Fitness Park Astanaдағы фитнесс жексенбі

Астана ең салауатты қала. Оның дәлелі бүгін Fitness Park Astana-да болған спорттық-бұқаралық шарасы. Қолайсыз ауа райына қарамастан белсенді өмір салтын ұстанатындар мен спортқа әуес жандар Астаналық паркте жиналды. Шара кардионұсқаушымен бірге таңғы жаттығу жасаудан басталды. Әртүрлі жастағы астаналықтар музыканың сүйемелдеуімен түрлі іс-қимылдар жасап, позитивті энергия жинады.

Астана жаңалықтары: Fitness Park Astanaдағы фитнесс жексенбі

— Барша әлемде барлық тұрғындарға арналған спорттық шаралар өткізіледі. Әрине, біз оны Астаналық паркте өткізуге ұйғардық. Бұл жерге елорда тұрғындары да, қонақтары да көптеп келеді, сондықтан біз бүгін баршаға қызықты болатынның бәрінің басын қостық. Адамдар белсенді жаттығулар жасайтын бағыттар — кроссфит, кардиожаттығулар, комбат-батл, зумба және джиу-джитсу. Осының бәрін біріктіріп, үлкен шара ұйымдастырдық. Ол әр жексенбі сайын өткізілмек. Бәрін де күтеміз, — деді Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Болат Мажағұлов.

Астана жаңалықтары: Fitness Park Astanaдағы фитнесс жексенбі

Парк аумағы бірнеше бөлікке бөлінген. Олардың бірінде тәжірибелі нұсқаушылар кеңінен танымал спорт бағыты кроссфиттен, екінші бөлігінде Combat Battle жаттығу жүйесінен сабақтар өткізді. Бұдан басқа, адамдар жүрек-қан тамырлары жүйесін жаттықтыруға бағытталған сабақтарға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Астана жаңалықтары: Fitness Park Astanaдағы фитнесс жексенбі

Мұнда бразилиялық джиу-джитсуден де сабақтар өткізілді, кәсіпқойлар татамиде күресіп, өз машықтарын көрсетсе, жаңадан келгендер өзін-өзі қорғауды үйреніп, спорттық айла-тәсілдерді меңгерді.

Қыздар ашық аспан астында зумба билеп, йога сабақтарына қатысты.

— Бүгін паркке келгеніме қуаныштымын, жаңбыр мен суық желге қарамастан позитивті энергия алдым, спорттық жаттығулар жасағанда тонбайсың, — деп қала тұрғыны Әлия өз әсерлерімен бөлісті.

Әр жексенбі сайын қала тұрғындарына музыкалық тарту да жасалмақ. Fitness Park Astana шарасы барысында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.
Астана жаңалықтары: Fitness Park Astanaдағы фитнесс жексенбі

Айта кетейік, Астана қаласының әкімдігі ашық алаңдарда мәдени-бұқаралық шаралар өткізуге баса назар аударады, бұл елорда тұрғындары мен қонақтары үшін барынша қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Алдағы жазғы маусымда барлық парктер мен саябақтарда әр түрлі мәдени және спорттық бағдарламалар өткізу жоспарланған.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды

Бүгін Астанада Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу рәсімі барысында жауынгерлер зиратына Даңқ гүлшоқтары мен гүл себеттері қойылды. Жиналған қауым сарбаздар мен оркестрдің маршымен қаза тапқан жауынгерлер зиратының басына барды.

Астана жаңалықтары: Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды

Салтанатты шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов, ҰОС ардагерлері, ҚР Қорғаныс министрлігінің, түрлі конфессиялардың өкілдері, әскери бөлімшелер, оқушылар мен қала тұрғындары қатысты.

— Бүгін Отаны үшін жанын құрбан еткен адамдарды еске алу үшін жиналып отырмыз. Ақмола өңірінен 30 адам Кеңес Одағының батыры атанғанын білесіздер. Олар әрқашан да жадымызда. Олар соғыстан аман оралып, еліміздің қалыптасуына да өз үлесін қосты. Біздің жанымызда жүргендеріңіз, бүгінде тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқанымыз үшін рахмет, жасаған ерліктеріңіз үшін алғыс айтамыз, — деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

Астана жаңалықтары: Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды

Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай жауынгерлер зиратына елорда әкімдігінің, қалалық мәслихаттың, соғысқа қатысқандардың атынан гүл шоқтары қойылды.

