Жетісу өңірінде 120 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жинақтау депозиті ашылды

Алматы облысы: Жетісу өңірінде 120 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жинақтау депозиті ашылды
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі – жоғары оқу орнынан депозиттік жүйе бойынша білім алуға және халыққа қолдау көрсетуге арналған мемлекеттік бағдарлама. Бұл бағдарлама арқылы еліміздің әрбір азаматы Қазақстанда немесе шетелде оқуы үшін ақша жинақтауға мүмкіндік алады. Осы жайлы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Қаржы орталығының» менеджері Алпамыс Сатыбалдин баяндады.
«Қазақстанда 2013 жылдан бастап Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) өз қызметін бастады. Жүйенің операторы «Қаржы орталығы» АҚ болып табылады. Бүгінгі таңда 15 мыңға жуық білім беру жинақтау салымы ашылды. Білім беру жинақтау салымына МБЖЖ-ға қатысушы банктен ай сайын жылдық 10% сыйақы мен жыл сайын мемлекеттен 5% немесе 7% шамасында сыйлықақы есептеледі», — деді Алпамыс Сатыбалдин.
Астаналық «Қаржы орталығының» Жетісу жеріне бірнеше мақсаттармен келгені айтылды. Олар: Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Қаржы орталығының» арасындағы мемарандумға қол қою және «Айналайын» балалар үйінің 7 тәрбиеленушілеріне білім беру жинақтау салымын ашу.
«Қазіргі таңда балалар үйінде 131 бала тәрбиеленуде. Соның ішінде Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі бойынша 120 тәрбиеленушіге жинақтау депозиті ашылған. Басқа аудан балаларына да оқу депозиттері қарастырылған. Бұл баланың мектеп бітірген соң кедергісіз қалаған оқу орнына түсуіне көмекші», — деді «Айналайын» балалар үйінің директоры Сейсенбаева Жадыра.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

ЖЕТІСУ БИШІЛЕРІ ИСПАНИЯНЫ ТӘНТТІ ЕТТІ

Алматы облысы: ЖЕТІСУ БИШІЛЕРІ ИСПАНИЯНЫ ТӘНТТІ ЕТТІ
Талдықорғандық «Солнышко» хореографиялық ансамблі Испанияның Ллорет де Маре қаласында ұйымдастырылған «SUMMER TALENT LEAGUE -2017» халықаралық фестиваліне қатысып, Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайының директоры Есболова Ляззат баяндады.
«SUMMER TALENT LEAGUE -2017» халықаралық фестивалі — түрлі жанрларда өнер көрсететін шынайы жас таланттардың мекені. Фестивалге 10 нан аса мемлекет қатысып, ең үздігі Грузия еліне шақырту алды. Аталмыш фестиваль қаланың басты алаңында өткені айтылды.
«Халықаралық фестивалге ұжымымыздан 12 оқушы мен 3 мұғалім барып қайттық. Бізді Испания елінің ресми өкілдері өте жақсы қарсы алды. Бұл ел өзінің тамаша табиғаты мен таңғажайып ғимараттарымен таңқалдырды. Конкурстың бірінші күнің қазақ биімен аштық. Ұлттық киімімізге қызыққандар саны көп болғандықтан, қыздарымыз ел назарында жүрді. Екінші күні хорезм биі биленді. Ол да өзінің ерекше би қойылымдарымен ерекшеленді. Қатысушылар келесі күні Барселона қаласына экскурсиялық сапармен барды. Сонымен қатар интеллектуалды ойындар мен ойын-сауық бағдарламаларына қатысып қайтты», — деді «Солнышко» ансамблінің жетекшісі Татьяна Матвеевна.
Баспасөз конференциясына қатысушылар өзіңдік тарихы бар «Солнышко» ұжымына тек сәттілік тілесті.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Астана мектептерінің басшылығы мектеп формасын бір ғана тауарөндірушіден алуды мәжбүрлеуге құқығы жоқ


Бірыңғай мектеп формасын базардан да сатып алуға болады, бірақ киім классикалық стильге сәйкес, қара көк түсті болуы керек, деп хабарланды әкімдікдің медиа орталығынан.

Астана оқушыларының қара көк түсті бірыңғай формаға көшеуі кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Биылғы оқу жылында тек бірінші сынып оқушыларына ғана сабаққа пиджак пен шалбар киюге рұқсат етіледі, — деп хабарлады медиа орталық тілшісіне қалалық білім басқарамасының жетекшісі Ануар Жанғозин.

