Кіммен дос болғаныңа мән бер!

Жаман досты түзету үшін онымен әрдайым бірге болуға тырыссақ, оның бір жамандығын түзетпекші болғанымызда, ол біздің он жақсылығымызды бұзады. «Жаманның маған қандай зияны тию мүмкін?» деп айту қате. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді. Шіріген алма бір қап алманың шіруіне себеп болады. Бір қап алма бір шіріген алманы сау қыла алмайды. Құру, түзету өте қиын, ал бұзу өте оңай. «Сулеймания мешітін (Туркияда) екі жұмысшы құлата алады, бірақ соғу үшін Сұлтан Сүлейман патша және Мимар Синан (Осман Империясының атақты архитекторы) қажет» деген сөз бар. Тағы осы сияқты «Бір жынды құдыққа тас лақтырса, қырық ақылды шығара алмайды» делінген. Бір үлкен тасты таудың үстінен төменге дөңгелету өте оңай, бірақ төменнен жоғары шығару өте қиын.

Жаман достан аулақ жүруге тырысу керек. Осы туралы пайғамбарымыз алейһиссалам айтқан: «Адамның діні досының діні сияқты. Кіммен достық құрғаныңа мән бер!» (Хаким)

Жүрек (көңіл) жаман адамдардың қасында қарая бастаса, шайтан уәсуәса (жаман ойлар) береді. Уақыт өте сол досына ере бастайды. Осы себептен достың және қоршаған ортаның әсері өте көп. Күнәхар әйелмен достық құрудың зияны да көбірек болады. Бір хадис шәрифте айтылған: «Бір жаман әйелдің жамандығы мың еркектің жамандығына тең, бір салиха әйелдің жақсылығы жетпіс сыддықтың жақсылығына тең.» (Әбу Нуайм, Әбушшәйһ)

Аңғарылғанындай, әйелдердің жақсысы өте жақсы, ал жаманы өте жаман болуда. Жаман адамдардан аулақ жүруге тырысу керек. Оны түзетеміз деп өзіміз бұзылып кетпейік. Осы себептен «Бір жаман әйел дұрыс жолдағы қырық еркекті жолдан тайдырады» делінген.

Сондай адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін олармен әрдайым бірге жүру қате болады. Бір дұрыс кітап беру керек, егер нәсібі бар болса, дұрыс жолды табады. Ол дұрыс жолды таба алмаса да, кітапты оқымаса да, біз міндетімізді орындаған боламыз.
👈(islamdini.kz сайтынан алынды)👈
ИСЛАМ ДІНІ САЙТЫ |islamdini.kz

Дін саласы бойынша ақпараттық жұмыстарды жүзеге асырудың жолдары

Бүгін (13.02.2015) дінтанушы Рүстем Сыздықовтың Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде «ОҚО дін саласы бойынша ақпараттық жұмыстарды жүзеге асырудың жолдары» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге ҚМДБ өкілдігі, имам-молдалар, колледж студенттері мен ұстаздары, БАҚ өкілдері, ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасы қызметкерлері, "Әлеуметтік бастамалар орталығының" дінтанушылары, облыстық оқу орындардың жастары қатысты.

Кездесу барысында «Дарын Мубаровты тыңдауға болады ма?», «Орамал тағып, сақал өсіргендерді „вахабист“ деп айтуға болады ма?», "Қазақ жерінде экстремистік топтар болған ба?", «Керағар ағымдардың сипаттары» жайлы сұрақтарға жауаптар берілді.











Әрі қарай

Өктем Заурбековпен сұхбат

Қазіргі таңда сәләфилік, мадхалилік (Өктем өзін олай атамаймын дейді) бағытта уағыз-насихат айтып жүрген Қазақ-Кувейт университеті, Мединадағы Ислам универститетінің түлегі Өктем Заурбековпен сұхбат.
Әрі қарай

Палшыға аһидың агрессиясы

Бақсы-балгерлік, көзбояушылыққа ислам діні қатаң тыйым салып, харам еткен. Бұл видеода әсіремұсылмандық кейпіндегі жігіттің бал аштырып отырған қызға оның харам іс екенін жеткізбек болып, өзінің анасындай жанға дөрекілік көрсетуі түсірілген.
Әрі қарай

