Енді ГАИмен келіспеймін

Енді ГАИмен келіспеймін. Осыған дейін де келісіп жарытып жүргенім шамалы-ақ. Негізі пара беру, алу деген ешқандай ұстанымдарыммен сәйкес келмейтін еді. Қай жерде болса да. Айыптымын ба? Өтеймін. Жазықсызбын ба? Дәлелдеймін деген сияқты. Шыны керек осы құйтырқы заманда сондай мінезімнен талай таяқ та жедім. Үйдегілер де миды шағады -Сен адаммен келісе алмайсың, — деп. Өзімше түзелген болып, жүргізуші куәлігін алғалы бері бір рет пара бермекші болып едім, оны да алмады былай жібере салды, сау болғырлар. Содан ГАИге деген көзқарасым аздап өзгерді. ГАИде де адамдар жұмыс жасайды екен деп қоямын арасында.
29 желтоқсанда қызық болды. Жұмысқа асығып келсем парковкада орын жоқ. Оған бас ауырған жоқ, балалар алаңына шығарып қоя салдым. Кешке жұмыстан шықсам, машинамның қасында жолполдықтар жүр, нөмірімді түсіріп алыпты. -Амандық па, жігіттер?!- деп сұрадым. Сөйтсем пәлен жерге кел келісеміз деген ишарат білдірді. Бардым. 1-2мың теңгемен шешіліп кетед шығар деп ойлап тұрмын. Адамша адам сияқты әңгімелесіп отырмыз, құжатымды бермедім келісеміз деген сылтаумен, ол да қарсыласпады. Біраз әңгіме айтып келіп -құжатыңды бере тұршы, бұрын нарушениең бар ма?- деді. Бере салдым ойымда дым жоқ. Ех, көк қағазды жалпылдатып шығарып жатыр.
-Көке тұра тұр, нестеватсың?
-Толтырам, ертең анау арыз беруші шағымданып келсе пәле
— Тоқта, тоқта, келісіп отыр едің ғо
— Ойланып қалдым
Содан кетті басталып. Пртокол толтырылып басталғасын қайтарылмайтын процесс екен.
-Тәк, мынжер, мынжер птичка қойған жердің бәріне қол қой
-Не деп қол қоямын?
-Қой дим, міне балалар ойын алаңында тұрдым деп жаз да қол қой
-Тоқта тоқта сен (кеше сенге көшіп алдық) маған еще диктовать етесің бе?
общым түсініп отырсыңдар қыран топан керіс болып кетті. Мен толық құқымды түсіндіруін талап еттім. Ол түсіндіре алмады. Қарсымын деп қол қоймақышы болып едім протоколды қолымнан жұлып алды. Сөйтіп қызыл кеңірдек болып отырғанда бір танысым келіп қалды әлгіні де таниды екен. Ол өзінше, мен өзімше жағдайды түсіндірдік. Сонымен кешке дознвательге шақыратын болып тарастық.
Еш хабар жоқ. Ертесіне кешегі жолдас жігіт хабарласып тұр — Пәлен жерге соғып кетші кешегі ГАИшник сенімен сөйлесем,- дит. Барсам, басқаша қабылдады. Асты-үстіме түсіп, жағдайымды сұрап, дегендей. Қысқасы менің штрафымды ол төледі, тек мен дауласпай қол қоя салсам болды екен. Ех, аңқаулық қайндай десиш, танитын жігіттер арқылы шығып тұрғасын шиырып жібердім ғо. Содан жып-жылтыр арты. Енді төлеу керек.
Біздің менттарда ешқандай адами қасиет қалмағанына, ешқандай заң білмейтініне ренжим.
Түсінген адамға тақылдап айыпталушының құқықтары мен міндеттерін 584 бапта жазылғадай айтып берсе, не үшін айыпты екенін сәйкес бабына негіздеп түсіндіріп берсе, қалды айғағы болса оны материалға тіркесе бітті шаруа емес пе?
bk
Бөлісу:

7 пікір

VKM
Қол қоймауға қақыңыз бар.Сотта дәлелдеуге болады
Barsa
Реально отырғызып кеткен екен. Куәгерлер болып па еді? Болмаса хаттамаға «Келіспеймін» деп қойып тастау керек еді
sigma
Просты ортаға танитын жігіттерді впригать еткесін қоя салведім ғо. А так қоймайсың ғо. Енді негізі менікі дұрыс емес та, сол үшін құрсыншы деп отырм.
a63a1
беретін жағдай болады, бермейтін жағдай болады. Бұл — өмір!
Barsa
Енді ГАИмен келіспеймін
Келіспеймін дегенде 12 ай ішінде 3 рет жол ережесін бұзсаң жүргізуші куәлінен айырылатыныңды да ескеріп қой.
sigma
Келіспеймін дегенде 12 ай ішінде 3 рет жол ережесін бұзсаң
Бір бап бойынша 3 рет емес пе?