«Бірінші сынып оқушылары үшін қара көк түсті форма сатып алынуда. Қалған сынып оқушыларына бұндай форма қолда бар мектеп формасы киюге жарамай қалған кезде сатып алынатын болады. Осылайша бір түстес мектеп формасын енгізу кезең кезеңмен іске асырылады», — деді А. Жанғозин.

Ұлдар үшін мектеп формасы қара көк түсті пиджак, көкірекше, шалбар, тоқылған көкірекше және ақ түсті жейдеден құралады. Қыс мезгілінде ақ жейденің орнына водолазка киюге болады. Дегенмен биыл ата-аналардың шағымы мен сұраулары ескерілді, ендігіде киімнің барлық жиынтығын сатып алу міндетті емес. Ең негізгі болып ақ жейде, көкірекше мен шалбар белгіленді. Қыздар үшін ең негізгісі болып – сарафан және жейде, көкірекше және белдемше немесе көкірекше, жейде және шалбар белгіленді. Білім басқармасы атап өткендей, мектеп басшылығы мектеп формасын бір ғана тауарөндірушіден алуға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.

«Ата-аналар қазіргі кезде дүкендерде мектеп формасының көптеген түрі бар екендігін алға тартуда. Мүмкін біреуінің мектеп формасын дүкеннен сатып алуға шамасы жоқ шығар, олар ендігіде мектеп киімін базардан да сатып ала алады. Сәйкесінше, қазір мектеп формасын сатып алуда ешкімге шектеу қойылмайды. Форманы кез-келген жерден сатып алуыңызға болады, тек түсі мен стиліне мән берсеңіз болды», — деді Жанғозин.

«Мектеп формасын тек бір тауарөндірушіден сатып алуға мәжбүрлеген жағдайға тап болсаңыз, Білім басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз»,- деп атап өтті ол.

Жаңа мектеп формасы бойынша сұрақтартарыңыз болса келесі телефон нөмірлеріне хабарласыңыз: 55-68-53, 55-74-67.
Әрі қарай

Астаналық құтқарушылар ЭКСПО-2017 қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызу жұмыс жүргізуде

Астана қаласының ТЖ департаментінің мамандары ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысушы елдер павильоны мен 70 қоғамдық тамақтану орнында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бойынша бақылып шығып, нұсқама берді.

Құтқарушылар төтенше жағдайларда әрекет ету бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған жаднамалар таратты. Онда өрт кезінде, түтіннен уланғанда қалай әрекет ету керектігі жазылған. Термикалық күйік шалғанда көмек көрсету, өрт сөндіру құралын дұрыс пайдалана білу бойынша бар нұсқаулық көрсетілген және жедел қызмет нөмірлері бар.

— Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сақ болу қажет, жалпы қауіпсіздік ережелерін сақтап, күдік тудыратын қараусыз қалған қораптар мен пакеттер және басқа да заттарды көрген бойда 112 құтқару нөміріне хабарласу керек, — дейді департамент мамандары.

Астана қаласы ТЖД міндеті – ЭКСПО-2017 кезінде сапалы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлар туындағанда уақытылы жедел әрекет ету. Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 көрмесінің барлық нысандарында өрт қауіпсіздігін тұрақты қадағалау үшін өзге аймақтардан келген инженерлік-инспекторлық құрам ішінен жауаптылар бекітілген.

Департаменттің барлық қызметкерлері көрме аяқталғанша күшейтілген режимде жұмыс істейді.
Әрі қарай

Дін істері жөніндегі агенттік өкілдері Астана қаласының түзеу мекемесіне барды

Астана жаңалықтары: Дін істері жөніндегі агенттік өкілдері Астана қаласының түзеу мекемесіне барды

Астана қ. әкімдігіне жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес, Астана қалалық Дін істері жөніндегі басқармасымен, Қылмыстық атқару жүйесінің департаментімен қатаң режимдегі ЕЦ-166/10 түзеу мекемесіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Шараға «Астана қаласының Дін Істері жөніндегі басқармасы» ММ басшысы Д. Есин, «Астана қаласының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» ММ басшысы, әділет полковнигі Н. Рысбаев және ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінің жетекшісі Нұрлан Әбен, сондай-ақ Астана қаласының діни бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

-Этникаралық және дінаралық келісім еліміз үшін маңызды әрі басты бағыттардың бірі болып табылады. Қазақстанда діни сенім бостандығы бар, дегенмен елдің әр азаматы заңға бағынуы тиіс. Түзету мекемелерінде сотталушылардың әлеуметтенуі үшін жағдай жасау бойынша қабылданып жатқан шаралар ашықтық пен жалпы жаңғыртудың іске асырылуының дәлелі болып табылады. Бұл Елбасымыздың «Болашаққа бағдар» мақаласында да атап көрсетілген болатын, — деді Астана қ. Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Данияр Есин.

