Курортта туған өлең

Ақиық Мұқағалидың өзі мойындап, тәнті болған Қасым Аманжолов бір топ қазақ ақын-жазушыларымен курортта (қала аты есімде жоқ)болыпты. Орысша таза сөйлеуімен, пианинода ойнап ән айтуымен сол жердегі қыз-қырқынның көңілін тапқан екен.сол жердегі бір орыс келіншегінің тамырын басып, төсектес те болыпты. Онысын қызғанған жерлестері пыш-пыш сөздер таратса керек. осының бәрін біліп жүрген ақын кетерінде бәрінің көзінше:
Рахмет саған Полина Иванова
Маған бір түніңді қиғаныңа
Кәпірдің мұсылманға бір бергені
Татиды мың молданың иманына-депті деседі.
Сурет: vsedlyavasdamy.ru

Ол кездің «Балдырғандары» (белесепет) бала түгілі 70 келілік жігіттерді де көтеретін. Артқы тепкішекке көрші баланы тұрғызтып алып айдап келе жатқанмын. рөлге ие бола алмай қалдым ба, жоқ әлде алдыңғы дөңгелек бірдеңеге тірелді ме есімде жоқ.Есімде қалғаны қатты құлағанымыз.Құлағанда да жаман құладық.менің басым тасқа тиіп жарылды.Қан бұрқырап ағып жатыр шекемнен.Жарты бетімнің терісі сыдырылып қалған. Бақырып үйге қарай жүгірдім.Алдымнан тәтем шықты.Ата-әженің қолындағы немере болғандықтан анамызды тәте дейтінмін.сол жанталасып орап берді. Кешке әжем келді бір жақтан.Дәлізде басым ораулы отырған мені көріп «не болды?» деп сұрады. Тәтем «мен ғой көсеумен (пешті шұқылайтын істік темір)ұрып басын жарған»деп менен бұрын айтып қалды.Сол кездегі әжемнің ашуланғаны сонша, сол көсеумен ананың өзінің басын жара жаздады.Қайта тәтем,«Ойнап айтам, белсебеттен құлады» деп үлгерді.