"Бақытты саляфи" немесе саляфизм сарсаңы

Дін-діңгегіміз: Бақытты саляфи немесе саляфизм сарсаңы
Демалыс уақытын пайдаланып, үйге қажетті заттарды алып, қайтып келе жатырмын. Біз тұратын шағын ауданның үйлерінің арасынан бір жігіт маған қарсы келе жатты. Бір қарағаннан-ақ түрін шырамыттым. Мешітте жұма намазынан, бір-екі мәрте аялдамадан көрген болатынмын. Орта бойлы, жасы менімен қатарлас, (яғни 22-25 жас аралығы) ақ құба өңді, қыр мұрын, жұқа ерін, иегінде ретсіз өскен шошақ сақал, жағы мен құлақ шеке аралығында алағат шыққан мақта егістігі сияқты әр-әр жерге орналасқан жарасымсыз қыл өсінділері, көйлегінің жеңі ұзын, шалбарының балағы тобық үстінен шолақ (қысқа балақ) / «балағының ұзындығы тобығынан төмен болғандар тозақылық» деген хадисті санасына мықтап сіңірген болуы керек/ киініп алған. Қабағы жадыраңқы, көңіл-күйі жоғары екені байқалады. Жүзіне қарап, жәннәтпен сүйіншілегендей бақытты, нұрды көресің. Сол бір сәттік бейне, көз алдыма «бақытты саляфи» көрінісін қайта оралта берді.
«Бақытты саляфи» бейнесін «біреулер» байқауы мүмкін, біреулер жиренуі мүмкін. Қазіргі таңда көшедегі адамға сырт бейнесі, киім киіс, жүріс-тұрысына қарап баға беру басым. Әлгіндей адамды сырттай көрген бәзбіреулер «мына бақабист мәз ғой» деуі мүмкін.
Өкінішке орай, қазіргі қоғамда қазақтың ұлттық дүниетаным, құндылықтарына қайшы, түрлі санаттағы адами мүшелер толығып келе жатыр. Кейбірі шошына қараса, кейбірі «еее, пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеті дейді ғой, оның несіне таңғаласың» деген немқұрайды пікірі де естіліп қалып жатыр.
Жаһандану дәуірінде орта жолды ұстанатын мүшелердің санын арттыру мүддесі тұрғанда (орта жол – менің ойымша заманауи ғылыми технология жетістіктерін бойына сіңірген, ұлттық дүниетаным, құндылықты бойына қалыптастырған тұлға) ортодоксальді мұсылмандық бағытқа жетелейтін, өткен тарихты білмек тұрмақ мақұрым қалған, өздерін ғана үмбет санайтын, қысқа ойлы (қысқа балақты) маргинал топтардың саны артып келеді. Сонымен бірге, азғындықтың шегінен шығып, рухани құлдырауға ұшыраған біржыныстылардың жанұялық қарым-қатынасы, үлкенді сыйлаған ұлттық тәрбиенің орнына, бесіктен белі шықпай жатып өзінікі ғана дұрыс дейтін «өзімшіл» бетпақтар қалыптасып, тамыр жайлап келеді.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары идеологиялық салада хаос болғанымен, экономикалық жағдайдың тұрақталып, идеологияға баса көңіл аударғанымызбен, тез арада оңалып кететін өзгерістерді байқай алмай келеміз.
Нарықтық қатынаста қаржы басты рөл ойнайтындығын халық қашан түсініп қойған. Қаржы қайда болса, халық та соған үйір болып келеді. Қаржы жолында алдау, арбау, зорлау, озбырлық, өктемдік бәрі-бәрі орын алып отыр, бірақ оған тосқауыл болуға халық болып бірге қарсы күресуге бірлік жетіспей жатыр.
Нарықтық қатынаста мәселені шешуге мемлекеттік фактор емес, адами фактор маңызды рөл ойнайтынын толық түсінген жоқ қоғам. Қарапайым халық ертеңгі күнге ертегідегі батырдың құбыжықты жеңетіндей сенімі бар сияқты көрінеді. Ал, реалистік көзбен қарағанда болашақтағы бағындырылуы тиіс белестер идеологияда айқындалмаған. Қазіргі қоғамдық саладағы үдерістерге көз жүгіртіп қарасақ, қоғамдық сана қалыптасу кезеңін бастан кешіруде. Нақтысын айтқанда қазақтың қазақи болашағына жаны ашитын азаматтардың көтеріп жүрген ұсыныс, пікірлері барша қоғамдық сананы жаулап ала алған жоқ.
Қалыптастыру үшін белсеніп жатқан күштің жұмысы «үлкен механизммен» біте-қайнасып, «ішкі механизмнің» негізгі бөлшегіне айнала алса, қазақтың болашағының айқындығын шамалауға болады.
Қоғамдық пікірді туындатып, ұлттық санамызда қайта жаңғыру процесі тоқтаусыз жүріп жатыр. Бастауы анықталған нәрсенің салдарымен жүргізіліп жатқан идеологиялық күрестің нәтижесін күтіп, халықтың оянуы тиіс санасы, немқұрайдылыққа салынып кетуінің алдында тұр. Күнделікті тіршілікте көріп жүрген көзге оғаш көріністер «дұрысқа» айналып кетуі, зардабын әкелуі мүмкін.
Бұл жағдайда халық мемлекеттік орындау процесін күтпей-ақ, сауатты амалмен белсенділік танытып, қол қусырмағаны дұрыс.
Уақтылы ұйықтауға міндетті бір жаратылысты «неліктен, тағы да саляфизм мәселесі» мазалауы тиіс?
Әрі қарай

