Тоқал аламын...

Бұл жарнама емес!..
жәй пікірлерді білгім келгені…
Кейінгі кездері сұр бойдақтардың көбеюі көбейіп бара жатқандығы шындық… Адам болып өмірге келгеннен кейін үйленіп үй болуы парыз. Ер мен әйелдің жұптасып өмір сүруі өмір заңы Алланың әмірі. Кейінгі кезде осы тоқал мәселесі жиі көтеріліп жүргені шындық. Халық екіге бөлініп, «алу керекпен» «алмау керектің» арасына қалып, қалай боларын білмей басы қатып жүргендер саннан көп. Қазақта мақал бар қазақта: «Еркек үйдің егесі, әйел үйдің шегесі» рап-рас. Мәселені басынан қарайық: Ислам дінінің қасиетті кітабы Құран кәрімде: Ниса сүресінде 4 әйелге дейін рұқсат етілген. (әрине шарттарымен)

біздің бабаларымыз тұрмақ, кеше ғана өткен атамыздың өзі екі әйел алған екен. әкем ғана бір әйелмен шектеліп отыр. онда да совет үкіметіне тұспа-тұс келгендіктен шығар. неге тоқал мәселесі қорқынышты көрінеді екен әйелдерге…
Қаржы мәселесі: Әрине, ең алдымен әйел затының ойлайтыны, «жағдайымды жасап бермедің, үйде анау жоқ, мынау жоқ, дұрыстап киіне алмадым, қатарымнан қалғым келмейді» деген сылтаулар көп… бірақ барлығын адамның өзі шешеді ғой, әрине напақа табу ер адамның міндеті, бірақ Алланың бергенінен артық адам қанша талпынса да, ештеңе таппайды. барға қанағат ету керек.
негізі әйелге байланысты, ақылы бар, түсінігі бар әйел екінші әйелге қарсы болмайды деп ойлаймын.
менікі жай ойым ғой, әйтпесе, менде қаржы мәселесі қиын, точна айлығымды жеткізе алмаймын. бірақ кейінгі кездері ойланып қойып жүрмін. осы алсам қалай болар екен деп. сіздер не ойлайсыздар керекшілер…

артынан жазамын, көзіммен көріп, кімдер алып, кімдер тастап жатқанын… алдымен сіздер жазыңыздар.
(айтпақшы, жағдайы бар, табысы мол, айлығымды қажетсінбейтін, машинасы бар, мен машина айдай алмаймын (мені тасып жүрсе қатып кетер еді), үш бөлмелі жеке үйі бар. жас шамасы менен кішілеу, мінезі менің әйелімдікіндей болса (өйткені, біз татумыз), қыбен танысуға, ойланып көруге болатынын естеріне сала салайын.)
Бөлісу:

77 пікір

007
негізі әйелге байланысты, ақылы бар, түсінігі бар әйел екінші әйелге қарсы болмайды деп ойлаймын.

Бұл сіздің әйеліңіздің қарсы еместігіме әлде сізге тоқал болатын әйелдің қарсы еместігіме??????

менде қаржы мәселесі қиын, точна айлығымды жеткізе алмаймын. бірақ кейінгі кездері ойланып қойып жүрмін. осы алсам қалай болар екен деп. сіздер не ойлайсыздар керекшілер…

Қаржы мәселесі қиын болса екінші әйелмен бас қатырудың керегі шамалығой…

Сосын бір сұрақ тоқал алуға басты себеп не?
neoaskar
Маке, алдымен сізге сұрақ, үйленгенсіз бе?
007
үйленгем жоқ
neoaskar
Ер мен әйелдің төсектегі басты міндеті лаззат алу. Еркек табиғатында бір әйелмен шектелуді қаламайды, яғни бір әйелмен тояттай бермейді. мысалы, бір айғырдың он биесі бар, қораздың 10 мекиені бар, қошқардың 20 қойы бар. неге еркек адамда бір ғана әйел, ал неге Құранда 4-еуге дейін рұқсат. сосын әйел адамның ай сайын 3-5 күн келетін демалыс күндері мен туғаннан кейін келетін 40 күн қаны бар. еркек адамда олар жоқ, 24 сағат, апта бойы, ай бойы, жыл он екі ай жұмыс істеп тұра береді. бір әйелмен шектелсең, сол күндері күтіп аспанға қарап отырасың. тағысын тағы…
007
Осыны түсінетін әйелдер бармекен??????
Korkem
мысалы, бір айғырдың он биесі бар, қораздың 10 мекиені бар, қошқардың 20 қойы бар. неге еркек адамда бір ғана әйел
сонымен еркек атаулыны да сана-сезімнен жұрдай хайуанаттар қатарынан жатқыза берсек бола ма?
neoaskar
Адам ақылды хайуан, егер адам ақылынан, сана-сезімнен жұрдай болса, хайуаннан да бетер болады.
bizbike
сізтіпті әйеліңіз жарты жыл сайын босанатындай айттыңыз ғой
007
@neoaskar Менің 1ші сұрағыма жауап бермедіңізғой
neoaskar
Үйленген соң бірден түсінесің, неге тоқал алу керек екендігін… Бал жемеген балаға балдың тәтті екенін қанша рет қайталап айтсаң да, балдың дәмін біле алмайды, алдымен ол бала бал жеу керек
007
походу үйдегі жеңгемізді көндіргесізғой
Adiletshu
Соқырға балды берсең итереді,
Дәмін татып көрген жоқ, қайтеді енді.
Бір қасық балдын дәмін көрсе егер,
Жер сипап іздеп оны кетер еді.
neoaskar
сол ғой дәмін татып, бал іздеп жүргеніміз
bizbike
Кеңес заманында да алған тоқалды. Біздің нағашы апамыздың балалары мен, тоқалдан туған балалар кәдімгі туған бауырдай араласады. Еш сөлекеттігі жоқ деп есептеймін (әрине барлық шарттары орындалса). Ал қоғамда білімі де, дүниесі де, сұлулығы да ешкімнен кем түспейтін, бірақ жар болу, ана болу бақытына ие бола алмай жүрген қыздар қаншама екенін ескерсек, тіпті бұл дұрыс деуге дейін бармын. Шетелдіктердің етегінен ұстап кетпей, өз еңбегімен нанын тауып жүрген қыздар көп, тек оларға бір қаракөз кездеспей жүр.
neoaskar
Дұрыс айтасың, дұрысы өзіміздің көн етіктілер дұрыс. қазағымыздың санын көбейтетін. тек еркек қауымы соған дайын болса, мықты қоғам болар едік…
temir1986
Точно аламын бір 5 жылдықта
Tyulpan
neoaskar мырза, /корей сериалы Ва-банктағы қыздың даусымен/: иөәәәәәәәә, алыңыз, алыңыз. тіпті, еш сөлекеттігі жоқ. 2, ой тіпті, 3 алсаңыз да болады. қандай ғажап ой десеңізші!!! әсіресе, ақша жақсы табатын жаңағы сіз айтқан жағдайлармен алсаңыз қатып кетеді. во!!! еш қарсылығымыз жоқ. еш-еш... қазағыңыздың санын көбейте беріңіз бәлду бәлду  

ата-баба, ата-баба… ата-бабаларыңыз киіз үйде тұрған, атпен жүрген. ата-бабалардан қалыспау керек қой. тура солар сияқты істеңіз

қазір сондай шу шығып жатқанымен, уақыт өте бұл шу да басқа шулар сияқты басылатын сияқты. уақытша құбылыс.