Шара барысында келген қонақтар түзеу мекемесінің барлық ғимаратын аралап көріп, ондағы жазасын өтеушілердің жағдайларымен, теологтың, психологтың т.с.с арнайы мақсаттағы кабинеттермен танысты. Мекеменің өндірістік аумағы мен шеберханасы кәсіби деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сол жерде жасалатын өнім қаланың абаттандырылуы үшінпайдаланылады. Осылайша сотталушылар қоғамның дамуына үлестерін қосады.

Онымен бірге түзеу мекемесінде демалу үшін бөлмелер мен кітапхана және спорт залы бар.

Түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілер арасында дінаралық татулықты сақтау, деструктивтік діни ағымдардың таралыуының алдын алу, теріс ағымдардың зиянды тұстарын түсіндіру және оған қарсы тұратын иммунитет қалыптастыру мақсатында тұрақты түрде дін қызметкерлері шақырылып, сотталушылармен жеке және топтық кездесу өткізіледі.

-«Дін – ол шынайы қарым-қатынас. Судың да сұрауы бар демекші біз әрбір ісімізге жауап береміз. Сондықтан да мейлі өзге дін өкілі болса да оған деген мәмілеміз дұрыс болуы қажет. Ислам дінінде дінаралық татулыққа аса мән береді. Дін мәселесінде толықтай хабардар болмайынша, қарапайым халқымыз әртүрлі деструк­тивті діни ұйымдардан зардап шегуді доғармасы анық. Деструктивті ағымдардың кері әсерінен еліміздің тұрғындарын қорғап қалудың өте тиімді әрі нәтижелі жолы – ақпараттан­дыру» деді «Нұр-Астана» орталық мешітінің найб имамы Әділхан Серікбай.

-Бұл шара өте пайдалы әрі ортақ үйіміз Қазақстанның бір бөлшегі болған Сіздердің уақытша үйлеріңіз, яғни осы мекемедегі жағдайларыңызбен толықтай таныстық, осындай жағдай туғызып отырған мекеме басшылығына алғысым шексіз, бұдан былай жиірек келіп кездесіп тұруға уәде беремін» деді Рим-католик шіркеуінің епискобы Томаш Петта Бернард.

-Православ шіркеуінің өкілі, Астана қаласының Серафим-Саровский храмының архимандриты отец Иоасаф бұл мекемеге ай сайын келіп жазасын өтеушілермен кездесіп тұратындығын, және кездесу барысында дінаралық татулықтың маңызды фактор екендігін әрдайым айтатындығын жеткізді.
Әрі қарай

Бөрібай Бекарыс. Өлеңдер.

Үйiн сатты саудалай,
Картина, зат талғамай.
Жиналған бар қаржының
Бәрiне гүл алғаны-ай…
Далбан-ай, далбан-ай, далбан-ай…
***
— Сұлулық шыңы-ау бұл қыз,
Не ойлайсың, Абдул?
Пiкiрiңнен бiлгiз.
— Ябвдул.
***
Бiреу у iшiп алған,
Бiреудiң iшi қан-қан,
Бiреуде миокард,
Бiреу өтсiз қалған.
Бiреу дольче киiп,
Майқұдыққа барған.
Бiреу жолдан өтсе,
Тормоз ақау болған.
… Ұзақ өмiр сүру — бәрiнде бiр арман.
Осындай жалған.
***
Айнала аппақ. Таң ата.
— Дәрiгер? Мен қайдамын?
— Аурухана. Палата.
— Өзiм де солай ойладым.
Жұмыста отыз төрт едiк,
Кiлең достар, қалың ел.
Офис кеттi-ау өртенiп…
Бәрi аман ба, дәрiгер?
— Бәрi өлдi, бiрi қап,
Аман қыпты тап сенi…
— Тоба! Бәрi тiрi қап,
Мен өлгенiм жақсы едi! :(
Жалғыздықты көргенше…
Кiмдер қалды дос болар?..
— Ойнап айтам, өлген сен,
Аман-есен басқалар. :)
Әдет қылған ойнауды
Приколиспiн бiр қызық.
… Әзiрейiлге айналды.
Қазан кеттi шыжғырып.
***
Бір жан
Ішінде құм боранның
Жылап отырды тым қатты.
Жаратушысы бұл ғаламның
тоқтап,
далада тіл қатты:
«Жәбір көрген пенде жақпын,
Реттеймін бәрін бір демде!
Адал жүрген елге — Хақпын,
Жаратқаныңмын, біл, пенде!
Құсасы көп, шері жаман
кім едің?» болды сұрағы.
«Мен – қазақпын», — деді адам.
Құдай… қосылып жылады.


