Алматы облысында «Еңбек жолы» байқауы өтіп жатыр

Алматы облысында «Еңбек жолы» байқауы өтіп жатыр
«Еңбек жолы» байқауы аудандар мен қалаларда ағымдағы жылдың маусым айында басталған. Конкурс еңбек әулеттері мен кәсіпорын жұмыскерлері арасында өткізіледі. Ұсынымдар еліміздің экономикасына елеулі еңбек үлесін қосқан ең үздік еңбек әулеттері және меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорын жұмыскерлерінен қабылданады. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

«Еңбек жолы» конкурсын өткізудің негізгі мақсаты — жастарды еңбекті қадірлеу рухында тәрибелеу, еңбек өнімділігін ынталандыру, ең үздік еңбек әулеттері мен кәсіпорын жұмысшыларын анықтау, жұмыскерлер кәсіптерін насихаттау, көпжылдық еңбек әулеттері салтын сақтау және арттыру болып табылады.

«Аталмыш байқау бірінші тамыздан бастап Республикалық деңгейге ұласатын болады. Конкурста "Үздік еңбек әулеті", «Кәсіпорынның жас жұмыскері», «Жұмысшы жастардың үздік жетекшісі» атты үш номинация бар. Жеңімпаздарға әділ қазылардың шешімімен, арнайы сыйлықтар берілетін болады», — деді Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Наурызбаева Сания.

Конкурсқа қатысу үшін алдымен өтініш жазу, жеке куәліктің және еңбек кітапшасының көшірмесі, тақырыпқа байланысты видеоролик, презентация жасау қажеттіліг айтылды.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Астана Сингапурмен стратегиялық әріптестікті нығайтуда

Астана жаңалықтары: Астана Сингапурмен стратегиялық әріптестікті нығайтуда
Сингапурдың Ұлттық күнін тойлау құрметіне ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне сингапурлық делегацияның келуі аясында Астана әкімі Әсет Исекешев Сингапур Республикасының сауда және индустрия министрі Ко По Кун мырза бастаған аталмыш елдің делегация өкілдерімен кездесті.

Кездесу аясында қала басшысы қонақтарды Елбасының тапсырмасымен іске асырылған 2020 жылға дейінгі Астананың даму жоспарымен таныстырды. Әкім кездесуге келгендерге бағдарламаның бағыттарының бірі- Астана xалықаралық қаржы орталығын құрумен елордамызды ақылды әрі қауіпсіз қала, өңірлік халықаралық орталық ретінде қалыптастыру жөнінде айтып берді.

Қазақстан тарапынан нақты жобалар ұсынылды: қоғамдық көлік, денсаулық сақтау, білім, қауіпсіздік және әкімдік және қалалық қызметте жұмыстың шынайылығы сынды салада қалаларды жоспарлау және басқару жүйесіне смарт-теxнологияларды енгізу.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар үш бағытта жобаларды бірлесіп іске асыруға және ынтымақтастық орнатуға келісті.

Бірінші- Сингапур елінің тәжірибесін зерделеу және оны Астанада енгізу, «ақылды» инфрақұрылым бойынша регламенттерді енгізу мен жұмысты ұйымдастыру, цифрлық инжиниринг, жобалау кезінде бим-технологияны қолдана отырып «жасыл» құрылыста, құрылыс салуға рұқсат қағаздарын алуда, құрылыс және ғимараттарды басқаруда сингапурлық әдіс-тәсілдерді үйрену және оны өз елімізде қолдану. Энергияны үнемдейтін технологияларды қолдана отырып «жасыл» құрылыстың мәселесі жеке қаралды. Сингапурда жеке «жасыл» стандарт әзірленген, сол «жасыл» стандартқа сәйкес ғимараттар саны қазіргі уақытта 33 пайызды құрап отыр.

Екінші келісім қоғамдық көлік, тұрақтар, жолдар құрылысын жоспарлау, сондай-ақ қоғамдық көлік саласында ынтымақтастық жасасуға байланысты болды, ақпараттық технологияларды енгізу және т.б. мәселелер қарастырылды.

