"Азғын" қиялды қоздырудың алты амалы (эстафета)

Шешендер сайысы: Азғын қиялды қоздырудың алты амалы (эстафета)
Бізде тұрақты әңгіме жазып жүрген адам өзін біраздан соң априори «таланттымын» деп есептей бастайтын сияқты. Жалпы, ақын, жазушы біткен бірден өзін құдайдан ерек туған уникум деңгейінде қабылданатынына көзім үйреніп кетті. Ал батыста, қалам тербеушілерге кәдімгі даяшы немесе шаштаразға қарағандай қарайды екен. Бәлкім, бұл да стереотип шығар. Бірақ, қиялды түртпектейтін жаттығулардың, тіпті арнайы жазушылық қабілет дарытатын сабақтардың болуы — соның дәлелі.
Мен өзім адамда қиял өрбіту қасиеті әу бастан жоқ болса, оның кенет талантты болып кетуіне ешқандай курс та, жаттығу да көмектеспейтініне көзім жетті. Дегенмен, титімдей ғана ұшқын болса, оны әр-алуан өмірлік тәжірибе арқылы һәм қатемен жұмыс арқылы біршама тартымды дәрежеге жеткізуге болатынын да көріп жүрмін.

Ал қиял қоздыратын жаттығулардың кейбірін өзіңіз де байқап көре аласыз.


1. Көзіңізді жұмып, бөлме ішіндегі бір зат туралы ойланыңыз. Ішіңізден сол заттың негізі мақсатынан бөлек қолданыс түрлерін тізіп шығыңыз. Сосын, көзіңізді ашып, әлгі затқа қарамастан, сол қасиеттерді жазып шығыңыз.

Мәселен, менің ойыма бірінші келгені — кесе.
Шешендер сайысы: Азғын қиялды қоздырудың алты амалы (эстафета)

Қасиеттері:
1) Арқа қасуға болады.
2) Жер қазуға болады.
3) Циркуль жоқта қағазға шеңбер сызуға болады.
4) Тұшпара орайтын қамырдың кесінділерін жасауға болады.
5) Сындырсаң, пышақ ретінде қолдануға болады.
6) Ішіне кішкентай гүл егуге болады.
7) Самауырынның отын бастыруға жақсы.
8) Құмырсқаларға бассейн жасауға болады.
9) Кішкентай шегелерді қағуға болады
10) Құлағыңа тақап, қосымша дыбыс локаторы ретінде қолдануға болады.


2. Қайым айтыс


Шешендер сайысы: Азғын қиялды қоздырудың алты амалы (эстафета)
Бұл айтыс түрі — осыдан бірнеше жыл бұрын Қазнеттің форумдары мен чаттарында қайта жаңғырған ой мен қиял жүйріктігін баптаудың ерекше түрі. Қайымдасушылар, әдетте, бір-бірінің соңғы екі жолын қайталап, аяғына өзінің екі жолын қосып, қарсыласқа қайырып отырады. Егер айтысатын адам болмаса, өзіңізге ұнайтын өлең жолдарының соңғы екі жолынан бастасаңыз болады.
Мысалға, Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңінің соңғы жолдарын алайық:

"Құдай-ау, бұл көңілім
Күн бар ма бір тынар?"

оған мына жолдарды қоссақ болады.

Тоймайтын құлқыным
Жайымды кім ұғар?

Енді келесі адамның кезегі.


3. Менің алғашқы...

Шешендер сайысы: Азғын қиялды қоздырудың алты амалы (эстафета)
Жаттығу қарапайым әрі қызық. Өз басыңыздан өткен алғашқы тәжірибеңізбен бөлісу. Ол, әрине, кез келген жағдай болуы мүмкін. Таңдау еркіңізде. Тек құр естелік соғып отырмай, ойын шартына сай, 100 сөзден асырмауға тырысамыз. Сөз санын қолмен санамау үшін «ворд» қолданған дұрыс.

Мысалдар:
«Алғашқы сүйіскенім»
«Алғашқы жекпе-жегім»
«Алғашқы арақ ішкенім»
«Жатақханадағы алғашқы күнім»
"Өзімді алғаш қаһарман сезінгенім"
«Алғаш түнгі клубқа барғаным» т.с.с.

Мысал ретінде, алғашқы сүйіскенімді өрбітіп көрейін.

