"Азғын" қиялды қоздырудың алты амалы (эстафета)

Шешендер сайысы: Азғын қиялды қоздырудың алты амалы (эстафета)
Бізде тұрақты әңгіме жазып жүрген адам өзін біраздан соң априори «таланттымын» деп есептей бастайтын сияқты. Жалпы, ақын, жазушы біткен бірден өзін құдайдан ерек туған уникум деңгейінде қабылданатынына көзім үйреніп кетті. Ал батыста, қалам тербеушілерге кәдімгі даяшы немесе шаштаразға қарағандай қарайды екен. Бәлкім, бұл да стереотип шығар. Бірақ, қиялды түртпектейтін жаттығулардың, тіпті арнайы жазушылық қабілет дарытатын сабақтардың болуы — соның дәлелі.
Мен өзім адамда қиял өрбіту қасиеті әу бастан жоқ болса, оның кенет талантты болып кетуіне ешқандай курс та, жаттығу да көмектеспейтініне көзім жетті. Дегенмен, титімдей ғана ұшқын болса, оны әр-алуан өмірлік тәжірибе арқылы һәм қатемен жұмыс арқылы біршама тартымды дәрежеге жеткізуге болатынын да көріп жүрмін.
Әрі қарай

Атаңанә сөз тіркестері

Менде бір керемет сюжет бар...: Атаңанә сөз тіркестері

***
Жұрттың бәрі "құнды пікір" деп жүрген бір пікірді алдық та, Нью-Йорк Қор Биржасына орналастырдық. Екі апта бойы тұрды. Ешкім алмады. Сеніміміз ақталмады: құнсыз пікір болып шықты.

***
Елдің үмітін ақтамақ болдық. Екі шелек әк ездік те, шөткімен елге бардық. Иконың пақаны — ар жағын, мен бер жағын ақтайтын болып келістік. Бірақ үмітті таба алмадық. Сөйтіп, елдің үмітін ақтай алмай, қайтып келдік. Шешесстің.

***
Газеттен «Сырбаз Сырбай» деген мақаланы көріп қалдық. Бір жартымызды алып, үйіне бардық. Бөтелкені аяғына дейін ішкенше жұмған аузын ашпады. Әйелі онысын — кеше ғана Қауіпсіздік Комитетіне жұмысқа тұрғанымен түсіндірді.

***
Нақу ақын бақшасын суаруға шығып, жалаңаштанып, арамшөптерді отай бастағанда, суретке түсіріп-түсіріп алдық. Сөйтіп жұртқа — оның иығы ақ емес екенін дәлелдедік. Нақу ақын масқарамен жер аударылды.

***
Судья Джексонның туыстары жоқ екен деп, Жаңа Жылға сыйлық жазбадық. Судья Джексон ертңіне ұлы ойбай ұйымдастырды. Туыстары жоқ болмақ түгілі: 4 қызы, 3 ұлы, пақаны, мақаны, екі інісі мен үш әпкесі бар боп шықты. «Шешесс...» дегеннен басқа эпитет келмей қалды…
Әрі қарай