Жаман айтпапты

Он жеті жасымда келіп едім

Біздің ауылда Қабен деген қария өмір сүрді. Ескіше де, жаңаша да оқыған, сауатты, көрген-түйгені мол адам еді. Қалжыңға да шебер болатын, бір айыбы — өтірікті тым көп айтатын. Сондықтан ол айтыпты деген сөзге сырын білетін адамдар илана бермейтін.
Әрі қарай

Шайтан бар ма?

Бір жиында отырмыз. Шариғат туралы әңгіме жүріп жатыр. Арасында әзілі де аралас:
«Білім алып жүрген бір шәкірт „Осы бұрын пайғамбарларға шайтан көрініпті, шайтан үйтіпті деген мәліметтерді көп оқимыз. Қазір шайтан туралы айтылмайды. Неге?“ деп ұстазына сауал беріпті.
Ұстазы: — Қазір шайтан жоқ. Барлығы ақысыз демалысқа шығып кеткен. Шайтанның тірлігін адамдар жасап, оларға жұмыс қалмады!» анекдотқа бергісіз әңгімені айтып бір күлдіріп алды.
Жалпы шайтан Дәуіт пайғамбарға көрінген екен. Сонда екеуи сұқбаттасып, шайтан барлық адамдардың нәпсілерін тауып, әлсіз тұстарын атап көрсетіп жатыр екен. Дәуіт пайғамбар өзінің нәпсісін сұрағанда, айтыпты «сенің нәпсің қарның тоқтықта, қарның тойса ойланбайсың» деп жауап қатыпты. Соны естіген Дәуіт пайғамбар өмір бойы шайтанмен күресіп, бір күн ораза, бір күн ас ішіп өткен екен. Ең асыл ораза Дәуіт пайғамбардың ұстаған оразасы деп осыдан қалған екен.
Көптеген қызықты мәліметтер айтылды. Тыңдап отырып, рухани ізденіске жол ашылғандай әсер қалдырды. Вирус — шайтан, антивирус — иман деп қазіргі заманғы ұғынықты тілмен тамаша теңеп түсіндіре білді.
Әрі қарай

Еріккен екеу

Назгүл Қожабекова
Көзің қайда, көшеден мені іздеген,
Сөзің қайда, жанымыз егіз деген?
Терезеңнің алдына келіп тұрмын,
Көгершіндей қысты күн жем іздеген…

Айсұлтан Жақыпов
Өткенді ешкімнен де жасырмаймын
Мен саған ендігәрі бас ұрмаймын
Көгершін болсаң қайтейін жем іздеген
Аквариумде балық қазір асыраймын

Назгүл Қожабекова
Өткенді жасырсаң да, елесі бар,
Бәрібір өшпек емес ол ойыңнан.
Ақ қанат көгершінді менсінбесең,
Сұп-суық балық салып жат қойныңа.

Айсұлтан Жақыпов
Елесті өшіретін амал бар ма?
Сурет боп тізбектелер жанарларда
Мен көргенде көк қанат көгершін ең
Қанатың қарттық келіп ағарған ба?

Назгүл Қожабекова
Көк аспанда шарлаған талмай ұшып,
Қанаттың ағарғаны ағат емес.
Қойныңызға балық сап жылынсаңыз,
Сізге де жастық шағың болған елес…

Айсұлтан Жақыпов
Жігіт ем талай топта «атойлаған»
Бірде дұрыс бір жерде қате ойлаған
Көгершінім, бір сұрақ қояйыншы
Қойныма не салғаным на қой саған?
Әрі қарай

Елікбаев дәрісін тыңдаймын десеңіз...