Үшінші- смарт-технологияларды қолданумен қоғамдық денсаулық сақтау саласында ынтымақтастықты арттыру жоспарлануда.
Әрі қарай

Астанада жастар үшін тренингтер өткізіледі

Астана жаңалықтары: Астанада жастар үшін тренингтер өткізіледі

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығы елордалық әкімдіктің қолдауымен 24-26 шілде аралығында жастар үшін тренингтер өткізбек. Бұл тренингтер тегін өткізіледі, оған 16-29 жас аралығындағы барлық келем деуші азаматтар қатыса алады.

Тренингтер «Жастардың кәсіби және жеке машықтарын дамыту мектебі», «Кәсіпкерлік», «Жұмысқа орналасу» тақырыптары бойынша өткізілді. Тренинг 3 күн бойы 3,5 сағаттан өткізіледі.

Тренингтердің жүргізушілері – кәсіби бизнес-жаттықтырушылар.

Өткізілу уақыты: сағат 18.00-ден 21.20-ға дейін. Өткізілу орны: Астана қ. Сейфуллин көшесі 31, «7 арна» ғимараты, 005 кеңсе.
Әрі қарай

Алматы облысында Қызылағаш балаларына арналған фотокөрме өтті

Алматы облысында Қызылағаш балаларына арналған фотокөрме өтті

Биыл Қызылағаш оқиғасына 7 жыл толып отыр. Қасіретті апаттың зардабы ауыл тұрғындары мен Елімізге қатты тигені белгілі. Қызылағаш оқиғасы болған жердің жағдайын суретке түсіріп, сол фотосуреттерден көрме жасай білген журналист Сандуғаш Дүйсенова Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз-конференциясын өткізді.
Фотокөрме Қызылағаш балаларының суретінен тұрады. Шынайы еш фото әрлеусіз жасалған көрме балалардың бейнесі арқылы Қызылағаш ауылында өткен апат салдарын анықтауға септігін тигізеді. Қарапайым ауыл өмірінен алынған тамаша суреттерді Талдықорған қаласындағы «Журналистер үйінде» тамашалауға болады. Ерекше 15 суреттен құралған фотокөрме автордың ойынша үздік туындылар болып саналады.
«Бала кезімде ең алғашқы фотоаппратты әкем сыйлаған болатын. Сол кезден бастап суретке түсіруді бастағам. Әрине, кәсіби түрде айналыспадым. Тек өзіме ұнаған кадрларды дер кезінде ұстап алуға тырысатынмын. Осы өткізіліп жатқан «Балалық шақ галереясы» атты фотокөрме тырнақ алды туындым. Көрмені ұйымдастыруға көмектескен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Әлиұлына алғысым шексіз. Болашақта осы фотокөрме жалғасын табады деген үміттемін», — деді «Желтая газета» газетінің бас редакторы С. Дүйсенова.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Жетісу өңірінде «Орбұлақ шайқасының ізімен» атты ақпараттық квест өтті

Алматы облысы: Жетісу өңірінде «Орбұлақ шайқасының ізімен» атты ақпараттық квест өтті
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысында өткен шараға Орбұлақ шайқасын зерттеп жүрген бір топ азаматтар қатысты. Атап айтсақ, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Н.Жазылбеков, Орбұлақ шайқасы негізінде жазылған «Воскрешающие легенды» атты романның авторы Т.Ермашев, «Табиғат» эко-бірлестігінің, Қазақстандық караванинг пен кемпингтің төрағасы Б. Шапагатова, «Ауылды көтереміз – Возродим село» қоғамдық бірлестік төрағасы К.Жанабилов, ғалымдар, жазушылар, белгілі журналистер мен республикалық блогерлер топ құрамында болды.
Алматы облысы: Жетісу өңірінде «Орбұлақ шайқасының ізімен» атты ақпараттық квест өтті
Ел есімінде мәңгі қалған Орбұлақ шайқасы туралы толыққанды ақпаратты белгілі жазушы, «Алаш» халықаралық премияның лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иесі Бексұлтан Нұржекеев таныстырды. Қатысушылар Орбұлақ шайқасы болған орындарды, Жетісу өңірінің этнотуризмімен және тамаша табиғатымен танысты. Алматы облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен 2017 жылдың 22 шілдесінде «Қазақ Елінің тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін, жоңғар басқыншыларымен шайқаста жеңіске жеткен айбынды қазақ сарбаздарына ұрпақтары атына» атты жазбасы бар арнайы тасбелгі Белжайлауда орнатылды. Ескере кететін бір жайт, тасбелгіге орнатылған QR-код пайдалану арқылы «Орбұлақ» шайқасы туралы жайлы егжей-тегжейлі ақпарат алуға болады.
Алматы облысы: Жетісу өңірінде «Орбұлақ шайқасының ізімен» атты ақпараттық квест өтті
«Біз 374 жыл бұрын Орбұлақ шайқасы болған жерде тұрмыз. Қазақ батырлары 50 мың әскері бар жоңғарларды бірнеше күн бойы Жалантөс батырдан көмек келгенше шекараға кіргізбей ұстаған. Арнайы жер асты тактикаларын қолдана отырып, жоңғар әскерлерін тұзаққа түсіріп 10 мың әскерін жойған. Осындай ақыл-айламен өткен шайқас үлкен өнер болып табылады. Себебі, небәрі 600 адам 50 мың әскерге төтеп беру мүмкін емес жағдай еді», — деді Б.Нуржекеев
Алматы облысы: Жетісу өңірінде «Орбұлақ шайқасының ізімен» атты ақпараттық квест өтті
«Қазақ батырлары өзінің ерлігімен елін, жерін қорғай алатын алып тұлғалар екенің дәлелдеп кетті. Бізде осы жайлы талай мысалдар бар. Соның ішінде «Орбұлақ шайқасы» келешек ұрпаққа мақтан ете алатын шайқас. «Мың рет естігенше, бір рет көр» демекші арнайы шайқас өткен жерге барып өз көзімізбен көріп қайттық. Өз тарихын білу — әрбір азаматтың міндеті», — деді Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев.
Алматы облысы: Жетісу өңірінде «Орбұлақ шайқасының ізімен» атты ақпараттық квест өтті

