Сазанды түнде аулау
Бұл саған гидрокостюм киіп алып, автоматтандырылған құрал-жабдықпен ешқандай айла-әрекетсіз оп-оңай ауланатын ойын-сауық түріндегі демалу емес, нақ. Және де судан шыққанда пеші бар машина, қайнап тұрған шайың жоқ. Бұл наху — сазанды түнде қазақша аулау.
Керекті құрал-саймандар:
1. Жарығы шашырамай, тік бағытта анық түсетін фонарь. Әдетте, шахтерлар мен теміржолшылардың зарядталатын аккумуляторы бар шамдары пайдаланылады.
2. Шанышқы. Шөп жинайтын 4 тілді айырды аламыз да, шеткі 2 тілін кесіп тастаймыз, сосын тіп-түзу етіп соғып аламыз. Сабын ұзын әрі түзу етеміз. Өріктің шірік бұтағынан жасалған қисық сап болмайды, нақ.
3. Мөшек. Ұннан босаған қап. Материалы матадан болмауы керек. Мата қап суға тигенде ауырлап кетеді.
4. Балағы түрілетін трико.
Осы құрал-жабдықтармен жарақталып, түнгі 11-лер шамасында жайылма* суға шығасың. Судың жағасына келіп, аяқ-киіміңді шешесің де, балақ пен жеңіңді түріп жағаға түсесің. Фонарыңды қосып, жағаны кешіп жүріп отырасың. Жылдамдығың өте баяу болуы керек. Суды да шалпылдатпай, жай басасың. Бұндай аулау кезінде екі адам болған дұрыс. Бірі фонарды суға түсіріп жағаны бойлап жүріп отырады. Оның үстіне судағы адамның киімі мен балықты да алып жүреді құрғақпен. Екіншісі шанышқымен дайындалып келе жатады. Түнгі мезгілде сазандар тайызға келеді (не үшін келетінін қойым біліп пе), фонардың жарығына іліккен сазанды көздеп тұрып түйреп аласың.
Сазандар ссукі қуатты болып келеді. Ірі сазан бір жұлқынса, шанышқыдан ыспакойны шығып кете алады. Бұл екі тарапқа да тиімсіз. Біріншіден, балықшы олжасыз қалады, екіншіден — балық жараланып өледі. Сондықтан ұстаған бойда жағаны басыңа көтеріп мақтанбай, тез жағаға шанышқымен басып тұрып шығарып ал.
ПыСы: Міндетті түрде сазан кездесуі мүмкін емес. Сазанға имитация жасаған табан, құты балықтардың ірі типтері кездесіп жатса, қапы қалмаңдар — күндіз қуырып жеуге болады, немесе көршілерге үлестіріп, тез рысбек жинауға таптырмас мүмкіндік.
Қолың шықса, бір түнде ірілі-ұсақты 5-10 сазан ұстауға мүмкіндік бар. Бірақ қызық қуам деп көп жүруден де сақтан — көктемнің ызғары өкпеге өтіп кетуі мүмкін.
Есте болсын: Балық аулау — экстрим емес, нақ. Көтің бүрсеңдеп, тізең қалтырап, мұрыннан су ағып өзен жағалау — бірінші кезекте қажеттілік нақ. «Білә, үйге қашан барамын, жылы көрпеге қашан жатамын. Шіркін, қазір жанымда ыстық таба нан мен май болса», — деп тігіліп тұрғанда, еще су полициясының сарбаздары көтіңді аңдып жүреді қай жерден су шылпылдады деп.
*Көктемде су келгенде, өзен арнасынан асып су тегіс жазықтыққа шығып кетеді. Осындай көл-көлшіктер жайылма деп аталады. Жайылманың тереңдегі әдетте белден аспайды.
Айырдан шанышқы жасап алу негізі жақсы шықпайды. Шанышқыны арнайы дайындайды кішірек қылып. Және істіктерінің басында кертіктері болуы керек ілінген балық қайта шығып кетпес үшін.
Көктал жасау білетіндер бар ма? Білетіндер болса, бөліссе…
орта есеппен Атырау балықшысының «уловы»
сурет биыл қыста түсірілген. Жайықтың теңізге құяр тамағы.
сататындар бракаштар (браконьерлер)!
исчо
алдавайсыңдар, кеттім әнәстің Киевіне! бұйырса байланысқа шығам ана жақтан.