Соғыста болған жандар сөзімен...

Өзге қалаларда қалай екенін қайдам, Астана көшелеріндегі баннерлерге ҰОС ардагерлерінің суреті ілінді. Әрдайым жол бойындағы баннерлердің орындалу шеберлігіне, мәні мен мазмұнына назар аударып, «Креативті не бар екен?» деп қызыға қарап жүретін мені бұл өзгеріс таңқалдырды. Астанадағы алғашқы көктемім болғандықтан, бұған дейін бұлай жасалған-жасалмағанын білмеймін. Өзім бірінші рет көріп отырмын. Ал қазіргі ілулі тұрған баннерлердің дизайны ұнады. Қара фонға жарық беріліп, сол шуаққа қойылған жылы жүздер көз тартады.Келтірілген цитаталар да мәнді.
Фотоға түсіріп, осында салып отырмын. Негізі, мұндай баннерлер Қабанбай даңғылының «Сарыарқа велотрегі» тұсынан басталып, әуежайға бұрылатын «Арғымақтар» орамына дейін тізіліп тұр. Қала көшелерінде де бар.
Ұлы Отан соғысы туралы әр жылы әр тұстан, әр ауыздан естілетін оңды-солды ышқына айқайлауларға, тым білімсінген пікірлерге мылжың қырту деп ғана қараймын.
Соғыс ардагерлерінің деніне саулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Жеңіс күні құтты болсын!
Бөлісу:

5 пікір

asaubota
кеше сол жолмен 2 рет өттім, үлгергенімше оқып шықтым.
zholantai
мұнда да түгел емес, тек «Сарыарқа» велотрегі мен Назарбаев университетінің аралығындағылары.
Aikona
жақсы жасапты, ұнап отыр маған
torgai
Көзі тірілері ғана. Астанада аз қалды. Бара-бара бір шолақ көшені толтырмайтын сыңайлы. Содан кейін немере-шөберелерінің естелігі кетеді. Оның дұрыс-бұрыстығын ешкім шүбә келтірмесі хақ.