Алматы облысы: Жетісу өңірінде «Орбұлақ шайқасының ізімен» атты ақпараттық квест өтті

Алматы облысы: Жетісу өңірінде «Орбұлақ шайқасының ізімен» атты ақпараттық квест өтті
Әрі қарай

Үшарал әуежайы ашылды

Алматы облысы: Үшарал әуежайы ашылды

Бүгін Алматы облысы Үшарал қаласының әуежайы ашылып, әуежайға Астанадан алғашқы рейспен демалушылар ұшып келді. Мұндағы ескі əуежайдан соңғы ұшақ осыдан ширек ғасыр бұрын ұшқан болатын — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Салтанатты шарада облыс әкімі А. Баталов өңірде туримзді өркендету бағытында атқарылып жатқан шаралар, соның ішінде инфрақұрылымды дамыту, туристік нысандардың құрылысы жайлы айтып өтті.
— Бүгін бәріміз үшін — тарихи күн. Елбасының облысымызға 2014 жылы іссапармен келгенде берген тапсырмаларының бірі — Алакөл көлінде туристік саланы дамыту болатын. Соған сәйкес өңірде туристік инфрақұрылым қарқынды дамып, заманауи туристік нысандар, қонақ үйлер көптеп салынуда. Соның нәтижесінде Алакөлге елімізбен қатар ТМД-дан, тіпті алыс шетелдерден де демалуға азаматтар келіп жатыр. Алакөлдің туристік потенциалы зор. Жаңа әуежайдың ашылуы туристік саланың одан әрі дамуына тың серпін береді деп ойлаймын, — деді А. Баталов. Сонымен қатар Алматы облысының Құрметті азаматы Мұхтар Жолжанов, ауданның басқа азаматтары көпшілікке өз құттықтауын жеткізіп, мемлекеттік қолдауға ризашылығын білдірді.
Облыстық жолаушы көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е. Жасыбаевтың айтуынша, əуежайдың құрылысына облыстық бюджеттен 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініп, құрылысын «ASD Group» ЖШС мердігер мекемесі жүргізген. Мұнда «Жетісу» авиакомпаниясы қызмет көрсетеді. Енді Үшарал әуежайы аптасына төрт рет «Астана-Үшарал-Астана» және үш рет «Талдықорған – Үшарал – Талдықорған» бағытындағы әуе рейстерін қабылдайтын болады. Бұл рейстерді субсидиялауға республикалық және облыстық бюджеттен 177,2 млн.теңге қаржы бөлінді. Атап өтсек, Астанадан ұшатын рейстің құны 16 мың теңгеден, Талдықорған рейсі 8 мың теңгеден.
Бұған дейін 2015 жылдан бастап «Жетіген-Достық-Жетіген» бағытындағы темір жол қатынасы қолға алынған болатын. Алғашында 16 вагонмен басталып, қазіргі кезде сұраныстың артуына байланысты вагондар саны 23-ға жеткен.
Жалпы, Алакөл маңында туризм бағыты бойынша 162 нысан қызмет көрсетеді. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша 2014 жылы 200 млн. теңге, 2015 жылы 352 млн. теңге бөлінді. Ақши және Көктұма ауылдары кәріз жүйесі құрылысының құжаттарын дайындауға 21,6 млн. теңге қарастырылды. Ақши ауылының демалыс аймақтарына дейін баратын 23 шақырым жолдың құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы ауыз су құбыры жүйесі 343 млн. теңгеге жасалып, пайдалануға берілді. Жуық арада «Талдықорған-Үшарал» автожолының жөндеу жұмыстары басталады.
2016 жылы Алакөлде 452 мыңнан астам адам демалса, биылғы жылы 500 мыңнан астам келеді деп күтіліп отыр.

Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі
Әрі қарай

Үпілмәлік Рюссельхаймның тылсым өмірбаяны

Прекөтбула

Осындағы жазбаларды алда-жалда гламур мүңсіген сыпайы қыздар кіріп қалып, оқып шықса, «Дәруішөлгеннің көт босатар хард-жазушылар арасында бай жөйттердің жоқ болғаны ма сонда? Ең болмаса бір адам?» -деген сұрақтар мезгілсіз менструациямен бірге келе қалуы мүмкін. Аруларымыздың ыңғайсыз жағдайын сезе, түсіне, енегіміз бірге езіле отырып, «тууй, ең болмаса 30-на туалеттің қасынан билет жоқ па?» деген ауылын сағынған студентке көзілдірігінің үстінен қараған кассирдің жанаяр кескінімен таңдай қағып "Імджоқ екен" деуге мәжбүрміз. Расымен де жоқ өйткені. Соның айғағы ретінде, еліміздегі жөйттер диаспорасының босағаінісі Үпілмәлік Рюссельхайм дәруішті сөз еткіміз келеді.
Үпілмәлік Рюссельхайм — Басқа жөйттер құсап, өз жанын, қанын не мүлкін сақтау үшін Үшінші Рейхтен қашып тығылған жоқ. Ол әдейі, қасақана екеуін де оңбаған бір елге барып, ысырап ету үшін Дәруішөлгенге тайып тұрған еді.
Жұрт қатынымен ажырасам деп пәтерінен айрылып, үкіметтің қуғынымен банктегі шотынан айрылып, бала-шағасының қатыгездігінен далада қалып, немесе сол баяғы ішкіліктің кесірінен көше кезіп, оңай жолмен тезек теріп кетіп жатқанда, Үпілмәлік өңменінен өткен тақыр кедейлікке өз маңдай тері мен табандылығының арқасында жетті.

Алдыңғы материалдарда: Үпілмәлік Рюссельхайм: «Кедейлікке жетудің тиімді жолдары»
Әрі қарай

Астанада 22-шілдеден бастап №201 түнгі экспресс маршруты іске қосылады

Қала тұрғындары мен қонақтардың ыңғайлығы үшін Астана қаласының билігі шаһардың көлік жүйесін жаңғыртуда. Осылайша, 22- шілдеден бастап елордада №201 түнгі экспресс маршруты қосылады.

Жаңа бағыт қозғалысының сызбасы «Астана-Нұрлы жол» темір жол вокзалының" аялдау пунктінің басынан «Астана-Нұрлы жол» темір жол вокзалына апаратын теміржол эстакадасы бойындағы жолмен өтеді.

Әрі қарай қоғамдық көліктің бағдары келесі бағыт бойынша жалғаспақ: Шарбақты көшесі- Төлебаев көшесі — Қобда қиылысы–Абылай хан даңғылы –Р. Қошкарбаев даңғылы — Ш. Құдайбердіұлы даңғылы–Манас көшесі – Абылай хан даңғылы – Қ. Мұңайтпасов көшесі – Жирентаев көшесі – Петров көшесі – Қ. Сәтпаев көшесі – Б. Момышұлы даңғылы – Тәуелсіздік даңғылы — Кравцов көшесі – Бараев көшесі – Республика даңғылы — Сейфуллин көшесі – Ш. Уәлиханов көшесі – Алаш тас жолы – Солтүстік айналма жолы — С316 көшесі– соңғы аялдама — «Алай-Astra» СО.

