аз ақша шығарып, үлкен табыс тапқан «Паранормалды құбылысқа» пародия ретінде жарық көріп отырған «Жынға толы үй» де, «Ата-ана тәрбиесі» атты комедия да көптің сұранысына ие болады-ау деп топшылап отырмыз. Сонымен…

Азат етілген Джанго / Джанго освобожденный

Әрі қарай

Сәби болғым келеді, сәби болғым!

Назарларыңызға тағы суреттер ұсынамын. Кіндік қызым дей ме осыкүні қалай. Қырқынан шығарған күн. Мониторға қатты үңіліп қарамаңыз, көздеріңіз тиіп кетер. («Тіл көзім тасқа» деп айтып отырсаңыздар болады)
Әрі қарай

Халық банкінің жеке тұлғаларға арналған интернет банкингі

Қайырлы күн керекшілер. Бүгін біз халық банкінің интернет банкингімен танысамыз, алдымен интернет банкинг туралы аз кем айта кетер болсам. Интернет банкинг бұл интернет арқылы төлем жасаудың ең оңай жолы, дамыған елдер бұл жүйеге әлдеқашан көшкен ал бұл бізде енді дамып келе жатқан сала. енді осы арадан қайта халық банкінің интернет банкингіне оралайын, ол үшін сіз халық банкінің клиенті болуыңыз керек, яғни сізде халық банкінен ашылған жеке шот нөмеріңіз болуы керек, сонымен интернет банкингті қосу жолдары
халық банкінің банкоматына барасыз
сол жерден мобилді банкинг дегенді талдап аласыз ол екі түрлі болады, бірі ақша аударылғанда хабарлама келетін енді бірі келмейтін, ал хабарлама келу үшін сізден ай сайын 350 теңге ұстап отырады, ал бізде интернет банкинг болғандықтан 350 теңге шығындап еш қажеті жоқ.
сонымен сіз халық банкінің деректер базасына тіркелген болып саналасыз,
енді үйге келіп компты қоссасыз myhalyk.kz сайтына кіресіз, сол жерден сіз карточкаңыздың нөмерін енгізесіз, сол кезде сіздің мобилді банкингке тіркелгеніңіз туралы анықтама шығады, сіз моблиді банкингке тіркелмеген болсаңыз онда сіз ары қарай жалғасытра алмайсыз. соныдқтан міндетті түрде мобилді банкингке тіркелу керек.
сонымен жаңағы сайтқа тіркелесіз. тіркеліп болсаңыз болды сіз енді барлық операцияларды орындай аласыз, ол қалай деп отырсыз ба енді сізге жаңағы сайт мынадай мүмкіндік береді
— бірінші сіздің картоскаңызда қанша ақша барын біле аласыз
-кез келген банктің карточкасына ақша аудара аласыз
— төлемдерді қабыладй аласыз ұялы байланы телекоммуникация, бала бақша, білім айыппұл кез келген штраф, кедендік баж, мемлекеттік баж, кредит төлеу.
— билет сатып алу
— қайырымдылық қорына ақша аудара аласыз.
— егер карточкаңызды жоғалтып алсаңыз сайтқа кіріңізді карточкаңызға уақыташа тосқаулы қоя қойыңыз, болды ақшаңызешқайда кетпейді.
Интернет банкингті пайдалану толықтай тегін тек әр оперцияларыңыз үшін тиісті соммадағы коммиция төлейсіз
ал әзірге осы сұрақ туындаса пікір қалдырыңыз.
ал мынау интернет банкингтің мәзірі
Әрі қарай

Сынықшы

Комедиялық бір киноға тамаша эпизод бола алатын әңгіме айтайын. Менің әкем жасында киік аулап, аңшылық құрған адам, оның әкесі де. Әңгімеге арқау болып отырған оқиға әкемнің бір досымен бірігіп киікке шығуы. Ол замандарда киіктер сайын далада жосып жүре беретін. Әкемнің «Планета» деген матасекілі болатын. Сол матасекілімен киік аулауға шығады. Артында Серғазы деген құрдасы әлде досы, опшым киік атушы. Киіктердің ипподромда жайылмайтыны белгілі. Екі аяқтылардың екі аяқты матасекілмен келе жатқанын көрген жануарлар ойлы-қырлы жерлермен, жыра-жыраның арасымен қашпай ды ма. Қанша жерден жер мұғдарын біліп жүрген адам болса да рөлде отырған әкемді қара басып, екі аяқты көліктері аударылып қалған екеудің төрт аяғы аспанна келіп тоңқалаң асады. Орындарынан атып тұрып, киіктерді қайта қумақшы болады. Бірақ, Секеңнің оң жақ қолы көтертпей қалса керек. Содан, қолы шығып кеткен Секеңді артына салып алып, ауылға, сынықшыға келеді әкем. Сынықшының әкесі де өз кезегінде аудан көлеміне аты мәлім сынықшы болған кісі екен.Баласының сынықшы болып жарытып жүргені шамалы екен сол уақытқа дейін. Дулат деген бір кісінің ойнамалы білегін 5-6 рет салып берген тәжірибесі бар, одан бөлек кесірткенің құйрығын жалғап көрмеген жан деседі. әлгі сынықшы, Секеңнің білегін олай қарап, былай қарап, әкеме: "Ұста мынаның қолын" депті. Әкем Секеңнің шығып кеткен қолын барынша созып тартып тұрыпты (созылған қолдың шамасында айтуларына қарағанда). Сынықшы иықтан тебетін көрінеді. секең жан дауысы шыға айқайлайты, анау екілене тепеді. Бір кезде бірдеңе шатыр ете қалады.«Болды, сүйек орнына түсті. сынықшы олай дегенмен, Секеңнің ауруы басыла қоймапты. Болмаған соң аудандық ауруханаға апарыпты. Сөйтіп, „тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айрылыпты“ демекші, Секең екі жерден сынған қолын иықтан гипстетіп қайтса керекті…
Әрі қарай

ВайФай 25 жігіттерінің сайты ашылды



Кім айтты интернет галстукты болуы керек деп? Кім айтты интернетте тек әдеби тілде болуы керек деп? Кім айтты интернет тек ұлтшыл ойлар, порно және Моймир деп? Міне мына жігіттер интернетте қазақ тілінде бірінші рет шоу бағдарлама жасап жүр. Бүгін сайттары да ашылды.

www.wifi25.kz
Әрі қарай