Шымкентте Рамазан айында атқарылып жатқан игі іс

Бүгін, 13.07.2013 жылы Шымкент қаласында қалаішілік маршрутта адам тасымалдайтын 6 бағыттағы 6 автобус тегін жүргізілуде. Аталмыш іс-шараны ҚМДБ-ға қарасты Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешіті және «Сейіткәрім қажы» мешіті ұйымдастырып отыр. Рамазан айы қарсаңында елімізідің бас мүфтиі Ержан қажы Маямеров барша халыққа арнап сауапты істер жасайық деп үндеу тастаған болатын. Шымкент қаласында атқарылып жатқан іс-шара, міне осы үндеуге дауыс қосып, барлығына үлгі боларлық жаңалық деп айтуға болады. Алла қасиетті айда жасап жатқан барша қайырымдылық істерімізді қабыл етсін! Аталмыш шарадан фото көрініс:
Дін-діңгегіміз: Шымкентте Рамазан айында атқарылып жатқан игі іс
Дін-діңгегіміз: Шымкентте Рамазан айында атқарылып жатқан игі іс
Дін-діңгегіміз: Шымкентте Рамазан айында атқарылып жатқан игі іс
Дін-діңгегіміз: Шымкентте Рамазан айында атқарылып жатқан игі іс
Бөлісу:

8 пікір

ken
Суреттерің бірдей екен. Бірге жүріп түсіргенсіңдер ма?
Arys_arlany
)))) негізі ол кісі білдей екі сайттың админі,
Serzha
мәсіхшілерге де тегін бе?
Arys_arlany
Мәсіхшілер деп шекелеріне жазып алмас, бұқара халық қой жалпы
Adiletshu
Олар кімдер. Христиандар ма?
Arys_arlany
Христиандар, соның ішінде Мәсіхшілер деп «Яхве куәгерлерін» атап жүр