— Құрметті жолдастар, бүгін сұрапыл соғыс жылдарын еске алып отырмыз. Майдандас жолдастарымыз әрқашан жадымызда. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. Аға ұрпақ өз міндетін орындады, ал жастар – Отанымызды қорғау керек. Мемлекет тәуелсіздігін алды. Баршаға бақыт, денсаулық, қуаныш тілеймін! Ұзақ жасаңыздар! – деді Ұлы Отан соғысының ардагері Алексей Фролов.

Айта кетейік, ертең 9 мамырда Жеңістің 71 жылдығына орай «Отан қорғаушылар» монументінің жанында Даңқ гүл шоқтары мен гүлдер қою рәсімі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, сағат 12:30 Тәуелсіздік даңғылынан «Отан қорғаушылар» монументіне дейін «Жаужүрек полк» шеруі жүріп өтеді.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы 12 мамырда сағат 10:00-13:00 аралығында «Astana Mall» сауда, ойын-сауық орталығында «Барлығы үшін еңбек» атты Бос орындар жәрмеңкесін өткізеді.

Шара барысында жұмыс іздеушілер әлеуетті жұмыс берушілермен әңгімелесуден өтіп, қайта оқыту мен жаңа мамандықдыты теңгеру мүмкіндігі туралы ақпарат алады.

Астана жаңалықтары: Бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Қызмет көрсету, білім беру мекемелері, денсаулық сақтау ұйымдары, құрылыс фирмалары, қонақ үйлер, автопарктер, ішкі істер органдары саласындағы 25-тен артық жұмыс беруші бос жұмыс орындарын ұсынатын болады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астанада спорттық-бұқаралық шаралар маусымы ашылды

Бүгін Астаналық паркте ашық ауада өткізілетін «Fitness Park Astana» спорттық-бұқаралық шаралар маусымы ашылды. Қала тұрғындары фитнес-нұсқаушылардың көмегімен кроссфит негізін меңгеріп, йога, зумба және басқа да белгілі бағыттар бойынша жаттығуларға қатыса алады.

Ашық ауадағы сабақтар бүгіннен бастап өткізіледі, және бұл шара әр жексенбі сайын сағат 10.00-13.00 жалғасын табады. Тәжірибелі фитнес-нұсқаушылар кеңінен танымал спорттық бағыт – кроссфиттен сабақтар өткізіп, Combat Battle жаттығу жүйесін үйретеді. Парк аумағында жүрек-қан тамырлары жүйесін жаттықтыруға бағытталған Cardio-zone сабақтары ұйымдастырылады.

Астана жаңалықтары: Астанада спорттық-бұқаралық шаралар маусымы ашылды

Ал биге әуес жандар үшін латынамерикалық ырғаққа негізделген зумбадан фитнес бағдарламаға қатыса алады. Спорттық бұқаралық шара барысында кішкентай астаналықтарға арналған балалар аймағы жасалады.

Келушілер назарына дұрыс әрі теңгерімді тамақтану жолы таныстырылады. Сонымен қатар, әр жексенбі сайын белгілі қазақстандық эстрада жұлдыздары елорда тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлайтын болады.

Қала тұрғындары мен қонақтарын елорданың жаңа Фитнес-Паркіне шақырамыз!

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астанада велошеруге 2000 астам адам қатысты

Жеңіс күніне орайластырып, Астанада велошеру маусымы ашылды. Бұл шараға спортшылар, қоғам қайраткерлері, елорда тұрғындары мен белсенділер қатысты.

Қатысушылар «Салтанат сарайының» алдындағы алаңнан «Сарыарқа» республикалық велотрегіне дейін жүріп өтті. Маршруттың ұзындығы 4600 метр.

Астана жаңалықтары: Астанада велошеруге 2000 астам адам қатысты

Марафоншылар үшін сөреде велопрокат пункттері ұйымдастырылып, қатысушылардың дені Astana Bike велосипедтерімен жүрді. Шара әрбір қатысушыға күні бойына керемет көңіл күй сыйлады.

Астана жаңалықтары: Астанада велошеруге 2000 астам адам қатысты

— Бұқаралық спорттың белсенді дамып келе жатқаны қуантарлық жайт. Қатысушылардың басым бөлігі жастар, оқушылар. Спорт денені шынықтырып қана қоймай, адамның рухын да көтереді. Ал адамда негіз болса, ол рухани бай болса, тұлға қалыптасады. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын. Қазақстандықтарды осындай шараларға белсенді түрде қатысуға шақырамын. Ардагерлерді де құттықтаймын, өмірдегі бар жақсылықты тілеймін, — деді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. Ведомство басшысы шараны ұйымдастырған Астана қаласының әкімдігіне, Қазақстан велоспорт федерациясы мен Ұлттық олимпиада комитетіне спорттық мереке үшін алғысын білдірді.

