Астанада құлағы мүкіс еститіндер арасында футзалдан турнир өтті

Финалда жеңіс үшін Астана мен Көкшетау командалары жарысты, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

«Астана» спорт клубында қаладағы құлағы нашар еститін спортшылар арасында футзалдың кубогы бойынша ашық турнирдің баталиясы ойнатылды, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

Оған 16 жастан жоғары футболистер қатысты. Үш команданың екеуі астананың атынан шықты, ал команданың атауы «Астана-1» және «Астана-2» болды. Үшінші команда Көкшетаудан келді.
«Құлағы мүкіс еститін спортшылар арасында Астананың футзал бойынша кубогының ашық турнирін жыл сайын Тәуелсіздік күні құрметіне орай өткізіп келеміз. Біздің балалар «Жігер» спорт клубында жаттығады. Кейбірі колледжде оқиды, кейбірі жұмыс істейді», — деді жарыстың төрешісі, ҚР мүгедектік спорты бойынша спорт шебері, «Жігер» спорт клубының жаттықтырушысы Тәжібай Таймамбетов.

Турнирдің финалында «Астана-1» мен Көкшетау командасы шықты. Бірінші таймда екі жақта тең түсті, сол себепті екінші тайм тартысты өтті. Десе де көкшетаулықтар басым түсіп, табанды күресте олар бәсекелесін басып озды. Есеп 3:2 болып Көкшетаудың пайдасына шешілді. Футзалдан Астананың кубогы облыстың қанжығасына кетті.

Сарыарқа ауданында тағы бір аула клубы ашылды

Мұнда балалар дзюдо, самбо, қолданбалы өнер және домбырада ойнауды үйренеді, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

«Астана жастары» жастар ресурс орталығы Сарыарқа ауданы әкімдігімен бірлесіп И. Құтпанов көшесі, № 5/1 мекенжайда орналасқан үйде «Pro FIT» жаңадан аула клубын ашты. Ашылу салтанаты Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орайластырылды.

«Клубта жастардың рухани және физикалық дамуына басымдық беріледі. Біз барлық жағдайды осыған ыңғайластырамыз. Меніңше, өскелең ұрпаққа осы өмірден өз орнын табуға және жаңа биіктерге көтерілуіне көмектесеміз деп ойлаймын», — деді «Pro FIT» аула клубының басшысы Альмира Бурамбаева.
Бүгінде аула клубына 30 бала жазылған.

Клубтың ашылуы балалар мен жасөспірімдердің мекенжайы бойынша бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған.

«Pro FIT» клубынан басқа Сарыарқа ауданында 3 аула клубы бар, олардың орналасқан мекенжайлары: Көктал-1 мөлтекауд, Сұлукөл к, 14 үй; Московская көшесі, 18 үй; Көктал-2 мөлтек ауданы, Арқалық к, 18.

Тәуелсіздік құрдастары қазақстандықтарды мерекемен құттықтайды

1991 жылдың 16 желтоқсаны. Бұл – жер шарында «Қазақстан» атты дербес те тәуелсіз ел пайда болған айрықша күн. Бүгін мемлекетімізде тәуелсіздіктің ақ таңының атқанына 27 жыл толып отыр. Осындай аз уақыттың ішінде Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Бұл істе тәуелсіздік құрдастарының да қосқан үлесі зор.

Бүгін 27 жастағы азаматтар әр салада тапжылмай еңбек етеді. Сондай жастардың бірі – С. Мәуленов атындағы №37 орта мектептің мұғалімі Бибінұр Апитова. Жас мұғалім Астана қаласы әкімдігі ресми сайтының тілшісіне педагогика саласындағы жаңашылдықтар туралы айтып, қазақстандықтарды Ұлық мерекемен құттықтады.

Астана әкімі қала тұрғындары мен қонақтарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміз тарихи дамудың жаңа белесіне көтерілді. Қазақстан серпінді дамыған ел ретінде халықаралық қауымдастықтың толыққанды беделді мүшесі болды. Бұл жетістіктерге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей басшылығымен, қазақстандықтардың қажырлы күш-жігері және тынымсыз еңбегінің арқасында қол жеткіздік.

Заманауи Қазақстан – біздің ұлы мақтанышымыз, ал, біздің терең тарихымыз – халқымыздың ғасырлар бойғы азаттық пен теңдік үшін күресінің ұлы жылнамасы.

Осынау ұлық мерекеде барша астаналықтарға зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық және игі бастамаларыңызға толағай табыстар тілеймін!

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов

Астанада ең үлкен аққала мен мұз айдыны ашылды

Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында «Қазақ елі» монументі алаңында мұз айдынының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Оның көлемі 3 600 шаршы метрге тең. Жалпы сыйымдылығы — 1000 адам. Маңында мұз төбешік орнатылған.