пы.сы. тойға шақыруды мұтпаңыз
neoaskar
керекшілерді бір қуантамын ғой
Ereimen
Екеуін қайдам біреуін әзер алдым, Алла бұйыртса жағдай жақсарып келе жатса ойлануға болады.
mercedes
талабың оң болсын
beka95
мен қарсымын дер едім. көп жағдайда бәйбіше тоқалға күн көрсетпейді, ал табысыңыз мол, үйдегі шаруада қиындық болмаса, екеуіне де бірдей көңіл бөліп, асыл жарым деп сыйлаймын десеңіз сірә, болатын шығар…
bizbike
бәйбіше тоқлаға күн көрсетпейтіндей екеуін бір үйге отырғызып қояын деп па едіңіз, екеуінің екі бөлек үйі болуы керек қой
Beisek
айтпақшы, жағдайы бар, табысы мол, айлығымды қажетсінбейтін, машинасы бар, мен машина айдай алмаймын (мені тасып жүрсе қатып кетер еді), үш бөлмелі жеке үйі бар. жас шамасы менен кішілеу, мінезі менің әйелімдікіндей болса (өйткені, біз татумыз), қыбен танысуға, ойланып көруге болатынын естеріне сала салайын.)
жаман емес. мен де мұндай қызды ойланбастан алар ем) пұл жағынан екi әйелдi ұстауға шамам жетед, бiрақ өзiм моралдық жағынан дайын емеспiн. той жасамай, екеуiне екi үйшiк салып берiп тұруға болады ғой
ken
қазнеттің ең сүйікті тақырыбы
madikon
Меніңше тоқал алуға рұқсатын беретін және тоқал болуға келісетін қыздар аз шығар. есі дұрыс мес болмаса.бұл менің ойым.
kazkozha
neoaskar::: айтпақшы, жағдайы бар, табысы мол, айлығымды қажетсінбейтін, машинасы бар, мен машина айдай алмаймын (мені тасып жүрсе қатып кетер еді), үш бөлмелі жеке үйі бар. жас шамасы менен кішілеу, мінезі менің әйелімдікіндей болса (өйткені, біз татумыз), қыбен танысуға, ойланып көруге болатынын естеріне сала салайын.)