Астана жаңалықтары: Астанада велошеруге 2000 астам адам қатысты

Мәреде акцияның салтанатты бөлімі өтті, шара барысында белсенділік танытқандар мен номинациялар бойынша жеңімпаздарға бас жүлде велосипедтер табысталды. «Спорттық отбасы» номинациясында Атабаевтар әулеті топ жарды. Төрт жастағы Әмір Досмұхамедов ең жас велошабандоз атанды. Үш аяқты шайтанарбамен жарысты бастаған ол әкесінің қолдауымен мәреге жетті. Велошеруге қатысқандардың ішіндегі ең үлкені — 70 жасар Надежда Радченко.

Астана жаңалықтары: Астанада велошеруге 2000 астам адам қатысты

— Бәріміз де велосипедпен жүреміз, күйеу балам да, қызым да, немерем де. Осындай шараларды міндетті түрде өткізу керек. Адамдар көп келді. Бар күш-жігерімді жинап, сыйлыққа қолжеткізгеніме қуаныштымын,- дейді Надежда Николаевна.

Айта кетейік, велошеру Ұлы Отан соғысының ардагерлерін мәңгі жадымызда сақтауға және оларға тағзым етуге бағытталған «Жеңіс» республикалық әлеуметтік қайырымдылық жобасы аясында өткізілді.

Астана жаңалықтары: Астанада велошеруге 2000 астам адам қатысты

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астана Отан Қорғаушы күнін қалай тойлады

Бүл күні Елордада таңертеңнен бері Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік шаралар өтіп жатты. Әскери-тарихи музей алдындағы алаңда «Сарбаз ботқасы» дайындалып, халыққа ұсынылды.

Астана жаңалықтары: Астана Отан Қорғаушы күнін қалай тойлады

Жауынгерлердің тамағынан дәм татуға әскери қызметкерлер мен олардың отбасылары, әскери-патриоттық клуб өкілдері, оқушылар, Балалар үйінің, SOS балалар деревнясының тәрбиеленушілері, сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Астана жаңалықтары: Астана Отан Қорғаушы күнін қалай тойлады

Алаңға дала ас үйі мен палаталы қалашық орнатылды. Қонақтар Ұлы Отан соғысы кезіндегі осы күнге дейін істен шықпаған техниканы тамашалады. Орталық ансамбль әртістері соғыс жылдарындағы әндерді орындап, рухты көтерді.

Астана жаңалықтары: Астана Отан Қорғаушы күнін қалай тойлады

Сонымен қатар, қала тұрғындарына Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар ерлігінің белгісі «Жеңіс ленталары» таратылды.

— Біздің аталарымыз Отанын қорғап, Жеңісті барынша жақындатты. Барша қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығымен құттықтаймын, — деді ҚР қарулы күштері азық-түлік басқармасының бастығы Ерлан Тоқпаев.

Астана жаңалықтары: Астана Отан Қорғаушы күнін қалай тойлады

Отан Қорғаушы күніне орай ұйымдастырылған концерттік шаралар қаланың көптеген алаңдарында өткізілді. Соның ең думандыларының бірі «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда өткен концерт. Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік шаралар сағат 24:00 дейін жалғасты.

Астана жаңалықтары: Астана Отан Қорғаушы күнін қалай тойлады

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Отан Қорғаушы күні және Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар

Қазақстандықтар Отан Қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекелеріне орай төрт күн демалады.Осы мереке күндеріңіз мазмұнды әрі қуанышты өтуі үшін назарларыңызға мерекелік шаралар тізімін ұсынамыз.

Астана жаңалықтары: Отан Қорғаушы күні және Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар

Сенбі күні таңертең «Салтанат Сарайының» жанынан мерекелік велошеру бастау алады. Сондай-ақ, 7 мамырда Әскери-тарихи музейде әскери техника көрмесі мен «Солдат ботқасы» шарасы ұйымдастырылады. Отан қорғаушы күніне орай қала әкімдігі мен «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңдарда күні бойы мерекелік концерттер көпшілік назарына ұсынылады.

8 мамырда қалалық орталық зиратта Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан жауынгерлер зиратына Даңқ гүлшоғын және гүлдер себетін қою рәсімі өтеді.

Жексенбі күні Астаналық паркте сағат 10.00 «Астана» фитнес паркі ашылады, мұнда кез келген қала тұрғыны танымал спорттық бағыттар бойынша өз күшін сынау мүмкіндігіне ие болады. Осы күні сағат 15:00 Бейбітшілік және келісім сарайында «Отан деп соққан жүрегім...» мерекелік концерті өтеді.

Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай қалалық алаңдарда мерекелік концерттер мен халықтық серуендердер ұйымдастырылады: «Студенттік» паркте, қала әкімдігінің және «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда. Сағат 11.00 «Отан қорғаушылар» монументіне Даңқ гүлшоғын қою рәсімі өтеді.

Сонымен қатар, осы күні Тәуелсіздік даңғылының бойымен «Жаужүрек полк» шеруі жүріп өтеді, оған қатысушылар «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қояды.

Еске сала кетейік, 7 мамырда Астанада «Жеңіс ленталары» акциясы басталады, Жеңіс күніне орай қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік ленталар таратылады. Мереке күндері өтетін шараларға 150 мыңнан астам қала тұрғыны мен қонақтары келеді деп күтілуде.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Ана тіліміздің абыройын асқақтатқан байқау

Астана қаласы М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында түрлі этностардың өкілдерінің қатысуымен қазақ тілінен жарыс өз межесіне жетті. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Біз – Ұлы дала балалары» мәдени-бұқаралық шарасы аясында өткен «Тіл – достықтың алтын көпірі»байқауының мақсаты мемлекеттік тілді меңгеруді насихаттау, этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттары өкілдерінің арасында қазақ тілін жетік білетін жастарды марапаттау, осылайша қазақ тілінің абыройын көтеру.

Байқау ітижесі бойынша гран-при «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығының өкілі Әділ Ишмухаметовқа бұйырды, ал бірінші орын «Возрождение» неміс қоғамының өкілі Анастасия Кровицкая еншісінде.

– Байқау жеңіл әрі қызықты болды. Мен қазақ және ағылшын, сондай-ақ, Конфуций институтында қытай тілін үйреніп жүрмін. Байқауда «Қарлығаш» әнін орындап, өлеңдер оқыдым, әңгімелесуден өттім. Оның үстіне неміс қоғамында актерлікпен айналысамын, мектепте «беске» оқимын, – дейді он бес жасар Анастасия Кровицкая.

Астана жаңалықтары: Ана тіліміздің абыройын асқақтатқан байқау

Осы күні Оқушылар сарайында қалалық жексенбілік мектеп оқушыларының арасында «Менің Отаным — Қазақстан» сурет байқауының қорытындысы шығарылды.

Бірінші топ 6-9 жастағы балалар арасында Неміс жексенбілік мектебінің оқушысы Алина Жакулина Гран-при иеленді, ал Өзбек жексенбілік мектеп оқушысы Абдуллах Аббозов бірінші орын алды.

Екінші топ 10-12 жастағы балалар арасында бас жүлде Орыс-казак жексенбілік мектебінің шәкірті Леонид Грицманға бұйырды, татар-башқұрт жексенбілік мектебінің өкілі Арина Абдрахманова бірінші орын иеленді.

Ересектер арасында (13-17 жас) «Оберег» Украина жексенбілік мектебінің өкілі Әсел Сапаралиева Гран-при алса, осы мектептің тағы да бір өкілі Юлия Шмидт бірінші орынды жеңіп алды.

Шара соңында елордалық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан түрлі этностардың ұлттық әдет-ғұрыптарымен және салт-дәстүрлерімен таныстырды.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

3-бөлім. Соғыстың соңы

Солдат күнделігі: 3-бөлім. Соғыстың соңы

Жазғытұры мені 4 айлық курсқа жіберді. Оны бітіре алмадық. Мені елге отпускаға жібермеді. Бірнеше адамдар үйлеріне барып, келіп жатты. 5/ХІІ 1944 ж. Корпусты 3-украин фронтына қарай поезбен жүргізіп жіберді. 20 күннен аса жол жүрдік. Венгрия жеріндегі Н. станциясына келіп түстік. Жаңа жылды (1/І.1945 ж) осы станцияда мейрамдап өткіздік. Немецтер қоршалған (Будапештте) армиясына қосылу үшін көп танкі, пехота және самолет жіберіп, 2/І.1945 ж күні біздің соғыс армияларын ығыстырды. Біздің корпус 4-5-6 күндері Будапештке қарай келе жатқан немецтерді кездестірді. Өте қатты қантөгіс соғыстар болды.

6.01.1945 ж күні кешкі қараңғымен Бичк қаласының терістік батыс жағынан келіп, пушкаларды ұрысқа дайын еттік. Пушканы жерге көмуге тырысып, жауын жауып тұрғанда күні-түнімен жұмыс жасадық.