«Алғаш рет Тәуелсіздік күні қарсаңында мереке күндері, адамдар келіп, бос уақытын жақсы өткізу үшін – «Қазақ Елі» алаңында мұз айдыны ашылды. Өз конькилерімен келгендер тегін сырғанайды. Егер сізде коньки болмаса сол жерде жалға беру орындарынан алуға болады», — деді «Алматы» ауданы әкімнің орынбасары Тынысбек Арашапов.


Мұз айдын орталығында жаңажылдық шырша орнатылды, ойын-сауық іс-шаралар өткізу үшін сахнасы жабдықталған. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен жарықдиодты экран қойылған, ол жаңажылдық телехабарларды және Елбасының құттықтауын тікелей эфирде көрсететін болады.



Ыстық тамақ, сырғанауға арналған құралдар беретін орындар ашылған. Алаң аумағы шағын сәулет нысандарымен және жарықилюминді панномен безендірілген. Көліктерге арналған арнайы орын және қауіпсіздік шаралары қарастырылған.


«Бұл алаң күзетілетінін білесіздер. Полиция бекеті бар, олар тәулік бойы тәртіпті қадағалайды. Сонымен қатар, дәріхана, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін медициналық қызметкер де болады», — деді Арашапов.



«Мен жақын жерде тұрамын. Салып жатқанда қарап жүрдім. Осындай барлық отбасымызбен демалуға арналған жерлердің көп болғаны жақсы. Әкімдік дұрыс жасады», — деді қала тұрғыны Нариман Қуанышев.


«Қазіргі кезде «Президенттік» саябақта «Хайвилл» ТК жағынан ең биік және ең үлкен мұзды тау ашылды. Оның ұзындығы 160 метрден астам. Оны «Астана көгалдандыру құрылысы» жұмысшылары салған.



Бұл жерде де ыстық тамақ, сырғанаққа арналған құралдарды жалға беретін дүңгіршектер бар. Демалушылар қауіпсіздігі мен тәртібіне қызғылт сары түсті желет киген еріктілер қарап отырады. Аязға қарамастан сырғанақ тебуге келгендер саны өте көп. Экстремалды демалыс түрін жақсы көретіндерге осында қарда жүретін машиналар, солтүстік елігі және пони жегілген шаналар ұйымдастырылған.




«Қазақстан» СК жанынан Ақбұлақ бұлағы жағасында жылдағы дәстүрге сай сырғанақтар орнатылған.


Мұнда да биіктігі 15 метр жаңажылдық шырша орнатылған, конькиді жалға беру пункттері және ыстық тамақ нүктелері ұйымдастырылған. Кіреберісі мен аумағы шағын сәулеттік пішіндермен безендірілді.


Өткен жылдағыдай «Жерұйық» саябағында 5000 шаршы метр мұз айдынын ашу жоспарда тұр. Бұл жерде мұз сырғанағы. Сондай-ақ, ыстық тамақ, конькиді және тюбинг (ватрушка) жалға беру пункттері ұйымдастырылды.


Естеріңізге сала кетейік, барлық алаңдар AstanaWinterland жобасы шеңберінде ашылуда, жоба аясында 12 тақырыптық алаң, 32 мұз айдыны және 36 мұз төбешік қаланың түрлі аудандарында бой көтеріп, іске қосылды. Жалпы алғанда барлық ойын-сауық орындарында 4 мыңнан астам іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау курсының бесінші кезеңі аяқталды

«Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы жобаны жүзеге асыруда.

2018 жылдың 29 қарашасында Астана қаласында жоба шеңберінде өтіп жатқан ақпараттық-түсіндіру топтарының әртүрлі деңгейдегі мүшелерін даярлау курсының бесінші кезеңі аяқталды.
Аталмыш іс-шараға Астана қаласының және республикалық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелігіне кіретін әр түрлі сала мамандары, соның ішінде: жалпы білім беретін негізгі мектептердің директорлары мен зайырлылық және дінтану негіздері пәнінің оқытушылары, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органының өкілдері, спортшылар, азаматтық емес ұйымдардың және діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Семинар Президент әкімшілігі секторының меңгерушісі Шойкин Ғалымның «Қазақстан Республикасының Конфессияаралық саясаты: сын-тегеуіріндері, мәселелері мен шешімдері. Дін мәселелері жөніндегі АТТ тиімділігінің мәселелері: қорытындысы және болашағы» тақырыбындағы сөз сөйлеуімен қорытындыланды.
Курстың соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды, соның ішінде, бірнеше қатысушыға Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің «Республикалық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі» және «Өңірлік дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі» деген арнайы куәліктері табысталды.

Полицейлер автокөлік жүргізушілерін жолдарда барынша абай болуға шақырады

Полиция департаменті қарды жинайтын техниканың жұмысына кедергі келтірмеу үшін көлік құралдарының жүргізушілерінен көліктерін жол бойына қоймауларын сұрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Астана қаласы ПД-нің Жергілікті полиция қызметінің басқармасы жол қозғалысының қатысушыларына ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігі туралы ескертеді.


