Сынықшы

Комедиялық бір киноға тамаша эпизод бола алатын әңгіме айтайын. Менің әкем жасында киік аулап, аңшылық құрған адам, оның әкесі де. Әңгімеге арқау болып отырған оқиға әкемнің бір досымен бірігіп киікке шығуы. Ол замандарда киіктер сайын далада жосып жүре беретін. Әкемнің «Планета» деген матасекілі болатын. Сол матасекілімен киік аулауға шығады. Артында Серғазы деген құрдасы әлде досы, опшым киік атушы. Киіктердің ипподромда жайылмайтыны белгілі. Екі аяқтылардың екі аяқты матасекілмен келе жатқанын көрген жануарлар ойлы-қырлы жерлермен, жыра-жыраның арасымен қашпай ды ма. Қанша жерден жер мұғдарын біліп жүрген адам болса да рөлде отырған әкемді қара басып, екі аяқты көліктері аударылып қалған екеудің төрт аяғы аспанна келіп тоңқалаң асады. Орындарынан атып тұрып, киіктерді қайта қумақшы болады. Бірақ, Секеңнің оң жақ қолы көтертпей қалса керек. Содан, қолы шығып кеткен Секеңді артына салып алып, ауылға, сынықшыға келеді әкем. Сынықшының әкесі де өз кезегінде аудан көлеміне аты мәлім сынықшы болған кісі екен.Баласының сынықшы болып жарытып жүргені шамалы екен сол уақытқа дейін. Дулат деген бір кісінің ойнамалы білегін 5-6 рет салып берген тәжірибесі бар, одан бөлек кесірткенің құйрығын жалғап көрмеген жан деседі. әлгі сынықшы, Секеңнің білегін олай қарап, былай қарап, әкеме: "Ұста мынаның қолын" депті. Әкем Секеңнің шығып кеткен қолын барынша созып тартып тұрыпты (созылған қолдың шамасында айтуларына қарағанда). Сынықшы иықтан тебетін көрінеді. секең жан дауысы шыға айқайлайты, анау екілене тепеді. Бір кезде бірдеңе шатыр ете қалады.«Болды, сүйек орнына түсті. сынықшы олай дегенмен, Секеңнің ауруы басыла қоймапты. Болмаған соң аудандық ауруханаға апарыпты. Сөйтіп, „тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айрылыпты“ демекші, Секең екі жерден сынған қолын иықтан гипстетіп қайтса керекті…
Әрі қарай

Тексерілмеген ақпарат: Рауан Сариев Зеедорфпен бірге ойнайды


Осы уақытқа дейін Рауан Сариевті әйгілі Гарринча доп тепкен «Ботафого» клубының ойыншысы деп ойлап келіппін. Қазақтың әлемнің әйгілі клубында доп тебетінін ойлап қуанатынмын. Сөйтсеееем, алданып келген екенмін ғой осы уақытқа дейін. Рауан Сариевтің ойнайтын клубы біз білетін «Ботафого» емес, Сан-Паулу штатының біріншілігінде ойнайтын «Ботафого SP» клубы екен. Әрине, өтірік ақпараттың таралуына ең бірінші журналистер кінәлі. (Бәлкім, осы уақытқа дейін ұл ақпаратты тексермей келген мен де кінәлі шығармын).
Әрі қарай