7.01.1945 ж күні немецтер түнгі сағат 1-де наступать етіп, қаланың ортасына жетті. Ешкім де орындарынан қозғалған жоқ. Мен 100 снарядпен немецтің 60-70-тей пехотасын жоқ еттім.

Немецтің пехотасы қаланың ортасына жетіп, қатты қарсылық көрсеткеннен кейін, кері шегініп кетті.

Ертеңіне командир полка келіп маған және командир батареяға сағат берді. Менің расчетымнан екі адамды првительственный наградамен наградить етті.

Немецтер ай жарымдай үздіксіз наступать етіп, Будапешт қаласындағы қоршалған групировкаға қосылу үшін көп күштерін төкті.

Немецтің соңғы таңдап алған жолы Брачка деревнясы арқылы тура шоссе жолымен танкіні жіберіп, тез қоршалған групировкамен қосылу болды. Біздің корпус 3 күн, 3 түн үздіксіз наступать еткен танкасы мен пехотасына жол бермеді. Осы күндері көп истребитель авиациясын жіберді. Наступать еткен танкілер мен пехоталарына жол ашу үшін командир батарея менің орудиямды тасаға (осадаға) қойып, немецтің штурмовик-истребителі көріне бергенде абайсызда аңдып отырып, дәл орудияға келгенде оқ ататын болдық. Ертемен орудияны таңдаған таса орынға қойып, немецтердің самолетін күттік. Сағат 4-те 10 немецтің истребителі жолмен жүріп келе жатқан біздің колоннаға бомба тастаймын деп пикировать еткенде, мен бірнеше снарядпен 1 истребительді атып құлаттым. Осы орудиядан 200 метр жердей қашықтықта құлады. Екі наводчикті наградить етті. Орден славы ІІІ-степени.

Осы ай жарым соғыста полк 22 немец самолетын жоқ етті. Немецтің летчиктеріне бомбаны біздің пехота мен танкаларға дәл тастауға жол бермедік.

Біздің батареядан екі адам соғыстан жаралы болып, госпитальға кетті. Қыстың ішінде өте қиыншылықтарды көрдік. Үй дегенді көрмедік. Брезенттен қорған жасап, күні-түні далаға түнедік.

13 февральда Будапешт группировкасын құртқаннан кейін немецтер наступать етуді қойып, оборонаға қашты. Гитлер ызаланып 3-Украинский фронтты Дунайдың суына тоғыту керек деп қайтадан наступать етуге қалған барлық күшін жинап март айында наступать етуге бұйрық берген. Біздер олармен жолығысуға дайындалып жаттық.

6 март күні немецтер Балатон көлінің маңынан наступать етіп, 8-9 күндері біздің пехоталарды ығыстырып, тылға қарай қозғала бастады. 11 танк артиллерия полкын жинап, кішкене участокта наступать етті. Осы күштерді тоқтату өте қиынға соқты. Біздің корпус 8 март күні немецтерді жолығыстырды. 1 адам қалғанша тұрған орныңды немецтерге бермеу керек деп үлкенбастықтар бұйрық берді. Күн сайын 50-ден астам танкасын жоқ етіп тұрдық. Немецтер 13 мартқа дейін наступать етіп, үлкен успех жасай алмады.

Біздің командование тылдан көп күш келтіріп, 16 мартта, 3-Украинский фронт наступать етті.

Біздің корпус оборонадан шығып, 1, 2 күннің ішінде танкі мен адамдарды алып, 16 март күні немецтің оборонасын бұзып, Цеце деген қаланың тұсынан немецтерді ығыстырып, қуа бастадық. Немецтер өте қатты қарсылық ете алмады. Тез екпінмен қозғалып отырдық. Немец самолеты сирек ұшырасып отырды. Біздер кейбір жерлерде өте қиыншылықтар көрдік. Немецтер артиллериясының оғының астына 3-4 рет түстік. Жерден ін қазып алып аман қалған жайларымыз бар.

Австрияның орталық қаласы Венаға шейін біздің 4-батарея 3 немецтің самолетін жықты. Оның біреуін мен атып жықтым. Осы менің расчетымнан 3 адамды наградить етті. Орден славы ІІІ-степени. Менің расчетым осы уақытта орденоносный расчет болды. Қысқы және жазғы наступлениеде 2 самолет, 1 взвод пехотаны жоқ еткенім үшін мені де «Орден славы ІІІ-степени» орденімен наградить етті.

7 апрельден 13 апрельге шейін Венада көше соғысына қатыстым. 13 апрель күні Австрияның орталық қаласы Венаны немецтерден босаттық.

