Қайран күндер, сайран күндер артта қалған

Жетінші сыныпта оқитын кезім. Каникул шығысымен көрші ауылдағы нағашымның үйіне бардым. Менен 2-3 жас үлкен Азамат есімді баласы бар. Ойына келмейтіні жоқ. Әйтеу күнде бірдеңе ойлап табады, күнде қызыққа батамыз сол үшін нағашымыздан сазайымызды тартыпта аламыз кейде. Бірақ сол кездегі аңғалдықпа тез ұмытамызда тағы бірдеңе бүлдіреміз. Итке араққа езіп нан беру, көршінің тауығының көзіне изолент орап жіберу, дәретханаға ашытқы салу айта берсек ондайлар толып жатыр. Бір күні көршінің үйіне қаладан екі қыз келді біз қатарлы. Ол үйдіңде бір қызы бар болатын Азаматтың сыныптасы. Жандарына барамыз бірақ бізді менсінбей салымыз суға кетіп жүрген. Әдеттегі бір күн тапа-тал түсте үш қыздың моншаға кіріп бара жатқанын көрдік. Азамат маған қарап дереу жымың-жымың қақты. Ойына бір бәле келгенін менде сезіп тұрм. 10-15 минут өткесін монша жаққа қарай жақындадық. Азамат жайлап барып есігін тартса ашық тұр қыздар ары қарай кіріп кетіп жуынып жатқан көрінеді ол жақтың есігі жабық тұр. Жаймендеп аяғының ұшымен кірді де қыздардың бүкіл киімін құшақтап алып шықтыда қарсы тұрған лапастың астына апарып қойды. Дереу шарбақтан секіріп үйге қарай зыттықта қора жақтан не болар екен деп сығалап отырдық. Бір сағаттай уакыт өткенде моншаның есігі ашылдыда одан бір қыздың басы қылтиды бірақ қайта кіріп кетті әлден уақытта кішілеу қыз тазикпен қалқалап алып лапасқа қарай жүгіріп киімдерді тасып жүр. Оны көрген біз ішегіміз қатқанша күлдік бірақ артынан біз екенімізді біліп қойды ар жағын не болғанын өздеріңізде жорамалдап отырған боларсыздар…
Тамыз айының орта кезі Азамат біздің ауылға келді. Кешке дейін ойнаймыз бірақ монша оқиғасынан кейінгі нағашыдан оңбай таяқ жегенімізден кейін тентектікті ұмыта бастағанбыз. Кешкілік аулада шемішке шағып отырғанбыз тағы жынымыз қозбасы барма. Оған себеп өзі толық -көрші келіншектің шарбаққа жайылып тұрған 7-8 дамбалы болды. Үйіндегілер көк маздаға тиеліп алып кетіп қалғанын көзіміз көрген болатын. Азамат маған қайшы алып келші деді. Дереу айтқанын орындадым. Қоршаудан секіріп түсіп барып әр біреуі жайылып тұрған шарбағының жартысын алып жатқан дамбалдардың бірін қалдырмай ортасынан қайшымен қиып кеттікте үйге барып жаттық. Таңертең көрші келіншектің даусынан ояндым. Біліп қойған екен деп зәрем зәр түбіне кетті. Ол осылай болыпты деп айтып отыр біздің үйдегілер тоқтай алмай күліп отыр. Бірақ бағымызға орай біз екенімізді сол бойы ешкім біле алмады.
Бөлісу:

24 пікір

torgai
Ақыры кірген соң кіру керек еді соңына дейін. Ей бір)))
Daniar-Alan
 лібәә… мышықтың басын жарып көрдіңдер ма?
007
мышықтың қарғысы жаман деген әңгіме болатын сол үшін мышыққа жоламайтымыз
Daniar-Alan
лібә… ағам екемуіз көргеміз… миы шашылып кетеді… Ақымақпыз ғой… Кішкентай күнімізде
007
мышықтың құлағына су құйса сеспей қатады
Aya
оны қалай жарады?)
Ottegin
Штирлиц мысықтың аузына бензін құйды. Мысық он метр жүгре беріп құлап түсті. «Бензіні бітті»,-деп ойлады Штирлиц
Соңғы түзету:
zhanara2013
Итке араққа езіп нан беру, көршінің тауығының көзіне изолент орап жіберу
мыналарың сұмдық екен
satibaldi
Кілең киборгтар епті, маньяк-убитсалар Қалай ғана Жер-мақанды басып жүрсіңдер епті?
zhanara2013
Соны айтсаңызшы, мұндай бұзық болатындарын кішкентай кездерінде білмей қалған ғой мамалары
Daniar-Alan
әйтпесе тумайтын бед?
zhanara2013
Тумаса да ойланар еді ғой…
zhanara2013
Інім айтады маняктың барлығы мұнда кіріп алыпты ғой деп…
Adiletshu
Тез жүгіретін «неміс» құмырсқалардың илеуіне солярка құйып өртеп, жәй жүретін "қазақ" құмырсқалардың илеуіне бидай шашатынмын
zhanara2013
Қүмырсқалар өздерін таныстыратын ба еді?
Біз — немістерміз, біз қазақтармыз деп…
Сонда да "қазақ құмысқаларға" бидай шашқан ақ жүрегіңнен айналдым…
87026979034
балалықта осындай жасап тұрмаса, кейін айтатын қызықтар болмай қалады))
Nur
Торкөз пакетке көгершінді салып, жібере салсаң, торынан қанаттарын, басын шығарып алып ұшып барады да, ағашқа ілініп қалады)))
Anar70
мысықтың басын жару деген ужссс
bazuka
туалетке ашытқы шашқанда не болады?))))
Anar70
айтпа, елестетудің өзі страшно ғой))))))))))))))))
007
шілденің шіліңгір ыстығында ауылдың туалетіне ашытқы салса бәрі быршып жоғары көтеріледі, егер толайын деп қалған туалет болса тасыпта кетуі мүмкін