Таныс болыңыздар: bazuka

19 наурыз 1982 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің физика математика факультетінің түлегі.
Бос уақытында әдеби кітап, интернеттегі жаңалықтарды оқиды, КерекИнфоға кіреді. Таңертең жүгіргенді (жазда ғана) жақсы көреді және спорттық жаттығулар жасайды. Хоббиі фото, видео монтаждау.
Ұнатпайтын нәрселері: үй телефонына хабарласқандарды (сирек жауап береді), тамақ үстінде сөйлеп отыруды, үлкенді сыйламайтын кісілерді, компьютерді ойын ойнау және фильм, фото қарау құралы ретінде пайдаланатындарды.
Ұнайтын нәрселері: тамақ әзірлеу, күнделік немесе өз ойларын жазу және табиғатты суретке түсіру.