Венаны алғаннан кейін корпус соғыстан шығып, Венада 3 күндей тұрғаннан кейін корпусты Венер-Нойншадтан 18 км жердегі өндіріс қаласы Терницаға келіп тоқтадық. Соғыс біткенге шейін осы жерде заниматься етіп жаттық. Соғыс біткен күні үлкен той қылдық.

10 май күні жоғарғы дәрежелі білімі бар рядовой және сержанттарды штаб фронта талап етті. Біздің полктан 5 адам шықты. Біздер штаб корпуске келіп, 50 адамды 3 машинамен штаб фронтқа жөнелтіп жібердң. Штаб фронт кейбіреулерін жұмысқа, курсқа, офицерский полкқа 500 адам келді. 20 күндей заниматься еттік. Содан кейін 500 адамды 200-запасной офицерский полкқа жіберді. Америка әскерінің босатқан біздің военноплендерді жаяу Румынияға жеткізу үшін 200-запасной офицерский полкты жіберді.

27-июнь күні жолға шықтық. 7000-нан астам адамды Румынияға қарай алып келеміз. Бірінші күні Эзенштадтан шығып Венгрияның шекарасына келдік. Венгрияның шекаралық қаласы Шапорон деген қаланы басып өттік. 5 күн жол жүріп Венгрияның Шехешфекербар деген қаласының қасына келіп, 2 күн жол жүргеннен кейін Транселванияның тауын кездестірдік. Таулардың арасындағы жолмен 23 күн жүріп (10.08.1945) Брашов деген қаланың оңтүстік жағынан 15 км жерде тұрдық.

Мен осы ай жарым жол үстінде батальон старшинасының жәрдемшісі болып жұмыс жасадым. Көпшілігінде көлік үстінде аяқ суытып келдім. 3-4 күн жол жүргеннен кейін 1-2 күн демалыс беріп отырды.

Австрия.
Австрияның орталық қаласы Венада болдым. Соңғы уақытта Вейнер-Нойнштад, Терниц деген қалаларында болдық. Халқы – австреец, немец. Жері – таулы келеді. Адам баласының демалуына өте қолайлы жер, өндірісі бар, халқы өте күйлі тұратын көрінеді. Үй тұрмысы өте қадірлі көрінеді. Адамдары мәдениетті келеді. Әйелдері және қыздары әдемі келеді. Қыздарының белдері жіңішке, адам баласын өзіне тартып тұрады. Дүние жағы жеткілікті. Магазиндері толған мата және заттар. Теміржол және шоссе жолдары көп. Вино және пиво өте көп.

Венгрия.
Халқы – мадьяр, немец және т.б. Жері жатық, егістікке өте жақсы. Вино және пиво өте көп. Дүние жағы жеткілікті. Үй тұрмыстары жаман емес. Әйелдері, қыздары әдемі. Қыздарының белдері жіңішке, адамды өзіне тартып тұрады.

Румыния.
Халқы – румынец, цыган, мадьяр және т.б. Транселвания жері таулы келеді. Румынияның өз жері жатық, егістікке қолайлы. Адамдарының көпшілігі саудамен күн көреді. Әйелдері мен қыздары жақсы. Жәлеп жағы көп. Дүние деген жеткілікті. Бірақ қымбатшылық. Мен өзім 1945 жылдың 10 августы күнінен 8 сентябрьге дейін рота ПТР-да болдым. Брашов қаласынан 7 км жер болатын. 1945 жылдың 8 сентябрі күні Брашов қаласының өзіне алып келді. 12 сентябрьде Брашов қаласындағы ХПП госпиталына түстім. Құлағымның түбінде қалған оскольканы алдырдым. Бұл госпитальда 22 сентябрьге дейін жаттым. Содан кейін 200 – запасной офицерский полкқа келіп, елге қайтуға дайындалып жаттық. Осы полкпен Брашовтан Галац деген қалаға келдік. Осы қаладан 1945 жылдың 28 октябрінде товарный поезға мініп, елге тарттық.
Маршрут: Галац – Бендерый – Биссоравка – Ренн – Раздельный – Косторный – Первомайск – Кироград – Знаменька – Кременчук – Полтава – Харьков – Купянск – Волуйка – Александрия – Лиский – Проворный – Саратов – Уральск – Илецк – Актюбинск.

Осыдан кейін 1945 жылдың 10 ноябрь күні Ойылға жеттім.
Үйге 13 ноябрьде келдім. 1945 жыл.

Солдат күнделігі: 3-бөлім. Соғыстың соңы

Қайыржан Мұхтаров соғыстан кейін туған ауылында математика мұғалімі болып, білім саласында қызмет етті. 1946 жылы үйленіп, 4 қыз, 1 ұл сүйді. 1998 жылы 82 жасында қайтыс болды.