Кері бағытта автобус «Алай-Astra» СО аялдамасынан Р. Қошқарбаев-Абылай хан даңғылы қиылысына дейін жүреді, әрі қарай жоғарыда көрсетілген қозғалыстың бағыты сақталады, содан кейін Р. Қошқарбаев даңғылы бойынша тік жүреді де Төлебаев көшесінде оңға бұрылады, Айнакөл көшесі бойынша оңға, Абылай хан даңғылында оңға бұрылады, әрі қарай қозғалыс бағыты сақталады.

Астана жаңалықтары: Астанада 22-шілдеден бастап №201 түнгі экспресс маршруты іске қосылады
Әрі қарай

Елордалық автовокзал енді жолаушыларға үш тілде қызмет көрсетеді


Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу аясында қалалық автовокзалда анықтамалық — ақпараттық ресепшн ашылды, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа-орталық тілшісіне «Сапаржай-Астана» ЖШС директорының орынбасары Жарқын Бекжанов.

Жаз басталғалы жолаушылар ақпаратты үш тілде — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ала алады.

Өзгеріс тек жолаушылар қызметінде ғана орын алған жоқ.

Биыл автовокзал қайта жөндеуден өткізілуде. Күту залында еден жабындысы ауыстырылып, сыртқы келбеті жартылай өзгертілді. Жұмыс толығымен екінші жарты жылдықта аяқталады. Қазіргі таңда кәріз жүйесін жөндеу жұмыстары аяқталуда.

Барлық құрылыс жұмыстары жолаушылар кешенінің жұмысына еш кедергі келтірген жоқ.

— Қазір жолаушылардың жайлылығы үшін автовокзал аумағында ана мен бала бөлмесі, асхана, кафетерий, дүңгіршектер мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дәретхана бар, — деп хабарлады Ж. Бекжанов.
Әрі қарай

Астанада қағаз жинайтын арнайы қоқыс жәшіктері орнатылады

Астана жаңалықтары: Астанада қағаз жинайтын арнайы қоқыс жәшіктері орнатылады

Жыл соңына дейін елордада қағаз жинайтын 700-ге жуық арнайы қоқыс жәшігі орнатылады деп күтілуде, деп хабарланды Астана қ. әкімдігінің медиа орталығынан.

«Бүгінде Астана қаласының әкімдігімен қоқыстарды бөліп жинау жүйесін енгізу бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Халық бұл бастаманы әу-бастан ақ қолдады. Бұл бағыт шеңберінде жыл соңына дейін қағаздарды жинау үшін 700 арнайы қоқыс жәшіктерін орнату жоспарлануда», — деді медиа орталық тілшісіне қала әкімдігі табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бөлімінің басшысы Мирас Ғайсин.

Оған қоса, елордада электр жарығын үнемдейтін құрамында сынап бар шамдарды жинау және жою бойынша жобалар іске асырылуда.

Бүгінде Астанада бұндай контейнерлердің 700-ден астамы орнатылды. Әрі қарай өндіру үшін бұл шамдар тамақ қалдықтарынан бөлек жиналып, сұрыпталып арнайы сарғылт түсті жәшіктерге салынады.

Өз кезегінде сары түсті қоқыс жәшіктері пластик қалдықтары үшін арналған. Қазіргі уақытта тұрғын-үйлердің аулаларында бұндай контейлердерің 600-ден астамы бар. Барлық жиналған пластик әрі қарай өндіру үшін қоқыс өндіру зауытына жөнелтіледі.

Қалдықтар сұрыпталып, брикеттеледі. «Көріп тұрғандай, бұл контейнерлер күн сайын толады. Қала тұрғындары мен қонақтары бұл жобаны қолдап, елорданың экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлестерін қосады деген сенімдеміз», — деді М. Ғайсин.

Әкімдіктің мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта елорда аумағында 9 мыңнан астам түрлі қоқыс жәшіктері орнатылған. Бұған дейін әкімдіктің медиа орталығынан хабарланғандай, Астанада маусым айында тұрмыстық қатты қалдықтарды сыртқа шығаратын компания ауысты. «Астана-Тазарту» компаниясының орнына арнайы базасы мен техникасы бар «Clean City NC» ЖШС келді.
Әрі қарай