Kental - Халкым vs Noha-tu cafe

Жаңа Жыл кешіндегі бір бағдарламадан Кенталды алғаш рет көрдім. 3 сөйлемнен тұратын әні ұнады. Мен үшін жаңалық болды бұл. Ютубтан клибін тауып алдым. Ол да ұнады. Тек өкініштісі бұл өзінің шығармасы емес екен. Оригиналы бар екен. Оны өзі клиптің тақырыбына жазып та қойыпты. Оригиналын да тыңдадым. Кенталдікіндей әсер етпеді. Сіз де қарап көріңіз.



Бөлісу:

20 пікір

patick
Жазда Астраханьда осы әнге жазгать еткенбіз )
omarbirat
Жұқпалы ән. Бір тыңдасаң, күні бойы басыңда ойнап тұрады
Erke
Бұл жігітті алдында Мүмкін емес багдарламасында ақын-жазушылар талап тастады! Енди айтпайтындай болған шығар бул әнді!
aza
мен тап сол күні соқтым, Талғатқа! Айттым: Жасыма, қазақтар оттай береді, сенің әнің тамаша дүние! Елдің бәріне ұнай беретін сен 100 доллар емессің, Талғат! деп
aza
www.facebook.com/aza.azamatuly
«Еларнада» бір бағдарлама болып жатыр… Бірінші рет көруім, шуы көп, шешімі жоқ кәдімгі қазақ телеарнасын жайлаған сансыз шоулардың бірі секілді көрінді. Бүгінгі тақырыбы ән мәтіндері екен. Соңғы 3-4 айдың көлемінде ән мен саз туралы қозғалса "Қызыл өрік" пен «Кентал» айтылмай қалмайтын болды ғой. Мында да көк малталарын езіп отырғандар сол Кенталға шүйіліп жатыр. Қайдам, Кенталдың «Аман болы» қазақы шоубизді «жарып» тастады. Ақылбек Жеменейдің "Қаракөз Гүлнара" деген әніне түсірген клипі де «бомба» болған (жарнамасы кем болды, бар айыбы), Ақылбектікіндей қалыптасқан есіммен анандай клип түсіру ерлік еді. Ақылбек сеңді бұзды, клипті түсірді… халық теріс айналған жоқ, тәнті болды! Алайда, Жеменейдің жөні басқа, ол қалыптасқан жігіт. Кентал секілді «шоубиз» үшін сарыауыз балапан мынандай клиппен, мынадай әнмен эстрадаға келуі құбылыс, расында. Тәнті болдым, базарда түсірілген клипте де сұмдық зіл жатыр. Қарап көріңдер, жігіттер!
ПыСы: Кенталға тиіспеңдер!
Barsa
Әуені базар жоқ, клип те норма түсірілген. Бірақ, үш сөйлемнің өзін дұрыс айтпайтыны несі «бірлік болсын әлемге» деп. Жаңа жылдағы выступлениесі ваще ұнамады. Типа Потап сияқты шықты, бірақ қой на… болып қалды.
Tyulpan
«масқара бұндай ән. екі-ақ сөзден тұрады. сөзін неге дұрыс ақындарға шығартып алмадың?» деп бір түрлі сындар айтылды. отырайық онда бір сарыннан шықпай, дамымай. жастары үлкен, тек қана ретро, классикалық қазақ әндер тыңдайтын кісілерді неге әділ-қазылыққа отырғызып қояды екен — не айтып не сынайтындары сырт келбетінен-ақ белгілі болып тұрады. Айқынды да «пах-пах» сияқты әндерін біржақты ғана сынаған болатын. оны музыкалық тұрғыдан, жаңалық ретінде, аранжировкасына, айтылған кезде қандай күрделі екендігіне қарау керек қой. мағынасыз, сөздері терең емес деп қоят. бір сарынды ғана әндер қалатын болса, оның несі қызық? ))

Кентал маған да ұнайды. ))
ruben
малдес!  кей индивидтер дәл осындай сұрықсыз әндерін аты дардай концерттерде депутатский түрмен айтып жүр ғой күшеніп. Сай мен Ревваға қазақша жауап. тым нашар жауап деп ойласаңдар, біздегі шоупиздің деңгейі сондай-ақ болса қайтесіңдер, баянапайларыңдыррайын…
asaubota
оригиналын қарап көріп бағалап көріңдерші.
edige
Бір әннің өзімен экранды бермей калды ол Амиго…
Ұнаған тұсы: аздап патриоттығы , Қарапайым халық арасында дайындықсыз түсірілген бейнебаян, сынаушылар алдында қысылмауы, күлкі сыйлауы…
Ұнамаған тұсы: Шығармаға жатпайтындығы, жасына лайықсыз биі, Омарбратан айтқандай Жұқпалылығы
Жаман деп көп сынауымыз оған тегін жарнама болды…
edige

Саз әлеміндегі Кенталдың хит әні
ken
Кентау деп жүрсем, Кентал екен (ғой).
MickThatsMyNick
бұндай да әндер қажет, егер халыққа ұнаса неге болмасқа, әрине бұндай орындаушылардың көбеюі ақындарға тиімсіз, сондықтан олар алаңдауда.
ken
Әннің мәтіні:

Бірлік болсын әлемде,
Бірлік болсын елімізде.
Аман бол, халқым, халқым менің.

Қайырмасы:
Биле биле биле биле блие…

Бірлік болсын әлемде,
Бірлік болсын елімізде.
Аман бол, халқым, халқым менің.

Қайырмасы:
Биле биле биле биле блие…

Ха! Итьяйі тьюппа-тьяйі тьюппа-ё!
Ха! Итьяйі тьюппа-тьяйі тьюппа-ё!
Ха! Итьяйі тьюппа-тьяйі тьюппа-ё!
Ха! Аридаридабадабадаба…
(Африкалық дыбыстар, үндер)

Бірлік болсын әлемде,
Бірлік болсын елімізде.
Аман бол, халқым, халқым менің.

Қайырмасы:
Биле биле биле биле блие…

Аман бол, халқым, халқым менің.

(Күлкі)
VKM
ой ссен де. Ерінбей жазыпсың ғой))))
edige
Жұмыстан қажып, тіршіліктен зығырдан болып отырған кезде ритмге қосылып отырып тыңдайтын ән…
Салыстырмалы түрде Еспанов пен Сейфулиннің /Сакен емес/ әндеріне қарағанда жақсы…
Қазақ «Мұңайған *оқ» пен «Жылауық сарынды» ұлтық сарын деп жекешелендіріп алмаса игі еді…