Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды!

Құрметті КерекИнфо сайтының қолданушылары!

Жақында ашылған bilim-all.kz сайтын көріп, ой пікірлеріңізді айтып көмектессеңіздер. Пікірлеріңізге қарай сайтқа жаңалықтар, өзгерістер енгіземіз. Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды! Тәй-тәй басып келе жатқан қазақ тілді сайттың дамуына өз үлесіңізді қосыңыз!

Пайдалы сайттар: Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды!

www.bilim-all.kz сайтына өздеріңіздің немесе өздеріңізге ұнаған даналық сөз, ой-толғау, әзіл, анекдоттар, өлеңдер, сабақ-жоспар т.б енгізіп, сайттың оқырмандарымен бөлісе аласыздар.

Сайттың кейбір бөлімдері:

Ұлағатты сөздер
Салт-дәстүр
Информатика
Хайуанаттар әлемі
Суреттер сөйлейді
Өлеңдер
Анекдот, әзілдер
Ертегілер
Жұмбақтар Т.б
Әрі қарай

Жаралы менің жүрегім

Негізі өлеңңң… дәл уақыты есімде жоқ енді 2010-2011 жылдары ақынсымақ боп жүргенде жүректі жарып шыққан ғо. Мәтіні төменде. Оқып бағасын бере жатарсыздар.

Жаралы менің жүрегім

Шықпай қойдың ғой миымнан
Ғашық болғам ба өзіңе?
Бой алдырмайтын адам едім ғой сезімге?
Ақылды шіркін ақымақ сезім жеңдің бе?
Қалай болғанын түсінбей тұрмын мен мүлде.

Қай жерің мені елітті екен өзіңе?
Шашың ба, қасың, қарақат қара көзің бе?
Ерінің шығар шиедей болған қып-қызыл?
Тәнің бе әлде ұқсамайтұғын ешкімге?

Айтарым осы, жаралы менің жүрегім
Бір көру сені қазіргі менің тілегім.
Сыздаса жүрек, сағыныш басса кеудемді
Ұйықтап түнде, қалайша күндіз күлермін?

Жаралы менің жалындап жанған жүрегім…
Әрі қарай

Оралдағы кафешкілердің бірінде..

Музыка: Ммахаббат бағынндаағыы… сааййрағанн бұлбұұұл еедіің...

Ж: — Негізі… қызға ббайланысты бәрі, м-м мендегі сезімді оята алмад…
Қ: — Өш, жігіт емес па оятатын…
Ж: — Тұратұршш… а так қыз, э қыз ғо мені құртқан, білесің ба соны?!
Қ: — Иә, не болд сонша, енді бәрі жігітке бай..(шу)… сты ғо
Ж: — Ейй, ана кім ед… Үмбетов… Қа..(шу)… Үмбетовтің клипіндегідей (жанындағы жолдасына қарап, оятып) айтшшы мыналарға, түсіндіршщ
Д: — Ні зат? (бір көзін әзер ашып) цүнед цүнед, цүніп отыр ғо ханымдар (Zzz)
Қ: — Алып қашып кетті ма? Малақайың жерге түсті абайла…
Ж: — Мяхкий игрушкасын, гүл мә? гүл, шекалад? мә шыкалад нә
Қ: — Қай жақтан алып қашты?
Ж: — Т, Тұрсынбектің ауылы…
Қ: — Ңң, Ақпәт..(шу)… ғо
Ж: — Ңі-і…
Қ: — И құрысын, қыз көп емес па?
Ж: — (терең дем алып) «Қой тұрайық, іхқ-э, ауылға жүрдім», — деп тәттілеп ішіп отырған сырасын тауыспай орнынан тұрып, орындығын аяқтарымен артқа ысырып, кекіріп, үстел басында ұйықтап жатқан жолдасының қарынан жұдырығымен түрте сала, манадан бері бір бұрышта, бір мониторға телміріп, шулап жатқан кено ойыншыларының арасына еніп, соңғы ставкасын жасап, бойдақ қатындардан алыстап кете барды.

Көрші үстелде осының бәрін көріп-тыңдап отырған, ай-хай жасқа тақалған бойдақ студент бал тортымен ыстық шәй ішіп, 3 жыл бұрын бір чайкі қызға ойыншық қонжық пен гүл әпергенін есіне түсірді.
Әрі қарай

Боянбашы

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Боянбашы
Сүйсінем де ойланам саған қарап,
Құм секілді сырғиды уысымда ой:
Боянбашы.
Жоқ себеп алаңдамақ,
Сен онсыз да бәрінен сұлусың ғой.

Ең қымбат опа-далап.
Сен кетірдің
сәніңді замананың кескіні деп.
Бояудың
тұнық көз бен келбетіңнің
сафтығының қасында еш құны жоқ!

