Fitness Park Astanaдағы фитнесс жексенбі

Астана ең салауатты қала. Оның дәлелі бүгін Fitness Park Astana-да болған спорттық-бұқаралық шарасы. Қолайсыз ауа райына қарамастан белсенді өмір салтын ұстанатындар мен спортқа әуес жандар Астаналық паркте жиналды. Шара кардионұсқаушымен бірге таңғы жаттығу жасаудан басталды. Әртүрлі жастағы астаналықтар музыканың сүйемелдеуімен түрлі іс-қимылдар жасап, позитивті энергия жинады.

Астана жаңалықтары: Fitness Park Astanaдағы фитнесс жексенбі

— Барша әлемде барлық тұрғындарға арналған спорттық шаралар өткізіледі. Әрине, біз оны Астаналық паркте өткізуге ұйғардық. Бұл жерге елорда тұрғындары да, қонақтары да көптеп келеді, сондықтан біз бүгін баршаға қызықты болатынның бәрінің басын қостық. Адамдар белсенді жаттығулар жасайтын бағыттар — кроссфит, кардиожаттығулар, комбат-батл, зумба және джиу-джитсу. Осының бәрін біріктіріп, үлкен шара ұйымдастырдық. Ол әр жексенбі сайын өткізілмек. Бәрін де күтеміз, — деді Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Болат Мажағұлов.

Астана жаңалықтары: Fitness Park Astanaдағы фитнесс жексенбі

Парк аумағы бірнеше бөлікке бөлінген. Олардың бірінде тәжірибелі нұсқаушылар кеңінен танымал спорт бағыты кроссфиттен, екінші бөлігінде Combat Battle жаттығу жүйесінен сабақтар өткізді. Бұдан басқа, адамдар жүрек-қан тамырлары жүйесін жаттықтыруға бағытталған сабақтарға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Астана жаңалықтары: Fitness Park Astanaдағы фитнесс жексенбі

Мұнда бразилиялық джиу-джитсуден де сабақтар өткізілді, кәсіпқойлар татамиде күресіп, өз машықтарын көрсетсе, жаңадан келгендер өзін-өзі қорғауды үйреніп, спорттық айла-тәсілдерді меңгерді.

Қыздар ашық аспан астында зумба билеп, йога сабақтарына қатысты.

— Бүгін паркке келгеніме қуаныштымын, жаңбыр мен суық желге қарамастан позитивті энергия алдым, спорттық жаттығулар жасағанда тонбайсың, — деп қала тұрғыны Әлия өз әсерлерімен бөлісті.

Әр жексенбі сайын қала тұрғындарына музыкалық тарту да жасалмақ. Fitness Park Astana шарасы барысында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.
Астана жаңалықтары: Fitness Park Astanaдағы фитнесс жексенбі

Айта кетейік, Астана қаласының әкімдігі ашық алаңдарда мәдени-бұқаралық шаралар өткізуге баса назар аударады, бұл елорда тұрғындары мен қонақтары үшін барынша қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Алдағы жазғы маусымда барлық парктер мен саябақтарда әр түрлі мәдени және спорттық бағдарламалар өткізу жоспарланған.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше