Әнуарбек құданың қызымен сұхбат

Таныс болыңыздар: Anuarbekkyzy

Қала: Ақсай, БҚО
Сала: Аударма

— КерекИнфоға қалай келдің?

Негізі студент кезімде тарих пәнінің оқытушысы «Керек Инфо» газетіне жазылыңдар, оқыңдар деп жүретін. Сол газетті іздеп осы сайтқа тап болдым. Шынымды айтсам, сол студент кезімдегі дебат ойындарына, түрлі конференция, жастар мәслихатының қатысушылары болған жастармен аралас-құралас болған уақытты жоқтаймын. Сол жоғымды осы блог жүйесінен тапқан секілдімін.

— КерекИнфода не ұнайды, не ұнамайды?

Бұл жерде қазақтар жиналған. Маған сонысы ұнайды. «Бұл не айтып отыр, айналасында қазақ аз ба?» деп ойлап отырған шығарсыз. Шынымен де, қазақтар жетеді, бірақ олардың біразы орыстілді. Рухани шөлдеп жүремін, сол шөлімді КерекИнфода қандырып аламын қолым бос уақытта.
Әрі қарай

Осындаймыз: ұнайды, ұнамайды

Ұнайды: Даша деген кучкунтай попугайым, қызыл түс, қызыл көйлегім, текила санрайз коктейлі, құлпынай вареньесі, халва, Силк Уэй Ситида сататын вишневый напалеон торты, сүт қосылған қара қою шай, қонақ күткен, ингредиенттерінің барлығы бар болғанда тамақ жасаған, птичье молоко, проектті сәтті аяқтағанда алғыс хат алған, раушан гүлдер, көзі жанып тұратын креативный адамдар, студенттік кезімдегі приколдарды еске алған, Кира Пластининаға жаңа түсім кезінде барған, мамаға қоңырау шалу, Шымкентке тойға бару, туысқандармен улап-шулап маевкаға бару, Eclat by Lanvin, папаның өзінше бастықсымақ болып сөйлегеніне сіңлілерімнің прикол ұстауы, Vanilla sky фильмі, әдемі маникюр, аэропорт, кішкентай балалар.

Ұнамайды: жауапкершілікті сезінбейтін адамдар, мармелад, левомицитин, демалыс күні жұмыспен қоңырау шалғандар, жалпы таңертең қоңырау шалғандар, керек емес жерде қыстырылатындар, өзін жертва қылып әлсіздігін танытатындар, жалкий адамдар, агентте 3 жыл көрмеген адам «привет» деп жазғандар, соткадан керекинфоға кірген, бухгалтерия, неухоженный вид, бұйра-бұйра шаштар, балапан шаштар, мамаға әр түрлі өсек айтатын көрші апай, пупырышки (қазақшасын білмеймін).
Әрі қарай

Таныс болыңыздар: Kasymolzhas

Kasymolzhas — Олжас Қасым 1989 жылы 22 сәуірде ШҚО, Семей қаласы, Абыралы өңірі, Таңат ауылында дүниеге келді. Сол ауылдағы Т.Ысмайылов атындағы орта мектепті бітірді. Сосын алты ай Семей университетінде оқып, ҚазҰУ журналистика факультетін былтыр тәмамдады. Биыл осы факультеттің магистранты атанды. Студент кезінде «Қазақстан-Заман», «Үш қоңыр» газеттерінде бөлім редакторы болды. Қазір ерлерге арналған «Дарабоз» журналының жауапты редакторы.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Мені мұнда алып келген осы сайттың қолданушысы — Мәншүк. Екеуміз шәй ішіп отырғанда керекинфоға келдім. Мен бұл сайттың бастапқы кезеңдерінде мүлде көре алмадым. Біз әуелі, өз блогымызды жүргізіп, соның қамымен басқа сайттарға көп кіре бермейтінбіз. Маусым айында уордпресс жабылғаннан кейін, араға уақыт салып осы сайтқа кездейсоқ кірдім. Содан бері керекинфоны айналсоқтап жүрміз.
Әрі қарай