Достар, менің Chesnok компаниясында жұмыс істегеніме бір айға жуық уақыт болды. Осы уақыт ішінде көп байқағанымның бірі — қазақ сайттарына деген интернет-бизнестің оң ниетінің артуы. Ішкі-сыртқы әңгімеге көз тастай отырып қорытынды шығарғаным солшыл (әлде оңшыл?) оптимистік сипатта: жақын арада қазақ блогшылары, қазақ сайттары осы кезге дейін оқта-текте әріптес болып келген ақша берушілермен тұрақты қарым-қатынас орнатады.
Әрі қарай

Мен күтіп жүрген форум

Алматы қаласында 23-24 мамырда Достық қонақ үйінде төртінші рет өткізілейін деп отырған InternetCA-2013 форумы жайлы естіген боларсыңдар (әрине, менің әлеуметтік желіге қоймай жазуымнан).

Шыны керек, бұдан алдыңғы форумдарға қатысып көрмедім. Бірақ, керекті ақпараттармен таныстыратындығы анық. Осы форумды ерекше күтіп жүрмін. Мұның бірнеше себептері бар.

Интернеттің жұмысы жайлы толық білмейтін мен үшін бұл ең алдымен қызық. Қазақстандағы интернеттің техникалық тұрғыдан жүзеге асуы, ғаламтордың құрылымы, сайттардың дүниеге келуі, бұл торда өзіңе қатысты ақпараттардың конфедициалдығы, құқықбұзушылықтардың заңдық тұрғыда жазалануы, жалпы Казнеттегі барлық-барлық өзгерістер туралы ақпараттанғым келеді. Болашақта осы салаға қатысты жобаларымды жүзеге асыруға көмектеседі деп ойлаймын.

Көкейдегі сұрақтар;

Бір жағынан шет елден келетін сарапшылардың қорғайтын тақырыбы да қызығушылығымды оятпай қоймады. Халықаралық ұйымның өкілі ретінде арнайы шақырылған ЕҚЫҰ Өкілдігінің БАҚ-тағы сөз бостандығы мәселелері жөніндегі бюросының директоры Андрей Рихтердің «Международные стандарты правового регулирования Интернет» және Литвадағы Журналистер Одағының басшысының "Әлеуметтік мәселелерді шешудегі креативті интернет-шешімдер" тақырыптары қызықтыра түсті. Біз білетін құқық реттеушіліктен басқа не айта алар екен, не қоса алар екен? Аталған сауалдарға форумда көңілге қонымды, пайдалы, тың жауап аламын деп үміттеніп жүрген жайымыз бар. Бізге дейін түрлі интернет саласына қатысты форумдар, конференциялар өткізіліп жатқандығын ескере отыра, өз басым осы күнге дейін тыңдамаған мына бір тақырып назарымды аударды. «Проблемы доступа к правовой информации на интернет-ресурсах государственных органов Казахстана» атты баяндаманы ЖШС «Компания «ЮрИнфо» бас директоры Игорь Лоскутов оқиды. Сонымен қатар, форумға Қазнеттің біз білетін белгілі тұлғалары да баяндама оқып, презентация қорғайды. Қазақ интернетінің дамуы жайлы баяндамалар форумға баланс береді. Садық Шерімбек, Жалғас Ертай, Нұрлан Құлымбетов сынды бізге белгілі тұлғалар презентация қорғайды.(Садық пен Нұрланның презентация қорғағанын көрмеппін) Тақырыптар мен интернетке қызығушылықты бірінші себепке жатқызып келесі себепке көшейік.

Көптен көрмеген достарды көріп, улап-шулап қалу;

Блог саласында, жалпы интернетте араласатын достарыңның көп болғандығына не жетсін?! Күнде кездесуге кейде мүмкіндік, кейде уақыт, кейде,әлің жетпейді. Монитордың артынан хал-жағдай сұрау әдеттегі дүние. Офлайндағы кездесу достардың жаңалықтарымен бөлісуіне, жаңа идеялардың туындауына, Тимур айтпақшы, аралас-құрмалас сөйлемдер айтуға мүмкіндік береді. Облыстардан жиналатын, форумға әдейілеп келген достармен тағы бір рет кездесіп, фотоаппаратқа шырт-шырт етіп суретке түсіп, «былай түсір, менімен түс, мында түсір» деген әңгімелер, бітпейтін тақырыптарда бөсуге күшті мүмкіндік. Кездесулер адамдарды жақындататыны сөзсіз.