Осындай қыздар болса қарай жүрші артығымен кездесін жатса маған да айт. Мен де біраааааааз ойланайын. Негізі жақсы тақырып!
bireumin
уйдегi женешелерiн руксат берiп койыпты. Алсай маган ыдыс аяк бала шагага комектеседi дид. Уй шаруасын тапсырып озi гулят етiп журмекшi. Онда алмайм дедiм.
neoaskar
Тақырыпқа арқау болған мына оқиға еді: мешітте отырғанмын, бір баласымен бір келіншек келіп жағдайын айтып, көмек сұрапты имамнан. сосын қызығушылық танытып имамнан сұрадық не жағдай екенін. келіншектің историясы былай. 16 жасында байға тиген бір баласы бар қолыдағы сол бірінші байдан, екінші байы екінші туған қызын алып қалыпты, ол қыз екінші байдың қолында қалған (екінші байының жас шамасы 45-тер шамасында), үшінші рет байға тиген одан екіқабат, бала ішінде. қазір ажырасқан. не дерімді білмей отырып қалдым. бірінші көргенде қолында жетектеп жүргін інісі шығар дегенмін. қыздың қазіргі жасы 21де. 1992 жылғы екен. үш жылда үш бай. не деген масқара. қалай тие берген, әлде ала берген еркектер. түсінбеймін. екінші болып тиіп алып, тыныш өмір сүруге де болады ғой. мен екінші іздеп басып қатып жүрсе, жұрттар алып тастай беретін болып кеткен бе деп қалдым.
екінші оқиға, шымкенттен келе жатып автобуспен қасымдағы келіншекпен таныстым, байы Алматыда жұмыс істеуге кеткеніне үш жыл болыпты әлі хабар жоқ, тек звандап аман екенін біледі. өзі әлі ата-енесінің қолында тұрады екен. сосын сымсыз телефоннан (баяғы өсекті солай атайтын) күйеуінің қалада өзінің ауылының бір қызымен тұрып жатқанын, одан бір бала бар екенін естіп, қалаға іздеп келе жатқан беті екен. мұндай да адам болады екен ау дедім, кейіннен әлгі келіншек хабарласты, шынымен де күйеуі сол қызбен тұрып жатыр екен, бір сәбиі бар екен.
сондай оқиғаларды естіп, таң қалғаным бар. екінші, үшінші, төртінші алу деген жай алып тастап кету емес қой. Бірінші әйеліңді қалай алып, қалай қадірлесең, содан кейінгі алғандарыңды да дәл солай етіп, қадірлеуің керек. бірінші әйелге басына орамал әперсең де, екінші әйеліңе дәл сондай орамал әперу керек. арасын бөліп жармай бірдей етіп ұстау Ислам шариғатының басты талабы. сендер қалай ойлайсыңдар,
bizbike
дұрыс айтып отырсыз, екеуіне де бірдей қарау керек. Жоғарыда сіз жазған жайттардағы еркектер де сұмырай екен
Korkem
Бұл немене қыздардың құлағына алтын сырға ма?
VKM
осы жігіттердің ойлағаны- көп әйел алу екен(((
Артық ақша не тасып жатқан энергия болса, басқа да ізгі іске жұмысауға болады ғой
neoaskar
ой қарындасым-ай еркек болмаған соң түсінбейсің ғой, еркектерді, біз де түсіне бермейміз, неге екіншіге қарсы екендіктеріңізді
VKM
айтпақшы үлкен ұлым биыл 5-ке толады, соны сүннеттеу керек, екіншісі 3-ке келеді, оны да қосып жіберсем бе деген ой бар, үшіншісі 1-ге келеді, оптым сүннеттесек оптовый етіп жіберсем бе деген ой да бар. қуаныш көп болсын,
ағамыз еще тоқал алғысы келеді.Не дейміз енді, маладессіз))))
bizbike
"Өзбек байыса там салады,
Қазақ байыса қатын алады" деген тегін айтылмаған ғой
edige
Ай, қайдам... Қазірде рұқсат сұрамайтын еркек пен рұқсат беретін әйел келмеске кетті…
Бұл әңгіменің арқауы ахи мен ухтилер шығар… Бұл туралы өткен жылы талқылағанбыз
қызыққандарға сілтеме
neoaskar
ол кезде мен жоқ едім…
ken
мен, негiзi, қарсы емеспiн. алғысы келгендер тiптi он данасын алсын.
сұрайын дегенiм, төрт данадан алуға рұқсат туралы құранның қай сүресiнде жазылған?
neoaskar
Егер (үйленгенде) жетім әйелдер жайында әділетсіздік істеуден қорықсаңдар, өздеріңе жаққан басқа әйелдерден екі, үш және төртке дейін үйленіңдер. Сонда егер тең ұстай алмаудан қорықсаңдар, онда біреу алыңдар немесе қолдарыңдағы күң де болады. Әділетсіздік болмауға жақынырағы осы. (Ниса сүресі, 3-аят)
kuran.kz/sureler/4
VKM
neoaskar,әрине, тағы 3-еу алыңыз. Бізді тойға шақыруды ұмытпаңыз.Егер төбелес басталып кетсе, мен 1-ші әйеліңіз жақта «соғысамын»))))))
Tyulpan
мен де 1-шіні қолдаймын. қару-жарақ, киім-кешек, тамақпен қамтамасыз етемін.  
neoaskar
қойыңдар. біріншім жақсы, ондайға бармайды, қайта қуанып қалар, қолым ұзарды деп,
asaubota
бұрын мына жерде талқылаған едік, қарап көріңдер kerekinfo.kz/blog/saualnama/6315.html
neoaskar
