Тамшылар. Этгар КЕРЕТ

Дос қызым, Америкада жалғыздықтан емдейтін тамшылар ойлап табылғанын айтты Ол мұны «Галей Цахаль» тарататын «Алпыс секундта» бағдарламасынан естіпті. Ести сала, құрама штаттардағы әпкесіне: сол тамшылардың бір жәшігін сатып ал да, маған жібер,- деп хат жолдады.
«Галей Цахальдың» хабарлауынша, бұл тамшылар Американың Шығыс жағалауындағы барлық желілес дүкендерде сатылып жатыр. Нью-Йоркте де өтілімі жағынан нағыз хитке айналыпты. Спрей және тамшы түрінде шығады. Менің қызым, әпкесінен тамшы сықпыттағысын жіберуді өтінді. Ол, әрине жалғыз қалғысы келмейді. Дегенмен тамшыларды пайдаланбауына бұл да тоқтау болмақ емес.
Әрі қарай

Синдзи Кагаваның келер жылы үздік атануының 5 себебі

Бүгін www.bleacherreport.com сайтынан қызық жазба оқып едім. Сайттың Макс Тоуле деген колумнисті «МЮ» футболшысы Синдзи Кагава туралы жазыпты. Өзімше аударған болдым. Түсініксіз жерлері болса, айып етпеңіздер.


Синдзи Кагава

Чемпиондар лигасы финалының алдында Юрген Клопптың Синдзи Кагава туралы айтқан пікірін оқып жылағым келді.
The Guardian басылымына берген сұхбатында «Боруссия Дортмунд» бапкері Кагаваның «Олд Траффордтағы» дебюті туралы былай деді:

«Синдзи Кагава – әлемдегі ең үздік ойыншылардың бірі. Қазір ол «Манчестер Юнайтедте» 20 минут ғана ойнайды. Сол қанатта! Жүрегім қан жылайды. Шынымды айтсам, көзіме жас келеді.
Орталық алаң Синдзидің ойқастайтын жері. Ол өмірімде көрген қорғанысқа көңіл бөлетін жартылай қорғаушы болғанына қарамастан көп гол соғатын жалғыз футболшы. Бірақ, көптеген жапон футболшыларына «Дортмундта» ойнағаннан гөрі, «МЮ»-да доп тепкен ұнайды».

Жапон үшін әлемдік аренадағы өткен жылы есте қаларлықтай болды, бірақ аздаған кедергілер әсер етті. Ол қазіргі кезде «қызыл сойқандар» үшін ерекше атанудың аз алдында тұр. Келесі маусымда «МЮ»-дың үздік ойыншысы атануы мүмкін. Төменде мені ондай ойға жетелеген бес себепті оқыңыз:

1. Өз орнын табу.



Кагаваның өткен маусымды сәтті өткізе алмауының себебі, оның алаңның басқа жағында, Сэр Алекс Фергюсон белгілеген жерде ойнауында.
Әрі қарай

Соғыста болған жандар сөзімен...

Өзге қалаларда қалай екенін қайдам, Астана көшелеріндегі баннерлерге ҰОС ардагерлерінің суреті ілінді. Әрдайым жол бойындағы баннерлердің орындалу шеберлігіне, мәні мен мазмұнына назар аударып, «Креативті не бар екен?» деп қызыға қарап жүретін мені бұл өзгеріс таңқалдырды. Астанадағы алғашқы көктемім болғандықтан, бұған дейін бұлай жасалған-жасалмағанын білмеймін. Өзім бірінші рет көріп отырмын. Ал қазіргі ілулі тұрған баннерлердің дизайны ұнады. Қара фонға жарық беріліп, сол шуаққа қойылған жылы жүздер көз тартады.Келтірілген цитаталар да мәнді.
Әрі қарай

Екі рет жеңіс әкелген тұмсық немесе Отан қорғаушылар күніне оффтоп

Мүйізтұмсықтың мүйізі.

Әлі күнге дейін мүйізтұмсық мүйізінен жасалынған ыдысқа у қосылған шарап құйылса бұрқылдап қайнайды, мүйізден жасалынған ұнтақ ауыр толғақ кезінде оңай босануға көмектеседі, оба ауруын емдеп жазады, адамды жасартып, терісін балғын етіп, бет жүзінің әжімін кетіріп, ең бастысы еркектің қуатын қалпына келтіріп, күшіне күш қосып айғыр етеді деген сенім бар, наным бар, қысқасы сондай соқыр дүмшелік бар. Осы себепті де мүйізтұмсықты аулап, мүйізін жұлып, не қырқып алып, одан қанжарға сап жасап, не ішін ойып қуыс етіп, шарап құйып ішеді, ал бұтағы оянбай қиналып жүрген бейбақ болса, мүйізін ұнтақтап күнде ішеді. Сонымен, әлем халқы, соның ішінде Орта Азия тұрғындары, араб елдері әсіресе Қытай медицинасы құдайдай көріп, сеніп келген мүйіз расымен де сонау мифологиялық кейіпкер Дарамүйіздің (единорог) ұрпағы ма?
Мүйізтұмсықтың мүйізі-ешқандай да сүйекті зат емес, талшықты зат. Бір-біріне қабыса,өріле, тығыз бірігетін кератин депи аталатын талшықтардан құралады. Көшеде кеуіп жататын аттың тұяғын көргендер бар шығар. Сондағы ат тұяғының неден тұратынын білген адам мүйізтұмсық мүйізінің де құрамын біледі. Ат тұяғы не, мүйізтұмсықтың мүйізі не, екеуі де бір құрамға ие, кератин деген заттан тұрады.
Әрі қарай

Оздырдым-ау әйтеуір...