Шымкентте Рамазан айында атқарылып жатқан игі іс

Бүгін, 13.07.2013 жылы Шымкент қаласында қалаішілік маршрутта адам тасымалдайтын 6 бағыттағы 6 автобус тегін жүргізілуде. Аталмыш іс-шараны ҚМДБ-ға қарасты Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешіті және «Сейіткәрім қажы» мешіті ұйымдастырып отыр. Рамазан айы қарсаңында елімізідің бас мүфтиі Ержан қажы Маямеров барша халыққа арнап сауапты істер жасайық деп үндеу тастаған болатын. Шымкент қаласында атқарылып жатқан іс-шара, міне осы үндеуге дауыс қосып, барлығына үлгі боларлық жаңалық деп айтуға болады. Алла қасиетті айда жасап жатқан барша қайырымдылық істерімізді қабыл етсін! Аталмыш шарадан фото көрініс:
Дін-діңгегіміз: Шымкентте Рамазан айында атқарылып жатқан игі іс
Дін-діңгегіміз: Шымкентте Рамазан айында атқарылып жатқан игі іс
Дін-діңгегіміз: Шымкентте Рамазан айында атқарылып жатқан игі іс
Дін-діңгегіміз: Шымкентте Рамазан айында атқарылып жатқан игі іс
Әрі қарай

Ораза кестелері - 2013

Балаларды қорғайық

Жексенбі күні Алматы қаласындағы Орталық мешітте болдық, ой керемет, балаларға арнап арнайы шара ұйымдастырыпты. енді көзбен көргеннен алған әсер мол, балалар бір қуанып қалды.
суреттер сөйлесін.

Әрі қарай

Шайтан бар ма?

Бір жиында отырмыз. Шариғат туралы әңгіме жүріп жатыр. Арасында әзілі де аралас:
«Білім алып жүрген бір шәкірт „Осы бұрын пайғамбарларға шайтан көрініпті, шайтан үйтіпті деген мәліметтерді көп оқимыз. Қазір шайтан туралы айтылмайды. Неге?“ деп ұстазына сауал беріпті.
Ұстазы: — Қазір шайтан жоқ. Барлығы ақысыз демалысқа шығып кеткен. Шайтанның тірлігін адамдар жасап, оларға жұмыс қалмады!» анекдотқа бергісіз әңгімені айтып бір күлдіріп алды.
Жалпы шайтан Дәуіт пайғамбарға көрінген екен. Сонда екеуи сұқбаттасып, шайтан барлық адамдардың нәпсілерін тауып, әлсіз тұстарын атап көрсетіп жатыр екен. Дәуіт пайғамбар өзінің нәпсісін сұрағанда, айтыпты «сенің нәпсің қарның тоқтықта, қарның тойса ойланбайсың» деп жауап қатыпты. Соны естіген Дәуіт пайғамбар өмір бойы шайтанмен күресіп, бір күн ораза, бір күн ас ішіп өткен екен. Ең асыл ораза Дәуіт пайғамбардың ұстаған оразасы деп осыдан қалған екен.
Көптеген қызықты мәліметтер айтылды. Тыңдап отырып, рухани ізденіске жол ашылғандай әсер қалдырды. Вирус — шайтан, антивирус — иман деп қазіргі заманғы ұғынықты тілмен тамаша теңеп түсіндіре білді.
Әрі қарай