Қош бол, "Али Сами Йен"!



Қазақта «Мың рет естігенше бір рет көр» деген сөз бар. Оның үстіне Түркияда өмір бақи оқымаймыз, елге оралғанға дейін сол елде аты аңызға айналған Галатасарай клубының стадионын бір көрмесек футбол жанкүйері деген атымызға сын. Міне осы ой көптен бері маза бермей жүрген еді, әйтеуір қаңтардың он бірінші жұлдызында жиырма төрт мың жанкүйермен бірге матчты Али Сами Йен стадионынан көру бақыты бұйырды. Көру бақыты бұйырды деп екпін түсіріп айтуыма негіз де жоқ емес, өйткені дәл осы күні мен түгілі, Галатасарайдың бағзыдан бері келе жатқан бірталай жанкүйерінің өзі билет таба алмай, жер сипап қалған-ды. Енді ше, Али Сами Йендегі соң матч, әр әркімнің-ақ куә болғысы келеді.
Әрі қарай

Алтынтоптың сыйлығын Сидельников берді (видео)



Сидельников ФИФАның жыл қортындысында бізді ұятқа қалдырды деп Аламан сайты елді шулатып еді. Жігіттер аудармасында сәл қате жіберген сияқты. Аламанда былай делінген еді:

”Алтынтоп менің сенен өтінерім енді біздің қақпаға мұндай доп соқпашы”

Жоғарыдағы видеоны қарайтын болсаңыз, Андрейдің олай демегенін көресіз. Қазақстан Құрамасы және Ақтөбенің қақпашысы алдымен Хамит Алтынтопты құттықтады, сосын голдың шынымен керемет екенін мойындай отырып, алдағы уақытта мұндай гол жібермеу үшін қолымнан келген бәрін істеймін деді.
Әрі қарай

ФИФА-ның 2010-дағы үздіктері



ФИФА өз таңдауын жасады кеше. Цюрихте ғой, дәстүрлі ошағында. Месси осымен қатарынан екінші мәрте төрткүл дүниенің озат футболисі атануында заңдылық бар шығар. Өзі бір команда. Аргентинаға «он ойыншыға татитын бір-ақ ойыншыны-ай беріпті» деуге келер ме еді белгілі терме мақамына салып…
Әрі қарай

«АТАН ӨЛСЕ СОЙЫЛАР, АТАҢ ӨЛСЕ ҚОЙЫЛАР, ЕНДІ МАҒАН МЫНАДАЙ МАТЧ ҚАЙДАН ТАБЫЛАР»…


Қазақтың «Атан өлсе сойылар, атаң өлсе қойылар, енді маған мынадай Қансонар қайдан табылар» дейтұғын мақалын Түркия жағдайына орайластырып «Атан өлсе сойылар, Атаң өлсе қойылар, енді маған мынадай матч қайдан табылар» деп өзгерте аламыз. Иә, атам қазақтың аңшылыққа құмарлығын түріктердің футболға құмарлығымен теңестіруге болады.
Әрі қарай

ФУТБОЛДАҒЫ ЫРЫМДАР

Футбол, тек қана футбол!: ФУТБОЛДАҒЫ ЫРЫМДАРФутбол, тек қана футбол!: ФУТБОЛДАҒЫ ЫРЫМДАР
(1-қыркүйек 2010-да «Аламанда» жарияланған)
Бес мың жыл бұрын Қытайда жемісін бере бастаған футбол ағашы әуел баста көңіл көтеру, ләззат алу үшін ойналған көрінеді. Алайда команда түрінде ойнауды ең бірінші ацтектер ойлап тапқан. Мұнымен қоса «футбол дуасының» да дәл солармен бірге ортаға шыққаны айтылады. Ацтектер заманында футболда жеңілген тарап берекенің артуы үшін Күнге құрбан еткен көрінеді. Осылай еткенде сәтсіздік олардың айналасынан ізін жоғалтады-мыс. Футбол ережелерінің қазірге жақын нұсқасының орнығуы және көпшілікті соңына ертуі ХІХ жүзжылға сәйкес келеді екен. Футболдың дамуымен бірге «футбол дуасы немесе сиқыры» да жандана түседі. Бұл туралы уругвайлық жазушы Эдуардо Галеаноның «Көлеңкеде және Күндегі футбол» кітабында да айтылады.
Әрі қарай

Футболға жанкүйерлік – жыныс таңдамайды

(Бұл да ертеректе жазылған жазбалардың бірі)


Жасырып қайтеміз, біз, қазақтар көбіне «Қыздың жолы жіңішке», «Байтал шауып бәйге алмас» деп етектілерден көп нәрсе күтпей, тек оларды асхананың ғана айналасынан көргіміз келеді. Түркияда да негізгі көзқарас осындай деуге болады. Еркектері ғана тыста қызмет атқарып, әйелдері көп жағдайда үйде ерінің жағдайын жасап, бала тарбиесімен айналысады. Бірақ оларда футболға жанкүйерлік жыныс таңдап жатпайды. Араларынан еркекке бергісіз әйел фанаттар да табылады. Командаларын сүйетіні сонша, бүкіл матчтарын жібермейді.
Әрі қарай

ФАНАТИЗМДЕ ШЕКАРА ЖОҚ

1-сәуір, 2010 жыл

Бiзде, Қазақстанда фанатизм терминi тек өнер, онда да эстрада алаңынан ғана жиi естiлетiн. Анау әншiге фанаты пәленбай гүл сыйлапты, мынау әншiге фанаты арғымак тұлпар мiнгiзiптi, т.т… тiзiлiп кете бередi. Футболдын айналасынан тек өткен жылы Англия мен Қазақстан құрамасынын өз алаңымыздағы кездесуiнде футболшыларымызға “қарсылас команданын қақпасы қай жерде екенін нұсқағысы келген” Медицина университетiнiн студентi Едiге Райды ғана мысалға келтiруге болады. Ал Түркияда керiсiнше, фанатизм десе алдымен футбол еске туседi. Бұл жазбаны жазуға да фанатизмге қатысты бір окиға себеп болды.
Әрі қарай

Футбол тек еркектердікі!

Футбол, тек қана футбол!: Футбол тек еркектердікі!

Қазір стадионда футболға келетін қыздар көп, интернетте мойындарына шарф таққан, беттерін бояған қыздар суреттері көп. Спорт сайттары, форумдарында да фанат қыздардың каменттері. Қысқасы қыздар "біз де фанатпыз" дейді. Бірақ мен бұған қосылмаймын, мұның уақытша қызығушылық екенін дәлелдеуге тырысамын. Біраз жыл футболдың және фанатизм айналасында жүргесін өз тәжірибем бойынша шағын анализ жасап көрейін.
Әрі қарай

Хижниченко Голландияда қалуы мүмкін



Бір айдай Голландияның Фейеноордында жаттығып жүрген Сергей Хижниченко алдағы уақытта келісімшартқа отыруы мүмкін. Голландиялық ТВге берген интервьюінде «Европада ойнағым келеді» дейді.
Әрі қарай