Оныншы сынып. Жаңа жыл кеші. Ауданымыздың қауіпті аймағының бірінде «вешірге» барған едім. Тілек айтулар бітіп, пысық жігіттер бір-бір қыздан ортаға алып билеп жатты. Тәуір қыз қалмағанына налып, тонадайдағы апталдай қызға бата алмай отыр едім, қыз өзі келіп, жасөспірімдік ұяңдықтан арылмаған мені ортаға сүйреді. Қыздың аю қыспағына түскен бойда, ішім "қылп" ете қалды. Бір бәлені сезгенімді қыз да байқады-ау — ыңғайсызданып әрі шегінді. Кенет ішкі даусым "әй, әлжуаз, талғампаз болатын жайың ба еді?" деп кейіді. Әрі-беріден соң, «нар тәуекел!» деп қыздың ерніне тап бердім. Анау да апандай аранымен ернімді беті-аузыммен қоса жұлып ала жаздады. Кеш біткенде қашып, әзер құтылғаным есімде қалыпты…


4. Қабылдаған шешіміңіздің ең қиыны

Шешендер сайысы: Азғын қиялды қоздырудың алты амалы (эстафета)
Басыңыздан кішігірім Кариб дағдарысы өткен кез болды ма? Таразының екі жағында да ауыр аргументтер болып, Кеннеди сияқты бірнеше күн ойланған кезіңіз ше? Сол туралы қалам тербеп көріңіз.
Мұны да 100 әріптен асырмауға тырысыңыз. Мұндай шектеулер ойыңызды дәл жеткізетін сөздерді табуға итермелейді. Мысалы былай:

2010 жылы Астанаға тележурналистика саласынан ұсыныс түсті. Әрине, мұрныма иісі бармайтын кәсіпте бақ сынап көргім келді. Дегенмен, қара шаңырақта өзім қалатындықтан, әке шешемді тастап кетпесім анық еді… Бұл арпалысымды әкемнің «Сен орнығып ал, артыңнан барамыз» деген сөзіне жеңдірер ме едім, қыста ғана екінші рет инфаркт алған әкемнің денсаулығы да ойландырды. '«Атан өлсе сойылар, атаң өлсе қойылар, мұндай бізге қансонар күнде қайдан табылар» дегенге салып, әкем сол жұмысты қолдан бермеуімді өтінді. Не керек, бағымды сынаймын деп, сорымды білдім. Жұмыстың маған бұйырмағаны жанына батты ма, біраздан соң, әкем үшінші жүрек талмасынан көз жұмды. Содан ба, Астаналық ұсыныстардан бетім қайтып қалған.


5. Cын есімдерді теңеулермен сипаттап көріңіз

Шешендер сайысы: Азғын қиялды қоздырудың алты амалы (эстафета)
Шарт — теңеу тұрақты тіркес болмауы керек (мысалы, тәкаппар адамды «кеудесіне нан піскен» деуге болмайды).
Мысалдар:

Жалқау. Марқұм шалдың жалқаулығы соншалық, өз жаназасына өзі келмей, итін жұмсапты.

Жұмсақ. Жаңа туалет қағазының жұмсақтығы соншалық, сүрткен сайын, "әжемнің орамалы емес пе?" деп қарай беріппін.

Ұсқынсыз. Құрманәлінің түрін көрген жезөкшелер түнгі уақытқа қарамастан кенет трамвай күтіп тұрған кейіп танытатын т.с.с.


6. «Мен ешқашан...»

«Ат баспайм деген жерін үш рет басады» десек те, бір күні істеп қалуыңыздың мүмкіндігі нөлге шексіз жақындай түсетін әрекеттеріңізді тізіп жазыңыз.

Мысалы:
1) Ешқашан Плутоннан жер сатып алмаймын.
2) Ешқашан анамның көзінше Гандимен стақан соғыстырмаймын.
3) Ешқашан гелийді пышақпен турап жемеймін.
4) Ешқашан біреуге нақақтан қиянат жасауға бағытталған жымысқы сыбайластыққа қосылмаймын.
5) Ешқашан компьютерсіз өмір сүре алмаймын.
Шешендер сайысы: Азғын қиялды қоздырудың алты амалы (эстафета)
суреттер: ~myteenmatters.com, ~shutterlock.com


Жоғарыдағы жаттығуларды орындаудың кезегін, эстафета жанрын жаңғырту мақсатында bizbike деген қолданушыға беремін.
Бөлісу:

68 пікір

qonyrbai
Анау да апандай аранымен ернімді беті-аузыммен қоса жұлып ала жаздады. Кеш біткенде қашып әзер құтылғаным есімде қалыпты…
=))=))=))
zholantai
8) Құмырсқаларға бассейн жасауға болады.
)))
zholantai
Гастаның кеседегі суға құмырсқаларды тоғытып отырған бейнесі пайда болды,
залдағы кілем үстінде қақ ортасына дейін су толтырылған кесе, кесені айнала қоршап, етпетінен жатқан Гаста мен балалары, әрқайсысы қолындағы екі-үш құмырсқасын кеседегі суға салып жіберіп, мәз-мейрам болып бақылап жатыр, :):)
Gastarbaiter
Жәнібек, тым көнбіс, жуас адамды көркемдеп суреттей алар ма едің?
zholantai
иә, суреттеймін, координатасын көрсетсең болғаны
Gastarbaiter
Координат жоқ.
Қиял не үшін?
Кәдімгі шал, жарайды аты Мырзапияз болсын. Соның тым көнбіс екеніне теңеу, салыстырулармен сендіруге тырыс оқуерманды.
zholantai
1)Мырзапияз қарттың көнбістігі соншалық, өз атын атап шақырғанда мойын да бұрмай, «ыққы-ыққы» деген дауысты естісе елең ететін.
2) Көрші ауылдағы Ленаның көнбістігі соншалық, түн өткен сайын есік алдындағы жоңышқалықтың жапырылған жері де ұлғая беретін
qonyrbai
Жәке, на лету ысқыватит етіп жатырсың ғой. :d
patick
керемет пособие :)
Gastarbaiter
Ендеше мына сөйлемді теңеумен аяқташы:
«Алманың ащылығы соншалық…
patick
Алманың ащылығы соншалық
«Бұдан да калий перманганатын жегенім артық еді», — деп кейіді ол
Gastarbaiter
Марганцовка сонша ащы ма не? Әлде калий цианиді дегің келді ме, бвхахаха)))
patick
Тотықтындырылған түрі ащы шығар деп топшылап отырмын =))
zholantai
видеопостқа сұранып тұрған жаттығулар екен,
Gastarbaiter
@-)
Мынауың тың пікір екен. Жазбагерге жаттығуды видепост арқылы беру ойыма кіріп шықпапты. Шаблонымды қақ айырдың ғой. :*))
zholantai
әлі де кеш емес ғо, жеке видеопост етіп орналастыруға
ойлап қараш, әркім жаттығуды орындағанын смартфонына түсіріп, жариялап жатса, шаншар-тамаша, уай-фай25 тер бұрышқа кетед
Gastarbaiter
Бұйырса, амиго. Видео жасаудан Жандосқа жету қайда деген сенімсіздік де бар. Бірақ финалға өтсек, әйтеуір бір видео жасармын-ау деген ой бар. Монтаж жасайтын бір проганы меңгеріп алайын алдымен.
qonyrbai
Данияр Pinnacle-мен жасайды монтажды. Мен оны әлі үйренбедім. Әзірге фотоның ояқ-бұяғында жүрмін. Videosmile.ru сайтында Vegas, Premier Pro бойынша сабақтар бар. :)
zholantai
ал мен бірде-бір видеемонтаж жасайтын проганы білмеймін, Видеопадта қырқып. жапсырған боламын. Бірақ зеріктіріп жіберген соң тастай саламын. Монтаждың қай-қай түрі болмасын, мүлдем ұнамайд.
Ispek92
Ынта аздау болса Сони Вегас жақсы, Пинакл көөөп ОЗУ жейді, Афтер Эффектс мықты прога алайда үйренем десең ұзақ уақыт қажет…
zholantai
универде Сони Вегасты үйреткен, Жәнібек үйренбеген, өйткені группадағы Вегасты да, Фотошопты да шағатын жігіт жақын досым болатын))) Соған сеніп, монтаж прогаларды үйрену жайына қалған еді,
өте жеңіл қандай прога бар. вегастың да жұмыс алаңы жеңілтек ғо
Ispek92
Ну, енді мәйде шүйде прогалар көп қой, бірақ мен үшін Sony-дың Вегасы, Apple-дің Пинаклы. Adobe-ның Афтер эффектісінен асқан брендтер жоқ, әлде Синема 4D-ны үйренесің бе?:*)):*))
zholantai
әлде Синема 4D-ны үйренесің бе?
