Таныс болыңыздар: estetika91
estetika91 — Назира Бурханова. 1991 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылында дүниеге келген. Қазір, Алматыдағы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студенті, әрі «Гүлстан» журналының журналисті.
— КерекИнфоға қалай келдің?
— Керекке келуіме тікелей себепті болған жан өздеріңіз білетін ushkin . Былтыр жатақханада тұрғанмын. Қоғамдық жұмыстар бар сабағым бар дегендей бөлмеде көп бола бермейтінмін. Ал, Мика KazNU WiFi –ды пайданып, осы сайттардың қызығына кіріп отыратын түннің бір уағына дейін. Сосын, келіп бар эмоциясымен ондағы қозғалған мәселелерді бізге айтатын келіп майын тамызып тұрып)) Басында мен көп мән бере бермейтінмін. Содан бір күні Мика «Назко неге осы сен жазбайсың! Қолыңнан келеді ғой...» деген сияқтыларды айтып блог ашып берді. Басында түк түсінбейтін едім. Бәрінің миын ашытып сұрай беретінмін. Түсінбеген дүниемді сұраудан еш қысылмаймын негізі. Сөйтіп, жүріп көптеген сайттарға тіркелдік. Жазбаларға пікір жазылса, шапкамды аспанға атып қуанатынмын басында. Содан кейін, әрбір пікірге ойланып түнімен ұйықтай алмай шығатын да күндер өтті бастан. Несін айтасыз талай қызық нәрселер өтті… Сөйтіп жүргенде, бір күні керекинфоға топ ете қалдық. Ол кезде кездесу com, сосын davai.kz болып түрленіп тұрды… Ал, қазір біраз төселіп қалдық… Осы постты пайдаланып рахметімді айтамын! Мика сіз бен біз бөлек тұрсақ та жанымыз әрқашан егіз! Мен сізбен біргемін)
— Күніне неше рет кіресің?
— Мен қайдамын, керек сонда десе де болады. Күніне кемінде 2 рет кірмесем басым ауырады… Кейде өзімнің атымнан емес, қонақ болып келіп, сіздер ұсынған сыйдан алып, дәм ауыз тиіп кететін де күндер болады)
— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
—Шыны керек, керектегі әрбір жазба өзінше әсерлі.
— Кімдердің пікірлері ұнайды?
—Мына қолданушыныкі ұнайды немесе ұнамайды деп ешкімді бөліп жарғым келмейді. Барлықтарыңыздыкі ұнайды Скептик болуға үйретіп жүрмін өзімді. Әйтпесе, мен барлық нәрсені жүрегіме жақын қабылдаймын емес пе? Қазір, сол өмірге реалды көзқараспен қарауға бейімделіп жүрмін. Тым романтик болудың да қажеті жоқ екенін түсіндім…
— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Жақындарымның ешқайсысы оқымайды. Бірақ, жүрген жерімнің бәрінде барынша жарнамалап жүремін енді, керекті.
— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Сайттың дизайнын өзгертер едім. Керекинфоның өзінің жеке офисын ашып, көптеген қолданушыны жұмысқа алып, сайтты дамытар едім. Онлайн-режимде біраз жоба ұйымдастырар едім… Негізі, атқарылып жатқан жұмыстардың бәріне көңілім толады! Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!

Дедовщина форевер
1. Жаңа жылдан не күтесің? Қайда қарсы аласың?
2. Гүлстан деген қандай журнал?
Бірақ, қазір белгілі бір себептерге байланысты уақытша жабылып тұр…
Қандай мамандыққа оқып жатырсыз?
Баспасөз бе таңдауыңыз, ТВ-ға қалайсыз?
1. Бұрын айтысқа қатысқаның жайлы білемін, қазір осы өнерді жалғастырып жүрсің бе?
2. Жігіттердің бойындағы қандай қасиеттерді ұнатпайсың?
3. Өзге тілдердің қайсысын жетік меңгергенсің?
4. «Жауап жазу» функциясын жақсы меңгеріп алдың ба? дейінЧ…
1) Бұрындары жиі қатысатын едім, қазір сабақ бар, жұмыс бар дегендей айтысқа мойын бұрып жүрген жоқпын, шыны керек! Негізі өзімді бір аұқынмын деп есептемеймін де. Мен тек жазғым келгенде жазамын болды…
2) Жігіттердің бойынан ең бірінші сабырлылықты, салмақтылықты көргім келеді. Содан кейін бойындағы өнерін, жауакершілігін. Ал, намыссыздық, жігерсіздік, тұрақсыздық, мақтаншақтық сияқты жаман қасиеттерді ұнатпаймын!
3) Өзге тілдің дейсің бе? Бірінші курста латын тілін оқығанбыз, қатты ұнайды. Бірақ, ол тіл- өлі тіл. Басқа шат тілдерден ағылшын тілін орташа
деңгейде білемін. Болашақта хинди тілін меңгергім келеді
Дамыған мемлекеттердің барлығында болғым келеді. Индия мен Голландияға баруды қатты армандаймын!