Менің жыр болған бір жылдық дипломым;

Неменеге дипломын «пихать» етіп отыр деп сөкпеңіздер. Бұл мен үшін жыры ең көп, жатсам-тұрсам, жұмыс істеп отырсам да, жазып отырсам да ойлайтын ең ауыр, психозды ой. Жылдың басында тақырыбымды бекітіп алып бір жапырақ жоспармен, әлі шегіртке болып жүрмін. Неге жазбайсың енді? Е ее е еее-йй, жоқ оған материал, жоқ! Қазақстандағы алғашқы БАҚ сайттарының пайда болуы жайлы энциклопедия жазған адамды он рет аспанға лақтырар едім. Орысша материалдар болғанымен фотожурналистикаға қатысты кітап жоқ. Сонша шаршайтындай, қандай тақырып? «Отандық сайттардағы фототуындылардың ақпараттық мазмұны мен ерекшеліктері» деген фотожурналистикаға қатысты бір түйір ғана қазақша кітап бар тақырып. Бір түйір кітаптың өзі де фотожурналистикаға емес, фотографияға арналған.
Форумға келген қатысушылар мен қонақтардан, диктофонымды арқалап сұхбат алып, дипломдық жұмысыма материал жинаймын. Егер келейін деп жатсаңыздар маған көмегі тиетіндей материалдарыңызды арқалай келсеңіздер жақсы болар еді… Елдің зығырданын қайнатып, қисық-мисық сұрақтарымды қойып аламын деп жүрмін. Көрерміз қалай боларын…

Мен үшін осындай маңызды себептер бар. Сондықтан достар, сіздердің жарқын жүздеріңізді көріп, бас ауыртатын проблемалардан алыстағыңыз келсе, форумға келіңіз. Сіз сөйлемесіңіз мен сөйлеймін.

Жолда келе жатып адресті ұмытып қалып жатсаңыздар: Алматы қаласы, «Достық» қонақ үйінде (Құрманғазы к-сі 36, Қонаев к-сі қиылысы. Мамырдың 22-23 күні таңертеңгі сағат 09:30-да тіркеуде көріскенше.

Не да, не ғой, материал, ақпарат ұмытпаңдаршы… болып жатса…
Әрі қарай

Тесік шелек


Үндістанда су тасығыш бір кісі екі шелек алып, иін ағашпен су таситын болса керек. Алайда екі шелектің біреуі тесік екен. Бүтін шелек өзіне кұйылған суды қожайынның үйіне сол күйі шашау шығармай жеткізеді екен де, ал тесік шелек болса, толтырып қүйылған судың үйге жеткенше жол бойы сыздықтатып отырып, әрең дегенде жартысын ғана
Әрі қарай

Тілек

Биылғы қыс жаныма мұң сыйлаған
Мен енді терең деммен күрсіне алам
Әжем кетті Фәниден Бақи жаққа
Кеудеме шуақ құйып, нұр сыйлаған

Көктемде қуантпады жылдағыдай
Айымның сол жағымнан туғаныма-ай
Мамыражай мамырда атам кетті
Болар деп кім ойлаған тура былай?!

Демеймін әлі шикі бозөкпемін
Келмейді бірақ жылап безектегім
Жаныма бір жылылық сыйлаңдаршы
Жаз бен күз күтіп тұрған кезектерін
Әрі қарай

Қайран күндер, сайран күндер артта қалған

Жетінші сыныпта оқитын кезім. Каникул шығысымен көрші ауылдағы нағашымның үйіне бардым. Менен 2-3 жас үлкен Азамат есімді баласы бар. Ойына келмейтіні жоқ. Әйтеу күнде бірдеңе ойлап табады, күнде қызыққа батамыз сол үшін нағашымыздан сазайымызды тартыпта аламыз кейде.
Әрі қарай