Дала заңы

Мен әкеммен шешіліп сөйлесіп көргенім жоқ. өтірік айтамын. Екі-үш мәрте ғана ашық сөйлескен болармыз. себебі, мен әке-шешемнің емес ата-әжемнің қолында өстім. Бұрынырақта да жаздым ғой, қайталап айтын не қылайын. Айтпағым басқа.
Сол, атының артына мінгесіп өскен атам былтырдан бері қаты ауырып жүр. Былтыр қыстың аяғына қарай «Келмесстанға» кететін болар деп жүргенімізде саумал мен қымызға ілігіп, жілігіне май барып аман қалған болатын. Орнынан тұрып, қонаққа да өз аяғымен және таяғымен баратын дәрежеге жеткен еді. Сол, даланың қыңыр шалдарының тұяғы, менің атам, былайғы жұртқа «сары шал» биыл тағы да төсекке таңылды. Жұрт жаңа жылды қарсалып жүрген кездерде біз атамызды шығарып салармыз-ау деген уайыммен жанында отырдық. Ия, іштей дайын болғанымызбен, қимайсың. Сол сары шал, барлық ұл-қызын жинап алып, соңғы сөзін айтқандай болды. Бұдан кейін айта аламыфн ба жоқ па деп уайымдаған болкуы керек.
Өзінің үлкен ұлын, менің әкемді қасына шақырып үш рет басынан иіскеп «Айналайын» деп кеудесіне басты. «Сені, иіскей де алмап едім, басқаларын жақсы көрдім еркелеттім, сен „әкем мені неге жек көреді?“ деп ойларсың. Мен сені жек көрмеймін, жақсы көремін. Қу Нұрқанның көңілі үшін өмір бойы маңдайыңнан сүймедім» деп әкеме өзінің тәспісін табыстады. Әкемнің де көңілі босап, жылап жіберді. Мен де маңқам аққанша жыладым-ау деймін. Себебі, сол… Әкем екеуміздің арамыз қалай болар екен?! Ол менің басымнан қашан иіскейді, мен оның кеудесіне қашан басымды қоя аламын, қашан ол киген шапанды иығыма жамылып тұра аламын?! Менің баламның ішкі жан дүниесі ертең осы сезімдерді бастан өткерер ме екен?! Ол да менің жылы сөзімді күтіп, менің еміренуімді аңсар ма екен?!
Әрі қарай

Енді ГАИмен келіспеймін

Енді ГАИмен келіспеймін. Осыған дейін де келісіп жарытып жүргенім шамалы-ақ. Негізі пара беру, алу деген ешқандай ұстанымдарыммен сәйкес келмейтін еді. Қай жерде болса да. Айыптымын ба? Өтеймін. Жазықсызбын ба? Дәлелдеймін деген сияқты. Шыны керек осы құйтырқы заманда сондай мінезімнен талай таяқ та жедім. Үйдегілер де миды шағады -Сен адаммен келісе алмайсың, — деп. Өзімше түзелген болып, жүргізуші куәлігін алғалы бері бір рет пара бермекші болып едім, оны да алмады былай жібере салды, сау болғырлар.
Әрі қарай

Жаңа премьераларға шолу: Мелодрамалар шеруі 2

Достар, естеріңізде болар, өткен жолғы шолуда біз апта премьераларының арасында мелодрамалардың ерекше көптігін айтқан болатынбыз. Осы аптада шамамен сол жағдай қайталанып отырған секілді. Оған қоса бонус ретінде Голливудта түспеген екі бірдей мульфильм бар. Мұндай туындылардан қажып жүрсеңіз тұңғыш қазақстандық фэнтези деп желеулеткен «Аңыздар кітабы: жұмбақ орман» мен танымал актерлар түскен «Тұзақ» атты қылмыстық драма прокатқа шықты. Таныса отырыңыздар.

10 жыл / 10 лет спустя

Әрі қарай

Мен, Аарон Кросс немесе Борнның болымсыз мұрасы


2002 мен 2007 жылдар аралығында жарық көрген, шпиондық экшн десе ішкен асын жерге қоятын киномандардың қанына ләззат алатын адреналин жіберген «Борнның жеке тұлғасы», «Борнның үстемдігі» және «Борнның талабы» сериясы алып мемлекеттің тыңшысы туралы арғы-бергі тарихтағы ми қайнатып, ой шайқайтын ең үздік франшизалардың бірі һәм бірегейі болып отыр. Басқаны қойып өзін-өзі пародиялауға көшкен Бондты тағынан тайдырып, тәжісін басына салған Борн шаппа-шап төбелес пен адам жанының тереңін қатар салмақтаған күрделі фильм ретінде елдің көңіліне майдай жаққан-ды.
Әрі қарай

Кім кінәлі?