Неге осы Ислам дінінде көп әйел алуға анығы 4 әйелге дейін алуға рұқсат етілген, ойланғандар бар ма?
mercedes
Өйткені еркектің қажеттілігі сол ғой. Адам ешқашан бір әйелмен қанағаттанбайды. Полюбому сенің көзің басқаға түседі. Алла Тағала да бекерден бекер 4 әйелге рұқсат бермеген ғой!
ken
негiзi, көп әйел алу арабтарда құранға дейiн де болған.
сосын Мұхаммед пайғамбардың 15 әйелi болған екен. ал кейбiр деректер бойынша тiптi 21 әйелi болыпты.
Korkem
иә, онда да пайғамбарымыз соғыста қаза тапқан, яки панасыз жесірлерге көмек ретінде үйленген, қазіргідей өзгенің жап-жас, пәк қызына болмаса досының қарындасына немесе көшеде кездескен көптің біріне емес
ruben
Мұхаммед пайғамбардың 15 әйелi болған екен. ал кейбiр деректер бойынша тiптi 21 әйелi болыпты.
12 әйелі болған — амиго — нақтырағы.
neoaskar
21 де, 15 те емес, 12 әйелі болған, хадистерде айтылған, деректер бар
Aidakonya
1) бiр айелдi карк кылып алындаршы, 45-50 жетпей олiп кала бересiндер (санак бойынша), токал алу ушiн акшадан баска денсаулыкта керек
2) болашакта не кутiп турганын бiлмеймiн, бiрак байымды ешкiмге бермеймiн
Daniar-Alan
няғылдың өзі сен маған тиетін болдың ба?
Aidakonya
Калын мал жагы не боватыр?
Marco
45-50 жетпей олiп кала бересiндер
қатаң!!! Денемді түршіктірдің ғой, бәле қыз! )))
VKM
Марко да тоқал алғалы жатыр ма деп оқуға кірсем))))
Marco
Үміткерлер қатарына тіркелейін деп пе? )))
VKM
  хихи, жоқ, мен жалғыз болғым келеді
bake
Бір әйел, екі әйел ал, мәселе үйдегі татулықта. Жұмыс істеп табыс табуға ең көп кедергі келтіретін үй ішіндегі татулықтың жоқтығы. Татулық болса табыс өзі келеді, жоқ болса қашады. Біреуімен немесе екі әйелмен тату өмір кешесің бе өзің біл. Бұл жағдайда Заңнан гөрі тату өмір кешеміз деп бел байлаған адам санынмен сапасы көпті шешеді. Әйел адам өз құқысы бұзылды деп таппаса, Заң өз рұқсатын береді))
Armanjan
Бұл өзі бір сондай, алға кетіп қалсаң бұрылып артқа қарайтындай, артта қалсаң алға мойын созып ұмтылатындай, елең етіп делебең қозып құлақ түретіндей жақсы бір тақырыпта қозғалған әңгіме екен.
neoaskar
Айтпа, халал колбаса жегендей ұмтылып тұрасың ғой, өлейін деп жатқан бір шал, "қыз" екен десе, басын көтеріп: "қані" депті ғой баяғы…
Armanjan
еееее, болашақта сол шалдың жолын берсе де артық болмас деймін.
Armanjan
Пікірлерге қарап отырып мынандай қорытындыға келдім. Біреуін алып алған соң екіншісіне бас қатырып, өзіңнің де өзгенің де мазасын алып, береке-бірлікті құртқанша, асықпай-саспай екі қызбен жүріп, әбден келісіп, пісіп-жетілген кезде қатар үйленсе дұрыс па деп қалдым. Мысалы мен армандап көрейін (еш жаман ойым жоқ, жамандық іздемеңдер) Мадлен мен БыКы-ға қатар үйленіп алсам, сөйтіп үшеуіміз бір шаңырақ астында тату-тәтті өмірді с нуля бисмиллә деп бастап жіберсек…
ademi_alem
асықпай-саспай екі қызбен жүріп, әбден келісіп, пісіп-жетілген кезде қатар үйленсе дұрыс па деп қалдым.
)))))))))))))))))
VKM
Қумаши, Арманджан.
Tyulpan
сіз не, әлі үйленбегенсіз ба не? мен сізді көп балалы әке кен деп жүрсееееееем
Tyulpan
Арманджонға айтам ))
Armanjan
Айтқаның келсін, аузыңа май, қазағымызды көбейтіп үлес қоса алсам жаман болмас, Т.Ұлпан-ау, онан да арманыңыз орындалып қос сұлуға қосылыңыз деп тілеп жібермейсің бе?
Tyulpan
Арманджон, жоқ и. тоқал-моқал деген не ол? бардак, шым-шытырық бірдеңе. ешкімге тоқал бол деп айта алмаспын. содан кейін басқа елдерден ұят болады. сөйте-сөйте африкадағы бір елдер сияқты болып кетпесек бопты. 1 адал, жалғыз, сұлу, ешкімді алмастыра алмайтын жан жарыңызбен-ақ қазақтың санын көбейте беруге бомайт па не?  қазақтың санының өсуі тоқал алуға ғана қарап қалған ба не? басқа проблемлер көп қой көп әйел алудан басқа...
ВКМ и, мына тақырыпқа жоламау керек. а то қорқынышты нәрсе кен. джаман. жұғып кетіп жүрсе ))))
VKM
Tyulpan. Мен де жәй қуғанмын. Мен классикалық жанұя жақпын. 1 жігіт,1 қыз+ балалары))
Daniar-Alan
мынаны оқышы
neoaskar
Дәке мықты жазылған, ай әйелдер осыны түсінбейді ғой, түсінбейді,… әйтпесе мына қыздардай тәлпіштенер ме еді, біреудің шырқын бұзды, біреудің бірдеңесі болды деп, бізге де керегі осы ғой, Құдай қаласа сол Жетпісбайымды қолыма ұстап, Сексенбайды тербетіп отырсам арман бар ма,
Tyulpan
ВКМ-ға берген плюсымды кім минустапстаған?