Соғысқа қатысқан барлық батыр аталарымызға мың тағзым!

2-бөлім. Соғыстың орта тұсы

Солдат күнделігі: 2-бөлім. Соғыстың орта тұсы

1.01.1942 ж. Күні немецтер наступать етіп, бізді көп жерге шегіндіріп жіберді. Біздер хут. Трудомераевода тұр едік. Әскер паникаға түсіп, өз беттерімен қаша бастады. Осы күні бізге қаралы күн болды.

Апрель айының ішінде Воронеж еңбекшілерінің жіберген 4 зенитная пушкасын алдық. Әуелгі уақытта ешкім де пушканы пайдалануды білмеді. Көп қиыншылықтарға түстік.

Бізді поезбен Харьков қаласының астына әкеліп жеткізді. Адамдарды алып толыққаннан кейін бізді фронтқа жіберді. Северный Донец өзенінің бір бетінде (бір жағында) немецтер, екінші жағында біздер болдық – 1-ое Советское село. Біздің дивизия Старица деген дер. наступать етті. 2-3 күн ішінде жартысын немецтерден босатты. 4-5 күн дегенде адам және техника жағы кеміді. Әрі қарай наступать етуге күш жеткілікті болмады. Кейінгі уақытта біздерді танкіге қарсы қойды. Қыстың ішінде көп қиыншылықтарды көрдік. Немецтердің самолеттері қарақұстай топ-тобымен ұшып келіп тұрды.

26.04.1942 ж күні осы бағыттан бізді алып, станцияға әкеліп, поезға тиеп, Воронежге қарай жөнелтіп жіберді. Воронежге жетпей бізді басқа жаққа бұрып жіберді. Н. станциясына келіп түстік. Екі айдай Сталинградқа келіп жеткенде, бізді фронтқа айдап жіберді. Елец қаласына қарап наступать етіп келе жатқан немецтерді тоқтаттық. Станция Тербунда 3 айдай оборонада тұрдық. Осы оборонада тұрғанда біздің 5-ая ГОЗАБ немістің 1 разведчик самолетінің құйрығын атып түсірді. Командир орудия мен бір наводчикті наградит етті.

Октябрь айының басында біздерге гвардейский значокты берді.

Октябрь айының орта кезінде оборонадан алып, поезға тиеп, Саратов облысының Атхар қаласына алып келді. Келісімен бізге айтты – біздің 100 ГОЛСД-ны үлкейтіп 1 ГОЛМК – 1 гвар. Орден Ленина механизированный корпус қылады деді. Составы корпуса:
1) 3 механиз.бригады – 4 полктан құралады
2) 16 Арт.полк
3) 5 Танковый полк
4) 1 зенитная батарея және тағы басқалары

Корпус көп адам алды осы қалада.

7-ноябрьден кейін поезбен Рупенск қаласына алып келді. Осы қалада әкеліп қойған машина көп екен. Соны алдық. 5 танковый полк танк алды. Толық техниканы алып болғаннан кейін Дон өзенінен өтіп, Астахов хуторының түбінде елсіз далада екі күндей жиналдық. 16-декабрь күні генерал-майор Руссиянов приказ берді. Немецтің оборонасын бұзып, немецтердің тылына шығу керек деп. Немецтердің оборонасын бұзып, 18-19 күндері немецтің тылына шықтық.

Астахов хуторында истребительдер корпусын немец самолеттерінен қорғап тұрғанымызда, ертемен бұл арасынан 17 немецтің самолеті шығып, біздің батареяға бомба тастады. Бомбадан 2 адам өлді, 3 адам жаралы болды. Наводчик Кинашты «Орден отечественной войны ІІ-степени» орденімен наградить етті.

Қыз өте суық болды. Осы наступлениеде күні-түні далада қардың арасында түнеп жүрдік. Өте ауыр қиыншылықтарды көрдік.

Немецтерді ұрыспен қуып отырып, 26 декабрь күні 30 км жер қалғанда Морозов қаласына немецтер көп самолетпен жіберіп, біздің жаңа корпусты бомбить етті. Осы күні бізден 17 адам, 3 пушка, 3 машина стройдан шықты. Біздер бомбаның түскеніне қарамай, немецтердің самолеттерін атып жығып жаттық. Осы күні өте қиыншылықты көрдік. Кешке қарай бір машина мен барлық техниканы, адамдарды алып шықтық.

Солдат күнделігі: 2-бөлім. Соғыстың орта тұсы3 күннен кейін қайтадан ұрысқа түстік. Менің орудиям 1 самолетті жықты. Командир орудияны наградить етті.

