Таныс болыңыздар: Dinara

Динара Талдыбаева — Dinara

6 қазан 1983 жылы Түркістан қаласында, көп балалы отбасыда туылған.
2000 жылы сол Түркістандағы ХҚТУ-не халықаралық қатынастар мамандығына оқуға түскен.
Қазіргі уақытта Түркияда Анкара қаласында магистратурада оқып жатыр, сол мамандық бойынша.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Қазіргі керекке Аршаттың шақыруымен келдім. Боямасыз қазақи жастардың ортасын тапқаныма қуаныштымын, келгендегі мақсатым да сол, замандастарым не ойлайды, оларды нендей мәселелер толғандырады екен деген ой еді :) Барлығы да сен тұр мен атайын деп тұрған тұлғалар екен, оларды біріктіріп отырған осындай орта болғанына қуанамын.
Әрі қарай

Феминизм. Арнайы репортаж

Журналист Өркен Кенжебектің феминизм тақырыбындағы арнайы репортажымен бөліскім келеді.



«Хабар» арнасы. Феминизм тақырыбы. «Арнайы репортаж» бағдарламасы.

Батыста боран боп тұрған феминизм бізге кекілімізді сәл желпіген жел түрінде жетті. Осы зауалдың бізге қаупі басым ба, әлде пайдасы бар ма? Өркен Кенжебектің журналистік материалымен таныс болыңыздар!

Авторы — Өркен КЕНЖЕБЕК, режиссері — Ернат БАПАНОВ.
Х/р: 20 минут 12 секунд
Әрі қарай

Мини Блог Құрылтай-1: Есеп (отчет дегенім ғо)

Инспектор Janasil: “Satibaldi құпиясы ашылды. Satibaldi, ол – Алдан!”.
Aizhantabyn: “ВКМ опять келмей қойды ма?”
Salimgerey:” Блог Құрылтай жабылу салтанатын Астана — Аренада өткізіп, кейін әдемілеп тұрып футбол ойнасақ, ә?”


Estetika: “Астаналықтардың белсеңділіктеріне ризамын", демекші, хабар кеше ғана ілінгеніне қарамастан барлығының дәл уақытында келуіңіз Estetika – ны тошно риза қылады деп ойлаймын ).
Әрі қарай

Әншілерге бәрі тегін бе?

Жақында танымал бір музыкант сайт және блог керек дегесін офисіне барып едім. Бір күн бұрын келіскен уақытымызда келмеді, амал жоқ телефонмен сөйлесуге тура келді. Сайт жасау ақылы екенін естіген кезде «ой, былай да жасап беретіндер бар ғой» деді. Бар болса неге жасатпаған бүгінге дейін?  Ақшасы жоқ емес бар, біз мінбеген машиналармен жүреді, бізде жоқ үйде тұрады. Неге жыланады осылар түсінбеймін. Бұл менде бірінші рет емес, бұған дейін де біраз әншілер сайт керек деп, сосын хабарсыз кетті айтқан ақымды қымбатсынып. Ал тіпті бір әнші қыз сайт дайын болған кезде «кешірші, бәрі жақсы болды, тек мамам сайт не керек деп ақшасын бермей отыр, сенен ұят болды» деп тұр

Ойлаймын да әншілерге бәрі тегін болуы керек пе екен? Халықтан тегін қызмет күтеді ме екен?
Әрі қарай

Таныс болыңыздар: serjan

serjan — Қасен Сержан Қасенұлы, 1982 жылы 18-маусым, ҚХР Үрімжі ауданы Еренқабырға тауының баурайындағы бір ауылда дүниеге келіпті. Мектепті сол ауылда бітіріп, Қазақстанға 2001 жылдың 15 қазанында аяқ басты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология факультетін бітірді. 2009 жылдың қыркүйек айынан Алматы облысы, Көксу ауданы, Қызылтоған ауылындағы мектепте мұғалім.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Жалпы Аршат туралы бұрыннан білетінмін оның «Өзімнің блогым» атты сайтын анда-санда қарап жүретінмін, Ал керекинфоға блогкамптың алдында давай болып тұрғанда блогкамп туралы толығырақ білу үшін күнде кіретін болдым.
Әрі қарай

Сайт жаңа нұсқаға көшті



LiveStreet CMS жүйесіндегі сайтымыз жаңа нұсқаға көшті. Кем-кетік жерлері әлі толықтырылады. Жаңа нұсқаның жаңалықтарын өздеріңіз көре жатасыздар. Басында аздап көз үйренбеуі мүмкін. Бірақ, қолдана келе бұрынғыдан жақсы екеніне көздеріңіз жететін болады. Әзірше жаңа функциялар туралы жазбаймын. Пікірлерде бірге жаза тұрайық.
Әрі қарай