Бір үзім романтика

Бүгін маған жазылған құттықтау каменттерін оқып отырып, Нұрғисаның бір жайтты еске түсіріп жіберді. Сіздермен бөлісейін дедім:
Шамамен 2003 жыл болуы керек. Ол кезде де КерекИнфо админімін. Түркияда студент кезім. Гүлчин деген түрік қызым болды. Сол қызбен бір ренжісіп қалған кездерім болуы керек (негізі қыздармен 1000 рет ренжісіп, 1000 рет татуласатынмын). Бір ой келді Гүлчинге сюрприз жасайын дедім. Керекинфо форумындағы қолданушыларға өтініш тастадым, Гүлчиннің номеріне «Arshat seni seviyor» (Аршат сені сүйеді) деп SMS жіберіңдерші дедім. Қазақстан, Ресей, Түркия, Қытай, Америка, Корея, Моңғолия сияқты неше түрлі елден SMS барыпты Гүлчиннің номеріне. бір мәз болып қалып еді.
Ол кезде флешмоб деген түсінік жоқ, идея қарайтын Google жоқ. Бәрі оригинал еді, ойлай алатын едік, ойланатын едік. Романтика бар еді. Қазір білмеймін, заман өзгеріп келе ме бұрынғыдай ой, бұрынғыдай романтика жоқ сияқты. Әлде мен байқамаймын ба қазіргі жастардан?..
Сіздер де өткен жылдардағы романтикалық сәттеріңізді бөлісе отырыңыздар.





Секас — үлкен қалада(Секс в большом городе). сериалы сонау бір жылдары КЗлық ТВ-лардан көрсетіле бастаған еді, онда мен баламын, 1-2 сериасын көріп фуййй ужас на деп жеркенген кезімде болған
Кэрри Брэдшоу — жазушы, Нью-Иорк Ста газетінде, ну андай рублика жүргізеді.))) Үлкен махаббатын іздеуден жалықпай, арманындағы жігітті жолықтырсам деп, және жолықтырып, оған жетудегі небір қиындықтар көріп, қызықты оқиғалар өткеріп. Нешеме ғашық болып, өшіп/сөніп, қайта тұрып бақытты болған жан.
Шарлотта Йорк — өнертанушы қыз, өте байсайды, өзі консервант/аристократ, бір беткей, өмірді тек позетиф іздейтін жан. Тек идеал күйеу іздеп, аяғында дінін өзгертіп, өзі айтпақшы, тақырбас, сұрықсыз еврейге ғашық болып…
Саманта Джонс — Пиар менеджер, қаладағы барлық тусовкаларды жібермейтін, тек секас, ал қалғаны бос әурешілік, махаббат жоқ деп жар салған, өзіне сенімді, және сарказмен сөйлетін, юморист қыз.
Миранда Хоббс — заңгер. Өз күшіне сенетін, ақылды, романтикаға берілгісі келмейтін. Ешкімді идеал тұтпайтын қыз.
Керекинфоның хостингіне көмек ретінде ақша жиналатыны туралы өткенде айтқан едік. Негізінде бір қаладағы қолданушылар бірігіп, жинап банк арқылы салып жібергендері дұрыс. Ал, ондай мүмкіндігі жоқтар терминал арқылы салса болады. @sigma комиссиясы көп екенін айтты. Бірақ, бұл ең тиімді жол сияқты. Мысалы SMS арқылы жинағаннан әлдеқайда арзанға шығады. Өзім кеше салып, сосын оны Webmoney-ге айналдырып көрдім.
