Deprecated: Function get_magic_quotes_gpc() is deprecated in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/framework/classes/engine/Engine.class.php on line 241
Deprecated: The each() function is deprecated. This message will be suppressed on further calls in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/framework/libs/vendor/DklabCache/Zend/Cache/Backend.php on line 68 Балықшы / КерекИнфо
… Содан біз, елді аралап жүріп кісі өлтіретіндерді елді аралап жүріп өлтіреміз деп шештік. Яғни, қаныпезерлерге маманданған қаныпезерлер болғымыз келді...
Есіңізде ме, үйдегі аста-төк айран-шұбаттан жеріп, дүкеннің бөтелкеге құйылған кәуділгі қара суына құмартып тұратын балалығымыз? Көршім Гена тіскебасарға алып шыққан котлетін біресе көзіме, біресе мұрныма тақап; үйдің жанындағы өзенге барып қалай шабақ аулайтынын, оны еттартқыштан қара нанмен араластырып өткізіп, ұқыптап пияз бен аскөгін және салып, қалай қуыратынын айтып бергенде ауыздың суы құрып, сол балалық оянды: мана жеген ет пен ішкен сорпа бекер, жалпы бар өмірім бекер өтіп жатқандай көрінді. Шешімім де көп күттірмеді: «жұмыстан келген соң бір сағатқа қармақпен балық аулауға барып тұрам!». Тіпті алтын желбезек балықтарды суырып алып жатқанымды және қасымдағылардың бұл табысыма деген қызғанышын елестеттім. «Тәңірдің таңы атсын осы бар ғой!» деп, күпініп-дөңбекшіп шықтым. Не құдірет десейші осы желігуді: таң ата енді ашылып жатқан базардан қармақ-инені далбаса қымбат бағаға іле кеттім. Балық аулайтын асай-мүсейді жұмысқа алып келгенімде,
Бұл саған гидрокостюм киіп алып, автоматтандырылған құрал-жабдықпен ешқандай айла-әрекетсіз оп-оңай ауланатын ойын-сауық түріндегі демалу емес, нақ. Және де судан шыққанда пеші бар машина, қайнап тұрған шайың жоқ. Бұл наху — сазанды түнде қазақша аулау.