үйретпесең, өздігімнен үйрену жоқ ))
qonyrbai
Афтер Эфектс пен Премьерді үйрене берсең жақсы. Голливудтың кинолары содан өтеді көбінесе.
qonyrbai
Осы Maty Pro-ның жігіттері Шымкенттікі емес пе? Солар Премьерді, Эфектсті меңгеріп алған. Жандос аға да Афтердің құлағында ойнайды. :d
zholantai
не істейд бұлар? тусінбедім, видеоны қарау лень
qonyrbai
Каналы ғо. Өздері түсірген, өздері монтаж жасаған клиптері бар.
qonyrbai
Иә, шәйнек дәрежесінде Adobe-қа жоламаған жақсы. Вегас та жаман емес. Вегас не Пинаклдан бастаған дұрыс сияқты. Мектеп кезде Мувимейкермен ойнаушы едік. :)
Ispek92
Екіден айтайын, сенің 32 биттігің келмейді Пинаклға, айырмасын сезініп көр, қарапайым Пинакл 1-2 Гб аралығында, ал Вегас бар болғаны 500 Мб болады, алайда мүмкіншіліктері бірдей, че за Қойна дейсің осындайда))))
qonyrbai
Иә, 64-ті орнату керек. О баста ноутты сатып алғанда Алматыда бір қазақ бес мыңға орнатып берген. Әрең орнатқан екен. Сол 64-ті өзім орнатайын десем, қорқып жүрмін да. С-ның пәміті толып қала беред. Оны үлкейтейін десең, D-ны сығу керек.
Ispek92
Саған әлі ноутты меңгерудің үйрену керек секілді ғо))
qonyrbai
Жоға, жүйе орнатуды білем ғой. Үйдегі компқа оқушы кезімде апта сайын жасайтын едім. :d
zholantai
Бірақ финалға өтсек,
неткен қарапайымдылық десеңші :*)):*))
Gastarbaiter
Қарапайымдылық не причем. Құдайды күлдіргің келсе жоспарыңды айт деген. Темірбетоннан құйылған финалист болады-ау деп ойлаған Жандостың жағдайынан бері Дамоклдың тасағы төбемнен салбырап тұрғандай болады әр турда:*))
zholantai
7 мен 8 ші турда 0 ұпай алсаңда ерікті-еріксіз финалға шығып тұр едің ғо )))
qonyrbai
Жеңу керек. Фанаттардың да жағдайын ойлау керек. :d
Gastarbaiter
Ұпайдан бөлек хуяктар да төніп тұрады адамға, кенеттен. Будда сақтасын.
zholantai
Алғашқы арақ ішкенім.
Үшінші курста оқимын. Группаласымыз Жазираның ұзату тойында отырмыз. Дастарханға қойылған екі бөтелке шарапты жігітттер болып әп сәтте ада қалдық. Тағы екеуін көрші үстелден алдырдық. Жетпей қалды. Қызды тезірек алып кетуін күтіп отырмыз. Қыз ұзатылды. Сыртқа атып шығып, қалған төрт жігіт тойханадан бір аялдама алыстағы дүкенге жетіп бардық. Көк шынылы «Собраниені» ұстаған күйі татып алмайтын Алмастың қорасынан бір-ақ шықтық. Шараптан кейін пайда болған алкогольге деген аштықты басқым келіп алғашқы рет "«Собраниенің» жүздігін басып салдым. Аузымды ұзақтау ұстап қалсам керек-ті, тілім мен ұртымды дуылдатып жіберіп барып, тамақтан өтті. Екіншісін аузымды ұзақ ұстамаймын деп және "қағып салды" деген әрекетті орындап көрейінші деп өзімше бір-ақ көтердім. Тым тез көтеріп жіберсем керек-ті, кеңірдекке бағытталмай, танаудан атқылауға сәл-ақ қалды. Алғашқы «Собраниені» үшеу болып тауысқаннан кейін, мен де тындым. Үйдің қабырғасын жағалап, есікті тауып, төсегіме құлағаным есімде. Таңертең Алмас досым оятты. Құрбан айттың таң намазынан келген беті екен.
Gastarbaiter
40-қа жуық сөзің артық-ау деймін шартқа сәйкес.;r
zholantai
