Футбол: «Астана» - «Галатасарай» билеттері онлайн-сатылымға түсті
«Астана» ФК матчының билеттері 21 қыркүйекте онлайн-сатылымға түсті, деп хабарлайды Sports.kz. Ұйымдастырушылар билеттердің көбін онлайн режимде сатуды жоспарлап отыр. Билеттердің саны шектелген, бір адам банк карточкасы мен электронды поштасы арқылы тек 4 билет қана ала алады. Енді кезекте тұрудың қажеті жоқ, себебі қол астында ұялы телефон, планшет немесе компьютер болса, алдағы ойынға билеттерді оңайлықпен алуға болады. Бағалар УЕФА өкілдерімен реттеліп белгіленген. Ал «Галатасарай» мен «Бенфикаға» қарсы өткізетін ойынға арналған билеттердің құны 2000 теңге мен 10000 теңгенің аралығында болады. Ал мадридтік «Атлетикомен» өткізетін матч билеті ең қымбаты болмақ, яғни 12000 теңгені құрайды. Үш матчтың билеттері де бір уақытта сатылымға шығады. Осылайша жанкүйерлер өздеріне ыңғайлы орындарды таңдай алады. Сондай-ақ әлемге аты мәлім фастфуд компаниялары «Астана» құрамасының 30000 жанкүйерін тамақтандыруға дайын. Айта кетейік, матч Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады. Дәл осы күні ұйымдастырушылар жанкүйерлерді тасымалдау үшін арнайы автобус бөліп отыр. Автобус арқылы жанкүйерлер «Астана Аренаға» дейін және ойын аяқталғаннан соң қалаға дейін жетіп қалады. Автобус 30 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де жанкүйерлерді мына мекенжайлар бойынша алып кетеді: 1. «Қазақстан» спорт кешені; 2. Мұнайтпасов атындағы стадион; 3. «Нұр Астана» мешіті; 4. Салтанат Сарайы.
сілтеме

Ертеңнен бастап Астанадағы кейбір қоғамдық көліктердің жүру бағыты уақытша өзгереді. Бұл – елордадағы Уәлиханов-Омаров көшелері қиылысының жабылуына байланысты орын алған жағдай. Аталған көшелерде жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Астанадағы Уәлиханов-Омаров көшелері қиылысындағы қозғалыс бүгін сағат 23:00-ден бастап шектеледі.



Кезекті аппарат отырысы барысында қалалық сенбіліктің қорытындылары шығарылып, қаланың санитарлық жағдайы талқыланды. Сенбілікке алғаш рет 100 мыңға жуық адам қатысты. Елорда әкімі тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыруды жақсартуды, мегаполистердің озық халықаралық тәжірибесін зерттеуді және пайдалануды тапсырды. Әкімнің айтуынша, Астана қаласы үшін ең маңызды мәселелердің бірі – шағын және орта бизнесті дамыту. Оны дамыту бойынша жауапкершілік күшейтілуде, келешегі бар жобалар көп, бірақ нәтиже ойдағыдай емес деп атап өтті Ә.Жақсыбеков. Бұған алдымен бюрократиялық кедергілер көп. Мысалы, өзіне тиесілі жер телімінде сауданы жолға қою үшін кәсіпкерлер түрлі процедуралардан өту үшін көп уақытын жұмсайды. Мемлекеттік құрылымдар кәсіпкерлерге көп тосқауыл қоюдан жарысқа түсетін секілді. Елорда әкімі демалыс күндері қалалық базарларды атап айтқанда, «Шанхай», «Алаша» базарларын аралап, инфрақұрылымды, және т.б. дұрыстауды, сондай-ақ қалыптасқан жағдайды талапқа сай келтіруді тапсырды. Саудагерлер мен тұтынушыларға күннен-күнге, әсіресе демалыс күндері базарға жету қиынға соғуда. Елорда әкімі аз уақыттың ішінде қоғамдық көліктердің маршруттарын оңтайландыруды, «Шанхай» базары аумағында қалааралық бағытта автобекет салу үшін инвестор тартуды тапсырды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.
Бүгін талантты жас дарын иелері бас қосқан Bala Turkvizyon байқауының жеңімпазы анықталады. Жартылай финалда көрермендердің дауыс беруімен қазылар алқасының ортақ шешімі арқылы 8 өнерпаз ақтық сынға жолдама алған болатын.

