Любка

«Любка» атты фильмді аяқ астынан тауып, көріп шықтым. Фильм өмір шындығын көрсеткен. Операторлық жұмыстар жоғары деңгейде, елуінші жылдардың ақ-қара түсін, кейіпкерлердің киімін, шаш үлгісін, әуенін жақсы әшкерелеген.
Фильмнің басты кейіпкерлері ретінде екі қыздың өмірі алынған. Бірі еврейдің зиялы отбасынан шыққан жас дәрігер Ирина енді туылған қызы мен анасы үшеуі Мәскеуден кішкентай қалашыққа жұмыспен жіберіледі. Көп ұзамай анасы көз жұмып, дәрігер қыз бүлдіршініне қарайтын адам іздейді. Бірақ металлургиялық қоныстың басты контингенті ерікті жалдамалы жұмысшылар мен түрмеге отырып шыққандар болғандықтан, тиісті бала бағушы табу қиынға соғады. Және екіншісі бала бағушы ретінде жұмысқа алынған — Любка. Ирина ата-анасының алақанында бағып-қағылған қыз болса, Любка — өмірдің қаталдығы мен тағдырдың тауқыметін көріп өскен, өте өжет, батыл, адамдарды ажырата білетін адам.
Қарап отырсақ, сол кездегідей қиын заман болмағанда, мұндай екі түрлі жан бір-бірімен осы өмірде өте сирек жолығу керек секілді. Алайда, жан-жақтағы ел түрмеден шыққан қыз деп шулағанымен, Ирина Любкаға сеніп, екеуі бірге қиыншылықтарға төтеп берді. Шын мәнінде де, жанашыр жақын адамға деген ықыласқа, ыстық ұяға өмір бойы шөлдеп келген жетім көңілге Ирина бір үлкен тірек болып көрінді. Ал нәзік жанды дәрігер қызды еврейсің деп жұмыстан шығарып, елдің қысымын көріп, қайғы жұтып, сағы сынған кезде, Любка тіреуіші болып, бойына әжептәуір қуат қосып, еңсесін тіктеп алады. Сөйтіп екеуі біріне-бірі қамқор болады. Фильмнің соңында екі кейіпкердің жолдары бөлек кетеді. Тағы да осы өмірде кездеседі ме, белгісіз…
Актерлер өз рөлдерін тамаша сомдап шықты. Любканың рөлінде ойнаған Елена Лядова актриса ретінде қатты ұнады. Қоңыр, жуан дауысы өзіне сондай жарасымды. Бұл фильмнен кейін, осы актрисаның басқа да «Везучая» атты фильмін көрдім.

Киностан: Любка
Әрі қарай

Еркебұлан Жолдасов: Адамның психикалық жан-дүниесін ашып көрсетуге тырыстық

Киностан: Еркебұлан Жолдасов: Адамның психикалық жан-дүниесін ашып көрсетуге тырыстық

Ақпан айының 20-сында қазақстандық кинопрокатқа «Фуга. Дорога в никуда» атты көркемсуретті фильм шығады. Киностан жобаның сценарий авторы Еркебұлан Жолдасовтан алынған сұхбатты сіздердің назарларыңызға ұсынады.
Әрі қарай

№ 5 эстафета: Өлеңді аудар

Бұл кімнің өлеңі екенін білесіңдер барлығың. Барлығын аудара алмасақ та, үзіндісін болса да, көрейік тырысып.
Если друг оказался вдруг
И не друг, и не враг, а — так,
Если сразу не разберешь,
Плох он или хорош,-
Парня в горы тяни — рискни!
Не бросай одного его,
Пусть он в связке в одной с тобой — Там поймешь, кто такой.

Если парень в горах — не ах,
Если сразу раскис и — вниз,
Шаг ступил на ледник и — сник,
Оступился — и в крик,-
Значит, рядом с тобой — чужой,
Ты его не брани — гони:
Вверх таких не берут, и тут
Про таких не поют.