© Boribay_Bekarys
Әрі қарай

Елорда орталығындағы ашық қауыз қалай жұмыс істейді


«Оазис» жағажай орталығы дүйсенбіден басқа, күн сайын сағат 11.00.-ден 20.00.-ге дейін жұмыс істейді.

«Оазис» жағажай орталығы дүйсенбі күні сағат 11.00.-ден 14.00.-ге дейін клуб тек зейнеткерлер, көпбалалы аналар мен балалар үшін тегін жұмыс істейді.

Аталмыш клубқа тегін кіру үшін жеке басын куәландыратын және жоғарыда аталған статусты растайтын құжат қерек.
Әрі қарай

Астанада алдағы демалыс күндері қайда баруға болады

Астана тұрғындары мен қонақтары үшін 30 маусым 2 шілде аралығында өтетін түрлі мәдени-сауықтық бағдарлама дайындалып, ұсынылады.

Кез-келген тұрғын не қонақ өзінің қызығушылығына байланысты айналысатын іс таңдай алады. Қалауыңызға орай ҚР Ұлттық музейіне барудан бастап, Thirty seconds to Mars танымал тобының концертіне дейін көзайым бола аласыз.

Әрі қарай

Астанада бірқатар құрылыс компаниялары үлескерлік құрылысына рұқсат алды

Қала қонақтарының назарына, астаналық әкімдік бірнеше құрылыс компаниялардың тұрғын-үй құрылысына үлескерлікпен қатысуына рұқсат берілгендігі хабарландыру таратты.

Осылайша бірқатар компания Астана қ. әкімдігінің 2017 жылғы 21 маусымындағы №120-1321 ұйғарымына сәйкес, екінші деңгейдегі банк жобасына қатысу немесе тұрғын-үйдің қасбетін салу арқылы баспана салу кезінде өз ісіне ақша құюмен үлескерлерді шақыруға құқылы.

Құрылыс компанияларының қатарында «Базисинвестқұрылыс» компаниясының салушысы мен «Barcelona Inc.» ЖШС бар. Оларға Астана қаласы, «Алматы» ауданы, № 37 көшесі (жобалық атауы), № 18 учаскесі (рұқсаттама №5/ 21.06.2017ж.) мекен-жайы бойынша орналасқан 7-9 қабаттық, аумағы 26 249 шаршы метр болатын баспананың 1, 2, 3 4, 5, 6, 7, 14 бөлігін салу үшін үлескерлердің ақшасын құюмен оларды жобаға тарту құқығы берілген.

Астана қ. әкімдігінің 2017 жылғы 21 маусымындағы № 120-1320 ұйғарымымен, «АЛТЫН ШАР WEST» ЖШС және «Шар-Құрылыс» ЖШС салушыларына Астана қаласы, «Есіл» ауданы, № 49 көшесі (жобалық атауы), № 4 учаскесі (рұқсаттама №6/ 21.06.2017ж.) мекен-жайы бойынша орналасқан 17 қабаттық, аумағы 19599,58 шаршы метр болатын баспананың 1 бөлігін салу үшін үлескерлердің ақшасын құюмен оларды жобаға тарту құқығы берілген.

Атап өтейік, бұған дейін жоғарыда көрсетілген 4 компания қалалық әкімдіктен үлескерлердің ақшасын құю арқылы оларды жобаға тарту құқығымен құрылыс салу үшін тиісті рұқсаттама (қажетті құжаттардың сілтемесі) алынған болатын.
Әрі қарай