менің иорданиялық араб досым айтып жатыр, қазір бізде сол үрдіс азайып жатыр деп. 2-ші әйел алу накладно дейді. содан кейін құранда айтылғанмен қатар, елде заң бар дейді: 1-ші әйелдің рұқсатынсыз 2-шіні алуға болмайт деген. тіпті, неке де қидырып, ашына ұстауға тиым салынған дейді. көп себептердің бірі, 1-ші әйелдер күйеулерін не басқа әйелдерді өлтіріп, ел ішінде іріткі болып кетті дейді. мемлекет, көрдіңіз бе сондай заң шығарып отыр. ал мемлекет басында ол жерде әйелдер отырған жооооқ. заңды еркектер өздері шығарып отыр. сондықтан естері бар болса бізде де бұл шудан да, тоқал алудан да әлі жалығар, дұрыс емес екенін түсінер. қайталап айтамын, уақытша құбылыс.

егер бізде тоқал алу заңдастырылатын болса, небір адамның күлкісін келтіріп, қуып кеткен заң шығарып жүрген елдердің қатарына автоматты түрде қосыламыз. ой, қандай масқара. ал мен онда сол елдердің заңына күлуді ресми түрде тоқтатататын боламын…
Adiletshu
Иә. Заң шығарып керек емес. Бірақ, екінші әйел алды екен деп жазалаудың да керегі жоқ. Общым осылай тұра бергені дұрыс
007
Біздің елде мынадай заң шығарса жағдай жетіп тұр,, екі әйелі бар отбасыларға мемлекет тарапынан әлеуметтік,қаржылай көмек жасап тұрса
Tyulpan
007, мәселе мемлекеттің жағдайында емес, отбасылардың жағдайында ғой? жеке бақыт үшін мемлекетке жалтақтауды қашан қояды екенбіз? сіз екі әйел алды екен деп енді мемлекет сізді асыраса екен дейсіз ғой?
007
мәселе онда емес мысалы көп балалы отбасыларға жеңілдіктер жасалып жатадығой сол сияқты болса,,,, немесе көршілес Ресей елінде әр бала 5 жасқа келгенде сол отбасыларға ақша береді дейді… Арабияда әр бала туғанда мемлекет оған ғұмырына жететін ақша аударады дейді… біздіңде мемлекет сондай бірдене істесе дегенімғой осы тақырыптағы жағдайға байланысты… себебі осы тақырыппен табыс көзі,қаржы мәселесі бірге жүреді
kazkozha
Арманжан Тұлпанды да қоссай қатарларыңа. Дінде 4 әйел алуға рұқсат етілгенғой