Ойланшы.
Асықпашы, аялдашы!
Ажарыңды әлемге ашып өтші.
Мейлі!
Тіпті мен үшін боянбашы.
Мені өзіңе басқалай ғашық етші.

Боянбашы.
Көтергенде көп қылықты,
деймісің енді әріңнен үркем осы?
Шашыңды бүркегенің жеткілікті,
Құдай берген жүзіңді бүркемеші.

Сөйткен қыздан асатын жоқ қыз менше.
Және деме «Қалауды шектейді де»:
Айнаға қарап уақыт өткізгенше,
Көзіме ұзақ қарасаң жетпейді ме?

Білмеймін,
Сонша көркем үйлесе ме,
Маңызды деп өзгерту реңіңді.
Жалған ол.
Ноқат бояу тимесе де
Жақсы көріп келем ғой жүрегіңді.

p.s.
… Тәтті ұйқы.
Қасымдасың бүгін менің.
Мен жатайын зер салып.
Оянбашы.
Ал оянсаң – жетеді күлімдеуің,
Тек… боянбашы.
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман, төртінші 1/8 финалдық ойын

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, төртінші 1/8 финалдық ойынҮшінші ойыннан кейін іле-шала үш бүтін оннан бесінші төртінші ойын өтті. Бұл 1/8-дік алғашқы айналымды тәмамдайды.
Иә, осы күні жюриде ескі де жаңа тұлғалар келесі межеге өткен командаларға тағы да үш команда қосып беру шешімін жасады.

Игі емес дәстүр бойынша, бұл ойынға да бір команда келе алған жоқ. Бұл жолы — «13 аймақ», болашағынан үміт күттіретін команда. Бірақ ұйымдасу (тіпті ойынға даярлық жөнінде де) жағынан немқұрайлы қарайтын топ. Айтып-айтпай не керек, екінші ойын қатарынан 4 командалық ойын. Обалы нешік, бұл жайт сапасына теріс әсер етті дей алмаймын.
Әрі қарай

Өмір жайлы әндер...

Мен ұсынатын үш ән!: Өмір жайлы әндер...… Жаңалық ашқандай болып отырмын, әдеттегідей. Бұл туралы бәрі білгенімен, Өзім жаңа білдім, демек Мен үшін жаңалық. Мына 2 әнді үнемі бірінің артынан бірін тыңдап жүргеніме біраз болған. Керменбаевтың клипі бір фильмге саундтрек екенін білгеніме біраз болған, ол фильмге барғым да келген… Шақырушы да болмады, атын естіп «Давай, кеттікс»-дейтін де жан табылмады. Сонымен, Жанайдың әнінің клипін көрейін деп отырсам, сол фильмдегі кейіпкерлер жүр.))) Демек, 1 фильмге қатысы бар 2 ән екен. Ғаділбектің әнін тыңдаған сайын «Ееееех, өмір-ай!» деп, әбден шимайланған парақты, қайта ағарту мүмкін емес екеніне көз жеткендей ме?! Қысқасы, бұл ән мені «Селк» еткізді!

www.youtube.com/watch?v=1ePzZJtDNYY

www.youtube.com/watch?v=pbbaYZyNBpA
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман, үшінші 1/8 финалдық ойын

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, үшінші 1/8 финалдық ойын
Әлгіндегі ойыннан кейін 10 шақты күн өткен болатын. Кезекті ойынды көруге бардым.
Ойында кіржиген көзқарасымның фокусына 4 команда ілінді. Немене??? Неге 5 емес?
Жоқ, команданың ниеті ұрып тұрса да, өмірде түрлі жағдай болады: қаржылық, ұйымдастырушылық, бюрократиялық, адами фактор мәселелері ойынға аттануға кедергі болуы мүмкін. Оның үстіне, әскери оқу орнындағы команда болса. Бірақ, оны түсіністігі бар мейірбан адамдар ойласын, ал менің бас қатырғым келмейді.
Жоғары лигада ойнау үшін қаншама команда арттарын жыртып, тырмысып, уақытын кетіріп, даңғыл жол жүреді. Ал өте салып, келмей қалу…
Әрі қарай

Айна TV: Түскі жаңалықтар (10.04.2015)

Бар ма, ағайын? Әръәқ бар ма деймін!? Ктулху-ктулху!

Айна TV түскі жаңалықтарын бастайды. Әбедтеріңіз ащы болсын! Арнада әріптесім Сірнебай мен құрдым-жанқұрдым Күләнда. Ал мынау ойыншықты Һуантышоудағы Һаірат пезнесінен сыйға тартқан. Тасын шертіп қалсаң, олай-бұлай қозғалады.

Айна TV: Түскі жаңалықтар (10.04.2015)

Жадыра Нармаханова: «Шәй қайнатып берейінші...»