Кейде өзіме өзім сұрақ қоямын. Ойланып, толғанамын. Қазіргі жастар қайда бара жатыр деп. Біз осы қайда бара жатырмыз. Жастардың алған бағыты қандай? Әрине, ең бастысы адамға өмір керек. Өмір сүру үшін не керек екенін түсініп жүрміз бе. Жастайымыздан Санаға сіңгені, «алдымен мектепті бітір, сосын ЖОО-ға түс, диплом алғаннан кейін, сол мамандық бойынша жұмыс істе не жеке бизнесіңді жүргіз, көп ақша тап, ақшаң болса ғана сыйлысың», деген ұғымды қалыптастырып алдық. Енді сол ақша табу жолында не істеп жүрміз? Кім қанша тапса, сонша тапсын, айтпағым бұл емес… Қазіргі жастардың тұрымысы.
Әрі қарай

Әйелді осылай жаратыпты-мыс...


Қызық, Интернеттен қазақ басылымдарын шарлап жүріп, көзім мынаны шалып қалды. Бірге оқылық.
«Айта берсем мысал көп. Оның бәрі де күнделікті өмірде өте көп қайталанып жатыр. Мен тек мынаны айтайын. Мұхтар Шахановтың «Жазагер жады» атты шығармасында Шыңғысханның әкесі Есукей айтты деген мынадай бір тұжырым бар. Алла-тағала еркектің қабырғасынан әйел жасарда оған қандай мінез берерін білмей көп ойланыпты. Осы кезде Аллаға жылан келіп, өзінің жаратылысын өзгертуді сұрайды. Алла оның тілегін қабыл қылмайды, бірақ жаңа жасап жатқан жаратылысына көп­қырлы, айтып болмайтын мінез керек­тігін түсініпті.
Сонымен Алла бір түтікше ішіне: 1. Ыстық күннің шуағын. 2. Бұлақтың тазалығын. 3. Гүлдің сұлулығы мен нәзіктігін. 4. Күздің жомарттығын. 5. Түнгі көбелектің сүйіп қалғыштығын. 6. Аққу­дың адалдығын. 7. Хамелеонның өзгер­гіш­тігін. 8. Желдің тұрақсыздығын. 9. Бұлт­тың жылауықтығын. 10. Сиырдың көнбістігін. 11. Есектің бірбеткейлігін. 12. Қарғаның сөзшеңдігін. 13. Түлкінің қулығын. 14. Жыланның ызақорлығы мен кекшілдігін. 15. Иттің үргендігін. 16. Шош­қаның қорсылын қосып, әйелдің мінезін жаратыпты. Осы жаратқанын Алла-тағала еркектің қолына бере тұрып оған кеңес береді. «Ақылды, әрі сақ бол. Мұнда сенің бақытың, әрі өлшенбейтін қайғың бар. Осында сенің арқасүйерің және осында сенің апатың бар.
Егер сен өз әйеліңді игере алмасаң, онда оның әрекетінде жағымсыз нәрселер көбейіп кетеді. Есте сақта, ер адамның мүмкіндігі оның күшінде және басқару әдісінде. Осыларды жоғалтсаң, әйел алдын­да толық жеңілгенің», – депті. Қалай дәл айтылған десеңізші!»

Авторы — Әлібек ТУРАБЕКОВ.

«Қазақстан» ауылы,

Сарыағаш ауданы.
Сілтемесі мұнда
Әрі қарай

Жаңа Өрмекші-адам


«Жаңа Өрмекші-адам» («The Amazing Spider-Man» — «Таңғажайып Өрмекші-адам») фильмі прокатқа қазақ тілінде шығады. «Меломан» компаниясы «Жаңа Өрмекші-адамның» қазақша трейлерін ресми жариялады.
Әрі қарай