Қазақты жылқысыз және домбырасыз елестету қиын. Біздің жақта Жолдыбай атты атбегі кісі бар. Сонау Кеңес заманынан бері қосқан аты бәйгенің алдын бермеген деседі. Біз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы, екі мыңыншы жылдарға дейінгі қосқан жүйріктерін көріп жүрдік. Оның қосқан атынан ат оздыру деген керемет мәртебе еді. Ол мәртебеге біздің ауылда менің ағам Ахмет және Жолтай деген құдамыз ғана ие болды. Ахмет ағамыздікі анық оздыру еді. Ол кісінің қосқан жүйріктері де бәйгенің алдын бермейтін болып шықты. Кішкентайымнан өзім бәйгеге шапқан буырыл атының әр аяғына құлынды бие байлаған Жолдыбайдың бетін қайтарғанын өз көзіммен көргенмін. Дегенмен, біздің айтпағымыз басқа әңгіме.
Енді, Жолтайдың Жолдыбайдан ат оздырған оқиғасына келейік. Бақ дегеніміздің өзі құс секілді ғой. Біреудің басына ұзақ қонады, біреуге тіпті қонбауы да мүмкін. Жолдекеңнің бағы тайды дей алмаспыз. Бірақ, бір жылдары қосқан аттарының бәйгеге ілікпей қалған кездері болды. Аттары көңілінен шықпаған соң, Жолдекең басқа жақтан жылқы сатып әкеледі. Ол жылқысын баптап, біреудің алпыс жылдығана ма әйтеуір бір дүбірлі тойға қосады. Ол тойға Жолтай құдамыз да үкілеп бір ат апарады. Шамасы 40-50 ат шапқан бұл бәйгеде Жолтай құдамыздың да Жолдыбайдың да аты ілікпей қалады. Бірақ та осы жарыстан соң біздің ауылда «Оздырдым-ау әйтеуір» деген сөз тіркесі пайда болды. Мәселенің мәнісі былай екен. Жолтай құдамыздың аты бәйгелі болмаса да атақты Жолдыбайдың атының алдында келіпті. Мұны көрген Жөкең «Жолдыбайдың атынан оздырдым-ау әйтеуір» деген екен-міс…
Әрі қарай

Орал қаласы (life)

18-нші наурызда еліміздегі көне қалалардың бірі Оралға сессиялық емтихан тапсыруға барған мен, қаладағы ескі және белгілі нысандарды фотосуретке түсіріп алған болатынмын. Фоторепті мына сілтеме арқылы тамашалай аласыздар. Енді назарларыңызға қала өмірі туралы фотоларды ұсынсам деймін. Суреттер аз емес, бірақ тек 30-ын жүктедім.

P.S. Фотоларды қарамас бұрын төменде орналасқан «тағы да»-ны басыңыз.)
Әрі қарай

Мен көрген алғашқы БлогКемп


БлогКемп, яғни блоггерлер құрылтайы. Осы құрылтай біткеннен кейін блог тұғырларда да, әлеуметтік желілерде де блог кемп туралы жазбалар мен фотосуреттер, бейнебаяндардың ағыны басталды. Қысқасы, Ұшқын айтқандай, Блогқұрылтайдың буы басылмай тұр әлі…

ВИРТУАЛДАН РЕАЛҒА

Сонымен, құрылтай туралы не айтайын. Ең бірінші айтарым, биылғы құрылтайға мен алғашқы рет барып тұрмын. Виртуалдағы достарыңмен түңғыш рет кездесу ерекше әсер берді. Бір қызығы блог әлемінде жақын достай сөйлесіп жүрген блоггер қасыңда жүрсе де танымай қалуың мүмкін. Өйткені кей блоггерлер (мәселен мен) ешқашан суреттерін аватарына қоймайды немесе шынайы жүзі суретінен өзгеше болады екен. Блоггер болғаныма бар-жоғы бір жыл ғана болыпты. Алайда мен өзім жеке сайт ашып, көбінесе сол жерде блог жүргізген едім. Құрылтайға барып, блогтұғырларда блог жүргізген әлде-қайда тиімді екенін ұқтым. Өйткені бір блогтұғырдың блоггерлері бір-бірімен көптен бері көрісіп тұрған көршілердей амандасып жатады екен. Қызық, виртуалды әлемнің де адамдарды рухани табыстыратын ыстық қасиеті барына таң қалдым.
Әрі қарай

Қызық!

Қызық! «Өмір өтіп бара жатыр» деп жиі налимыз, бірақ жүрегіміздің түбіне терең үңілсек, сол өмірдің шынымен өтіп бара жатқанына өкініш таппаймыз.
Қызық! Қолымыздағы 100 теңге садақа үшін беруге көптік етеді, ал «100 теңгеге базарға барып сауда жаса» десе күлкіміз келеді.
Әрі қарай