Если ж он не скулил, не ныл,
Пусть он хмур был и зол, но — шел,
А когда ты упал со скал,
Он стонал, но — держал,
Если шел за тобой, как в бой,
На вершине стоял хмельной,-
Значит, как на себя самого,
Положись на него.
Әрі қарай

Құрбақаның қағидасы

Құрбақаны ыстық суға лақтырса, не болады? «Бұл жер ыңғайсыз, дереу бұл жерден кетуім керек» — деп құрбақа жылдам шешім қабылдайды да тездетіп судан тысқары секіріп кетеді. Ал егер дәл осы құрбақаны салқын суға салып, астынан баяу от қойса ше? Құрбақа әлсірей бастайды. Судың жылуын сезе бастаған құрбақа: «маған кішкене жылулық артық етпес»-деп ойлап, рахаттанып жата береді. Ал бұл оқиға сумен бірге қайнап, құрбақаның пісіп кетуіне әкеледі.
Әңгімеден түсінгеніміздей, ақиқатында, бұл өмірде барлығы кішігірім нәрседен басталып, жинала береді. Қарыздар, күнәлар, артық салмақ, денсаулықтың нашарлауы, білім, ауқаттылық. Күнделікті ұсақ-түйекті жете бағаламауға болмайды. Дүниенің алма-кезек екендігін әсте естен шығармаған абзал!
Ғибратты әңгімелер: Құрбақаның қағидасы
Әрі қарай

№4 эстафета: Өлеңді аудар

Қазақша үйренейік: №4 эстафета: Өлеңді аударӨлімші болып ұмтылған соң ба, әлде бәсекелестік аз болған соң ба №3-ші эстфетаны жеңдім. Ал шабыңдар. Гетеден бір өлең.

Помню, как она глядела —
Помню губы, руки, грудь —
Сердце помнит — помнит тело
Не забыть. И не вернуть.
Но она была, была!
Да, была! Все это было:
Мимоходом обняла —
И всю жизнь переменила.

Сілтеме
Әрі қарай

Бұл қай Керекші? #9

Бұл эстафетаның таяғын жұма күні Korkem маған ұстатты. Интернетке тек жұмыс күндері ғана қол жеткізетін мен: уақыттан ұтылдым. Кешіккеніме кеңпейілділік танытып, «ерунда, ештеңе етпейді» деп қойып,, келесі жасырылған керекшіні тауып көріңдер. Дұрыс жауабын осы жазба жарияланған уақыттан бір тәулік өткен соң барып, айтамын. Жауап ретінде тек бір ғана қолданушының аты көрсетілуі — міндет

Эстафеталар: Бұл қай Керекші? #9Танысу-сұрақ: Әдепкі күн тәртібі қандай?
Ж: Таңертең тірі оянғаныма шүкіршілік айтып, бұйырған несібемді теріп жеп, жатарда Алланың хақ екенін тағы да мойындап жату;

Эстафеталар: Бұл қай Керекші? #9Ыңғай-сұрақ: Сұрақ, не жауап! Қайсысы маңызды? Неге?
Ж: Екеуі бір-бірімен тығыз сияқты меніңше. Менде көп сұрақтар бар, бірақ көбісінің жауабы мардымсыз. Мардымсыз жауап алған сайын өзім топас сұрақтар қоятынымды мойындаумен келемін;
Әрі қарай

Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы

  • KazNET
KazNET: Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы

"Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы" деп аталатын бұл жоба, Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі, оның ішінде ғаламтор әлеміндегі бостықты толтыруды көздейді, өздеріңіз білетіндей Қазақ тілді ғаламтор әлемінде білім саласына қатысты сайттар көбейіп келеді, сол сайттардың ішінен ешқайсысына ұқсамайтын өзіндік ұстаным қалыптастырып, өзіндік функцияларымен ерекшеленетін портал құру біздің көздеген мақсатымыз болды, осы барыста көп іздендік, басқа сайттарды зерттедік, сараптама жасадық, немен ерекшеленеміз деп ойландық, бұдан бұрын сайт құруда жиналған тәжірибемізден қортындылар шығардық, көпшілік әріптестеріміздің (ұстаздардың) ІТ технология жағынан әлі де ең бастапқы деңгейде тұрғандығын назарға алдық, ең бастысы сапалы да қолжетімді ортақ білім қорын құруды мұрат еттік. Осы қорытындыларды сарптай келе сайттың функционалдық мүмкіндіктерін ұстаздарға барынша бейімдеуге тырыстық, ал патша көңілді ағайын сайттың бета нұсқасына бағаларыңызды беріп, сын көздеріңізбен қарап жіберсеңіздер, сурет жағынан біраз кемшіліктері бар, суретті барынша сапалы көрсету үшін жұмыс істеп жатырмыз, аударманың сайт бетіндегі лекцикалық сәйкестігін қадағалап, байқалған қателіктерді дұрыстап жатырмыз, неде болса Қазнетке жаңа сайт қосылды.
Әрі қарай