«Ақ желкен» қазитінің белгілі журичихасы Жадыра Нармаханова бұл көташар муахахаласын жариялаған соң охуйрмандардың назарына ілігіп, сөзге қалды. Охуйрмандардың бір тобыры Жадыраға шәй қайнатып бергісі келсе, екінші тобы әбден құсты.

Гейлымжан Тулегенов Көргенсіз екен!
Вчера, в 10:06 • Нравится • 1

Эльмира Рахимжанова Жадыра ол үйге қандай мақсатпен барды? Шәй ішуге ме? Өзінің көргенділігі қайда?
Вчера, в 11:54 • Нравится • 12

Алиса Хасенова Осы Жадыраның мақалаларын ара-тұра көзім шалып қалады. Жатқан сынап-мінеп кекету!
23 ч. назад • Нравится • 1

Serik Kerey Жадыра шындықты жазыпты.
23 ч. назад • Нравится • 2

Бек Қараша Мәймөңкелемей осылай турасын жазу керек.
3 ч. • Нравится

Ал «Падре Нарпаханов: „Мақала жазып үйретейінші...“ атты сұхбатты арнамыздың 103.6 fm „Танымадым“ ырдиосынан тыңдай аласыздар.

Елімізге белгісіз су полосы спортының жорналшысы Орыслан Медальбек қоғам дамуына үлес қосты

Айна TV: Түскі жаңалықтар (10.04.2015)Орыслан Медальбек ел артында жұрттың тасынша мынадай ұрандарын бұрышқа салды:

Үш қыз («Мас Өркен» қазиті) Тцуканың шаруасына араласпасын!
Жастар қалай шетелде оқи алады?
ҰБТ-да ақша төлемей қалай 125 балл алуға болады?
Қалай дұрыс тамақтана аламыз?
Ауыл балаларына „Болашақ“ бағдарламасы бар екенін жарияласын!
Жастар қалай жылдам үй алады?
Той шығынын қалай азайтамыз?
Денсаулықты қалай тегін тексертуге болады?
Үш тілді еркін меңгеріңдер!
Ептібайымайдтар!

Қазззақтар, кешкі жаңалықтарды Айна TV арнасынан көріңіздер! :)

Әрі қарай

Алты сөзден құралған 18 әңгіме

Ал сол кезде...: Алты сөзден құралған 18 әңгіме
Бірде Эрнест Хемингуэй: кез-келген адамды бей-жай қалдырмайтын ең қысқа әңгіме жаза аламын, деп біреумен бәстескен екен.
Ақырында: «Балалар аяқ киімі сатылады. Киілмеген» («For sale: baby shoes, never worn») деген әңгіме жазған жазушы бәсте ұтыпты.
Міне, содан бері осы бір қысқа әңгіме жазу әрекеті көпшілікке тыным бермей келеді. Талай адам оқырманды таңқалдырып, тебірентіп, толғантатын тұтас оқиғаны бар-жоғы 6 сөздің ішіне сыйдыруға тырысады. Бәрі болмаса да, бірді-екілісінің жазғаны сәтті шығады.

  1. Бейтаныстар. Достар. Жақын достар. Көңілдестер. Бейтаныстар.
  2. «Сіз нөмірден қателестіңіз», деді таныс дауыс.
  3. Жолаушылар, сендермен сөйлесіп тұрған капитан емес.
  4. Өз жартымды кездестірдім. Бірақ, ол елемеді.
  5. Парашют сатамын: ешқашан ашылмаған, аздап қанданған
  6. Бұл алтын тойымыз. Бір орындық дастархан.
  7. Бүгін тағы да өз анама өзімді таныстырдым
  8. Жихангез дабыл жіберді. Жерден жауап жоқ.
  9. Үйіме раушан әкелдім. Кілтім сәйкес келмеді.
  10. Анам маған қырынуды үйретті.
  11. Шытынаған маңдай әйнегінде «жас жұбайлар» деп жазулы.
  12. Біздің төсек. Екі дауыс. Есік қақтым.
  13. Секіріп кеттім. Артынша ойымнан айныдым.
  14. Менің бейнем қазір ғана маған көзін қысты
  15. Ренжіме, сарбаз. Аяқ киімді жұбымен сатамыз.
  16. Мұның әйелін өлтірушіні бөтелкемен тамақтандырады.
  17. Есейген адаммын деп елестеттім. Есейдім. Елесімді жоғалттым.
  18. Дәрігер науқасты құтқарды. Науқас Құдайға алғысын жаудырды

дереккөз: ADME
Превью мен посттағы сурет Freeimages сайтынан алынды

Егер қысқа әңгімелер қызықтырса, бұған дейін жариялаған мына екі постты оқыңыз:

1. Аз әріпті 9 әңгіме
2. 15 сөзден аспаған 6 әңгіме, 1 роман
Әрі қарай