Біз қандаймыз? Еріккен ойлар

АКҮдің Монтиға арналған таяқшасын қабылдап алдым

Ұнайды: Антошкамды жақсы көру, тыныштық, Агата Кристидің Пуаро сериясы, билеген, көңілім болғанда сабақ оқу, есеп шығару, Сатекеңнің жазбаларын оқу, көңілім болса пікір таластырған, себелеп тұрған ақ жауында қыдыру, көк орман, тау арасында демалу, Көлсай, Бурабайда тас үстінде жатып ұйықтаған, су ағысына қарап отырған, өтектеген, сорпа, сынды бетіме айтатындар, Легенда о пианисте, классикалық музыка

Ұнамайды: бір нәрсені мың қайталап сұрап, айта беретіндер, көңілім жоқта сабақ істеу керектігі, жігіттердің ездігі, аузы ашылып жүретіндер, молданың айтқанын істе, істегенін істеме деген өмірдегі, фантази фильмдер, рикшаның жүргізушілері

Эстафетаны Асауботаға бердім
Әрі қарай

Таныс болыңыздар: abdi111

abdi111 — Әріпұлы Әбдіби 1994 жылы 24 мамырда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келгем. Қазір Алматыда студентпін, сабақтан соң kerekinfo.kz, aralsk.kz, goszakup.gov.kz сайттарында боламын, кейде кино көрем.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— surak-zhauap.kz сайты арқылы.
Әрі қарай

Блиц-сұхбат: qisyq


1. Сынды қалай қабылдайсың? Қанша түсіністікпен қабылдадым дегеннің өзінде, іштей «Лібәд, жеген екенсің» дегендей қарсы ойлар мазаламай ма?

Сынды әртүрлі қабылдаймын. Баж-баж етіп, түкірігі шашырап, қалшылдап-селкілдеп айтылған негізсіз сынды сабырлы кейіппен, түсіністік көзқарасымен тыңдаған күннің өзінде, іштей сол «Лібәд, жеген екенсіңнің» маңында жүретінім бар. Эгоистігім мен нарцистігім асқынған кезде, тіпті де қыстыра алмаймын. Алайда, күнәһар жанымды жұбататын жалғыз дүние — конструктивті сынды толықтай қабылдай алатыным. Кемшілігімді шұқыған адамнан оны (кемшілік мәселесін) шешу жолдарын да мүмкіндігінше көрсетіп кеткенін өтінер едім. Әйтпеген жағдайда, құр қыршып алған адамды а) әшейін бақастық мақсатында тістеп қалғысы келген жанмен, ә) "Ұлт/тіл/дін/дәстүр құрып барады! Өлдік! Қырды! Жойды!" деп байбаламдаған, алайда «Ал, енді осыдан шығар жолды көрсетіп жіберіңіз» десең, булығып, қызарып, «Опасыз, сатқын, kein Patriot, Hündchen!!!» деп шыға келетін псевдоұлтшылмен салыстыруға болады. Жалпы алғанда, орнымен айтылған сынды жеңіл қабылдаймын (мля, әншілердің сұхбатынан алғандай болдым-ау, ә, соңғы сөйлемді).
Әрі қарай

Таныс болыңыздар: bazuka

Тұрсынбекова Базарайгүл — bazuka
19 наурыз 1982 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің физика математика факультетінің түлегі.
Бос уақытында әдеби кітап, интернеттегі жаңалықтарды оқиды, КерекИнфоға кіреді. Таңертең жүгіргенді (жазда ғана) жақсы көреді және спорттық жаттығулар жасайды. Хоббиі фото, видео монтаждау.

Ұнатпайтын нәрселері: үй телефонына хабарласқандарды (сирек жауап береді), тамақ үстінде сөйлеп отыруды, үлкенді сыйламайтын кісілерді, компьютерді ойын ойнау және фильм, фото қарау құралы ретінде пайдаланатындарды.
Ұнайтын нәрселері: тамақ әзірлеу, күнделік немесе өз ойларын жазу және табиғатты суретке түсіру.
Әрі қарай