«Барлық жүргізушілерге мұқият болуға, қауіпсіз қашықтықты сақтауға, ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты жылдамдық тәртібін асырмауға шақырамыз. Тіпті, жолдарда қар болмаған жағдайда да, қазіргі ауа райы жағдайында жол-көлік оқиғасына түсу қаупі бар», — деп ескертеді ЖПҚ.


Хабарламада жүргізушілерге доңғалақтардың жол жабыны бар ілінісу коэффициентін арттыру үшін қысқы шиналарды ауыстыру қажеттігі айтылған.


«Алайда оларға толық сенудің қажеті жоқ, себебі автомобильдің тоқтау жолы шамалы ғана қысқарады. Жаяу жүргіншілерге да сақ болу керек. Ол үшін жолды тек белгіленген орындарда ғана өту керек», — дейді ЖПҚ.


Бұдан басқа, тәртіп сақшылары көлік иелерінен қарды жинайтын техниканың жұмысына кедергі келтірмеу үшін көліктерін жол бойына қоймауларын сұрайды.


АИТВ мәртебесін енді сілекей арқылы анықтауға болады

ЖИТС-ны алдын алу және оған қарсы күрес орталығы АИТВ-ны анықтауға арналған жедел тестілеудің жаңа әдісін енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Тестілеу бізде жоғары сапада жүргізіледі. Біздің орталық нәтижелердің сенімділігіне кепілдік береді. Жыл сайын халықтың кем дегенде 10 %-ы тексерістен өтуі қажет. Қазір сілекей арқылы АИТВ-ны анықтау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда», – деді ЖИТС-ға қарсы күрес және оның алдын алу орталығының бас дәрігері Сәбит Әбдіраимов.

Болашақта Республикалық орталық Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, үкіметтік емес ұйымдардың жедел тестілеуіне мүмкіндік беретін жобаны жүзеге асыруға ниетті. «Дәлірек айтқанда, жүктілікті анықтау сияқты әрбір адам өз мәртебесін жылдам біле алатын болады», – деді С. Әбдіраимов.

Астанада әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы акция өтті

25 қарашада елордада Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күніне орай «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» атты республикалық акция басталды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Біріккен Ұлттар Ұйымы, Астана әкімдігі, Қазақстанның Ұлттық еріктілер желісі және Астана қаласы ПД ЖПҚ бірлесіп ұйымдастырған іс-шарада балаларға арналған шебірлік сабақтары, жас ұжымдардың өнер көрсетуі, «Mega silk way» СОСО келушілер арасында ағарту жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, әр келуші өз қалауы бойынша акцияның инстаграм рамкасына суретке түсіп, оны өзінің парақшасына #Услышьтеменя хештегімен жарияласа болады.
«Бізге әлі де әйелдерге қарсы көрсетілетін зорлық-зомбылықтын ауқымы белгісіз. Қорқыныш, адамдардың сеніміне күдік білдіру, ұялу деген түсінік зорлық көріп жүрген миллиондаған әйелдерді өзінің шерін тарқатуға кедергі келтіріп, үрейді күн сайын бастан кешіруге мәжбүрлейді», – деп атап өтті БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, «БҰҰ-әйелдер» құрылымының атқарушы директоры Фумзиле Мламбо-Нгкука. Акция ерлер мен әйелдер арасындағы теңдікті насихаттайды.

Өткен тәулікте 38 мың текше метрге жуық қар шығарылды

Күн сайын көшелерді тазалау жұмыстарын 100 шақты мердігер ұйым жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Астана Тазалық» ЖШС мәліметінше, 25 қарашада тазалау жұмыстарына мамандандырылған техниканың 693 бірлігі жұмылдырылды. Қала көшелерін қардан тазартуға шыққан жол жұмысшыларының саны – 278 адам. 25 қарашада 37921 текше метр қар шығарылды.

«Астана Тазалық» 16437 текше метр қарды шығарса, қалған мердігер ұйымдар – 19646, «Зеленстрой» АҚ – 1838 текше метр қарды қала сыртына жеткізді. 25 қарашада құм-тұз аралас қоспаның 425 текше метрі себілді. 16 қазан мен 25 қараша аралығында қала сыртына шығарылған қардың көлемі 332658 текше метрді құрайды.

Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша Астананың iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.

Сондай-ақ, iKomek орталығына келесі әдістер бойынша хабарласуға болады.
Telegram-дағы: t.me/astanaikomek109_bot чат-боты
Әкімдіктің astana.gov.kz сайты
Әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды #astana109 хештегімен белгілеу:
Facebook www.facebook.com/astana109/
Instagram www.instagram.com/astana109/
Telegram-канал t.me/astana109112