Атаңанә сөз тіркестері
***
Жұрттың бәрі "құнды пікір" деп жүрген бір пікірді алдық та, Нью-Йорк Қор Биржасына орналастырдық. Екі апта бойы тұрды. Ешкім алмады. Сеніміміз ақталмады: құнсыз пікір болып шықты.
***
Елдің үмітін ақтамақ болдық. Екі шелек әк ездік те, шөткімен елге бардық. Иконың пақаны — ар жағын, мен бер жағын ақтайтын болып келістік. Бірақ үмітті таба алмадық. Сөйтіп, елдің үмітін ақтай алмай, қайтып келдік. Шешесстің.
***
Газеттен «Сырбаз Сырбай» деген мақаланы көріп қалдық. Бір жартымызды алып, үйіне бардық. Бөтелкені аяғына дейін ішкенше жұмған аузын ашпады. Әйелі онысын — кеше ғана Қауіпсіздік Комитетіне жұмысқа тұрғанымен түсіндірді.
***
Нақу ақын бақшасын суаруға шығып, жалаңаштанып, арамшөптерді отай бастағанда, суретке түсіріп-түсіріп алдық. Сөйтіп жұртқа — оның иығы ақ емес екенін дәлелдедік. Нақу ақын масқарамен жер аударылды.
***
Судья Джексонның туыстары жоқ екен деп, Жаңа Жылға сыйлық жазбадық. Судья Джексон ертңіне ұлы ойбай ұйымдастырды. Туыстары жоқ болмақ түгілі: 4 қызы, 3 ұлы, пақаны, мақаны, екі інісі мен үш әпкесі бар боп шықты. «Шешесс...» дегеннен басқа эпитет келмей қалды…
Сіз сияқты боқ ауыздыларды көрсем… Қатты қиналасыз ау ертеңгі күні…
Қатты айтсам кешіресіз. Нағыз еркек сын көтере білу керек.
)))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
игі жамандар сыртта жүрді ішке кіре алмай
Ұлағатты ұстаз, тағы қандай «игі жақсы»мақтау-мадақтау тіркестері болушы еді құдай-ау, «аса дарынды» дейтіндерін қайтерсің, дарынның өлшеуіші бардай…