Осыдан кейін 1943 жылдың январь айының аяғында Ворошилов қаласының маңындағы фронтқа жіберді.

Бір күні жол үстінде басқа участокқа қарай келе жатқанымызда немецтің разведчик самолеті корпуске жол бермеді.

Біздің батарея жол үстінде тоқтап, 2 разведчикті атып жықты. Осы үшін мені «За отвагу» медалімен наградить етті.

1943 жылдың февраль айының аяғында батареяны 120 ГОЗАД етті. Осы уақыттан бастап командир орудиямын.

1943 жылдың март айының аяғында біздің корпусты фронттан алып, Сватово ауданындағы Преображенская деревнясына әкеліп, демалысқа қойды. Біздің дивизионды жаңа 1-бригадаға Чугуевка фронтқа жіберді. Біздер осы жерде немецтерді тоқтатып, Северный Донецтен өткізбедік.

27 апрель күні приказ бойынша Преображенская деревнясына қайтып келдік. Чугуевкада 2 самолетті атып құлаттық.

Жазғытұры немецтер (5 июнь) Курск қарсысына наступать етті. Содан кейін біздің корпус 14 июнь күні фронтқа қарап жүріп кетті.

17 июнь күні Северный Донецті, Юзим қаласының қасында 2 сағаттай Арт. Подготовка болғаннан кейін, пехота өзенді форсировать етіп, немецтің 1-2 укреплениесін алды. 6-7 сағаттан кейін танклер, машиналар өтетін мостик құрды… Өте қатты соғыстар болды. Осы күні 1 батарея стройдан шықты. Самолет әрбір 5 минуттан кейін келіп, бомба тастап тұрды. Тамақ ішуге мұрша болмады.

Наступлениеге бара жатқан танкімізді немецтер самолетінен қорғап тұруға приказ алдық. Екі күннің ішінде менің расчетым 4 самолетты атып жықты. Осы күндері 1 орудия істен шығып, 4 адам өлді, 5 адам жаралы болды, біздің батареяда 4 самолетты жыққандығым үшін мені «Орден отечественной войны І-степени» орденімен награждать етті. Содан кейін бізді Донбассқа қарап қозғап жіберді. 8 күн біздің корпус Сталиннен благодарность алды.

Тез қозғалып, немецтің тылына шығып, олардың войскаларын бөліп-бөліп жібердік.

Россоши деревнясында қашып келе жатқан немецтердің көп танкісі мен пехотасын кездестірдік. Бізді көрісімен оқ атып полктың көп адамы мен техникасын стройдан шығарды. Менің расчетымнан екі адам өлді, 2 адам жаралы болды. Машина тиген оқтан жанып кеткенде ғана шофер екеуміз оны тастап шықтық. Нағып өлмей қалғанымызды білмеймін. Біз екеуіміз артта қалған екенбіз.

Қалған батареялардан жинап екі батареяны құрастырып, қайтадан фронтқа жіберді. Бірнеше күн фронтта болғаннан кейін, біздің корпусты Запорожье қаласын немецтен босатуға жіберді. Запорожье қаласы үшін өте қатты ұрыстар болды.

1943 жылдың 21 сентябрь күні немецтер 200-дей танкі жіберді. Осы күні біздің батарея пехотамен бірге алда тұр еді. Пехота кейін қарай шегіне бастады. Біздің батарея техниканы тастап пехотамен бірге қаша бастады. Менің шоферым техниканы алып шығайын деп машинамен пушкаға келіп жеткенде немецтер танкімен атып машинаны жандырды. Шоферды өлтірді. Қан төгіс соғыс алдық. Осы күні оқтың астынан 4 пушканы 1 машинамен кезекте-кезек алып шықтым. Осы үшін мені «За боевые заслуги» медалімен наградить етті.

Көп кешікпей Запорожье қаласын босаттық. Содан кейін біздің корпусты Павлоград қаласын босатуға жіберді. Бірнеше күн жол жүріп Фронтқа жеттік. Тоқтамастан соғысқа кіріп кеттік. Немецтер көп танк пен самолеттер жіберіп, бізді ығыстыра бастады. Жаңадан Петрово, Солдатская сияқты деревняларда оборона ұстадық. Немецтерді тоқтатқаннан кейін біздерді Полтава қаласына аударды. Полтова қаласына 20 ноябрьде келіп жеттік. Содан қыс ішінде соғыс ғылымын үйреніп жаттық. Жазға қарай корпус техника ала бастады. Барлық техника Американікі болды.

1-бөлім: Соғыстың басы 3-бөлім: Соғыстың соңы