Үшінші курс. Группаласымыз Жазираның ұзату тойында отырмыз. Дастархандағы екі бөтелке шарапты төрт жігіт әп-сәтте ада қалдық. Тағы екеуін көрші үстелден алдырдық. Жетпей қалды. Қыз ұзатылды. Сыртқа атып шығып, тойханадан бір аялдама алыстағы дүкенге тарттық. Көк шынылы «Собраниені» ұстаған күйі татып алмайтын Алмастың қорасынан бір-ақ шықтық. Шараптан кейін пайда болған алкогольге деген аштықты басқым келіп "«Собраниенің» жүздігін алғаш рет жұтып салдым. Аузымда ұзақтау ұстап қалсам керек-ті, тілім мен ұртымды дуылдатып жіберді. Екіншісін де "қағып салдым". Танаудан атқылауға сәл-ақ қалды. Алғашқы бөтелкедена-ақ тындым. Үйдің қабырғасын жағалап есікті тапқаным есімде. Таңертең Алмас досым оятты. Құрбан айттың таң намазынан келген беті екен.
Gastarbaiter
Шекетуге сыйғызуға тырыссаң, нағыз челендж болады. Маралбек мықты сыйдырады қарапайым сөзбен, он беттік әңгімені жеткізудің әккісі боп алған ол.
zholantai
иә, Маралбекті алдымен сол ықшамдылығы үшін оқитын болдым
Gastarbaiter
Сатыбалды да үш сөйлеммен бір сюжетті қопарывстайд, а так.:*))
zholantai
Сатыбалды ас ғой.
Ал, Маралбектің мәтінге ықшамдылығын Блогиададағы посттарын кейін байқадым,
qonyrbai
Лажы болса, аз сөз қолданған дұрыс па блогта? Әлде формасына қарай түрлі көлемде бола ма?
zholantai
формасына қарай әр түрлі бола береді, аз сөз маңызды дегенде аз сөзбен жеткізуге болатын нәрсенің сөзін көпіртіп керек емес, ал айтарың посттың басынан соңына дейін «аһ» ұрғызатындай құнарлы болса, онда көлем екінші орынға ысырылып қалады,
qonyrbai
Үй құрастырасың десей. :d
Gastarbaiter
Жоғарыдағы жаушыларға арналған жаттығулар ғой, блогерлерге арнап жеңілдеткенмін. Әйтпесе, әр бап бойынша 40-50 мысалдай келтірмейінше, шамаңды да біле алмайсың, әлдебір дағды дамытпақ түгілі.
Талантың ұрып тұрса, оған тас қатырмайсың, туа бітті интуиция миға біраз әурешілікті жеңілдетеді ғой.
zholantai
иә, ұйқыдағы миға қиын тиед екен, 10 мысалға жеткізсем қуанатын сияқтымын
AKA
Құлағыңа тақап, қосымша дыбыс локаторы ретінде қолдануға болады
qonyrbai
Исеке, екеуміз жазып жатырмыз, жазып жатырмыз. Бірақ біз тек прогалардың атауларын ғана білеміз ғой. :*)):*)):*))
zholantai
сен Байқоңырыңды араластыра отырып, лепірсейЧ бір
zholantai
адамдар, сонымен қырта бермей, эстафетаны жалғастырайық та
zholantai
айтпақш, жаттығуларыңнан бұрын превьюдегі суретке респект,
ken
Бесіншідегідей теңеулерді көбіне американ киноларынан көруге болады. Көбіне емес, тек солардың киноларынан ғана көргенмін.
У тебя мама такая толстая, что если бірдеңе-бірдеңе, то бірдеңе-бірдеңе
У тебя изо рта несет как из задницы гиппопотама.
-деген сияқты.

Чконутый профессор деген кинодағы профессор қызы екеуі бір шоуға барып, шоудағы шоумен профессордың толықтығына қатысты нешетүрлі теңеулер айтып, елді күлдіретін жері есіме түсті.)
Gastarbaiter
Көбіміз Чокнутый Профессордағы классикалық қаранәсілді «Сенің шешең» көрінісінде бірінші рет стандап-комеди шоудың не екенін көргенбіз. Кейін, ТНТ — Камеди-Клаб шыққан соң таңсық болмай қалды ғой. Бірақ бұл күрделі импровизациялық жанр Америка театрларында 19-ғасырдан бері бар. АҚШ-та бұл жанрының «пақаны» — Марк Твен деседі, айтпақшы.
ademi_alem
Осы эстафета жалғасын тапты ма?
qonyrbai
Жоқ, жалғаспаған сияқты. Байқамадым.