Таныс болыңыздар: Marco
Marco — Маралбек Сағынғанов. 17.03.1983ж. Журналист. Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында туған.— КерекИнфоға қалай келдің?
— Осындағы көп жұрт секілді, баяғы «Мәссаған», «Солай де» арқылы келдім. Дегенмен, соңғы бір жылдың төңірегінде, қол үзіп қалып ем, Астанаға көшкенім жақсы болды, қазір күніге бір уақ, столдың астында кісінеп жатам.))) Бірақ, бұрынғы сайттардың тұрақты оқырманы болсам да, тіркелгенім тек осы «керек» болды. Шынымды айтсам, мұнда тіркелу үшін «Кешіріңіздер мен журналист едім» деп, анонимді алкоголиктер сияқты мүләйімсу керек шығар деп ойладым.)))




Қожабекова Назгүл. 1982, Алматы қаласында туған. ҚазҰУ филология факультетінің магистратурасын тәмамдаған. Қазір «Интерньюс Қазақстанда» штаттан тыс редактор болып істейді. 
6 қазан 1983 жылы Түркістан қаласында, көп балалы отбасыда туылған.