Рахмет! Саған да сәттілік тілеймін!
а так сұрақтар жоқ, Назко, өте әйбатсың алға қойған мақсаттарыңа жет, Айдаһар жылы, айдаһарша мықты болайық
жақс инфо, сен жайлы көп біліп қалдық, айтысқа қатсу, ууугиииЖігітің барма?
Ақ боз атты ханзадамды іздеп жүрген арулардың бірімін...
шалкөденің баурайы, сұңқар, дардамты ауылдары…
сол күндердің елесі бүгінгідей көз алдымда
Енді сізге қарсы сұрақ, журналистиканы құрыған кәсіп деуіңізге не себеп болды екен?..
Гүлстан журналына қатысыңды біліп, тіптен қуанып кеттім. Бір сұрағым бар: неге журналдың электронды нұсқасы жоқ? Журналдың шығармашылық тобы кімдермен байланыс жасайды?
Біз тек қана журнал шығармаймыз, сонымен қатар өсімдіктер әлеміне байланысты түрлі кітапшалар мен әдістемелік құралдар шығарамыз.
Сайтымыз бар.Сонда журналдың қысқаша салынған. Бірақ, қазір белгілі бір себептерге байланысты сайтымыз жабылып тұр… мwww.gulstan.kz
Журналдың шығармашылық тобы көптеген ірі компониялар мен мемлекеттік емес ұйымдармен, басқа да газет-журналдармен шығармашылық байланыста. Иранның бақтарындай «Гүлстан» атты гүлбағымыз бар. Онда 1000-нан астам өсімдік түрлері мен 15 түрлі композиция бар. Сондай-ақ, «Гүлстан» атты клубымыз бар Сізді сол бағымызға экускурсияға шақырамыз!
Гүл өсіруге өзің жалпы қызыңасың ба?
Отбасың туралы кішкене жазсаң.
Мынау Шора би о дүниеге аттанарда хазіреті Ғұсманды шақырып алып сұрапты:
— Уа Ғұсман, бәрімізден құдайға ең жақыны сен сияқтысың, әйтеуір өмір бойы я біреуді ғайбаттағаныңды, я жаман сөз айтқаныңды, я бекер бөскеніңді, жалпы сөйлегеніңді көрмеппін. Ең болмаса бақұлдасарда ләм демейсің бе? — депті.
Сонда мылқау Ғұсман шарасыздықтан иықтарын селкілдетіп жылай беріпті дейді. Енді Нәзира, Нәзиражан, Нәзира ана не, өзің айтшы: Шора бидей арманда, Ғұсмандай шарасыздықта дүниеден өтпеу үшін не қылмақ керек?
со заманның ең жомарт адамдарынан бірі. бір мәрте бергенде қазіргі заманның теңгерімімен айтсақ, (көмек сұралғанда) 50 шақты эс-класс мерин бере алатын меценат болған екен, жарықтық…
Алматыда қаласың ба не туған жерге кетесң бе?
Н А З И Р А өте бауырмал сіңлі!!!
Есімің қандай мағына береді?
Содан кейін, егер әдеби туындыларға қызықсаңыз, білесіз орта ғасырларда нәзирагөйлік дәстүр деген болған поэзияда. ол, енді ұйқасқа байланысты айтылған дүние…
иә, әр комментке мәдениеттілікпен жауап береді.
Сұрағым: Поэзияға талғамың қаншалықты? Яғни барлық ақындарды оқи бересің бе, жоқ әлде талдау бола ма?
Айтыс ақындарынан кімдер ұнайды? Және осыдан біраз жыл бұрын "Қазақстан" арнасынан көрсетілетін «Аламан айтыс»-та да біраз мықтылар бой көрсетті ғой. Егер хабарың болса, солардан да қоса айтсаң… Мысалы, маған Еркін Садықұлы (жерлесім) ұнайтын,
соңғы кезде ТВ-да жүр«Аламан айтысты» одан бұрынғы «Жүрсіннің жүйріктерін» көретінмін эфирден. Балғынбек, Сара, Дәулеткерей, Қарлығаш, Айнұр, Қуаныш, Оразалы, Біржан, Еркін, Нұржан, Ринат сияқты орақ тілді, от ауызды ақындардың айтысын жоғары деңгейде бағалаймын!
Нұржанның жанкүйері де болдым, бірақ Еркін ұнайды.
Бірақ кім біледі, өзің атаған аргументтен де өрбіген шығар. Себебі ол кезде жанұяммен соны қолдадық
қателеспесем, басқа емес, жеңімпазды Нұртілеу Иманғалиұлының хабарлағанының өзіне риза болғанмынАл Нұржан туралы ойым өзгерген. Адамды жақын таныған сайын, одан алшақтай түсетін сәттер болады.
Әрине, шығармашылығы. Бәлкім менің талғамымдағы айтыскер емес болып қалған да болар.
Мысалға айтылған сөз екенін де ескеру шарт.
Доғарайықшы осымен, болмаса жекеге жазарсың.
Тақтаға шық, сабақ айт!